«Fingramota Online» мобильді қосымшасының «Қаржылық пирамидалар және қаржылық алаяқтық» бөлімі арқылы қаржылық қызметтерді тұтынушылар қаржылық пирамидалар туралы ғана емес, сонымен бірге олар кездестірген әртүрлі күмәнді схемалар туралы да айтады. Соңғы айда алаяқтықтың үш түрі бойынша ақпарат келіп түсті.
Fingramota.kz олардың әрқайсысын толығырақ қарастырып, қаскөйлерің тұзағына түспеу туралы кеңестер береді.
Жалған кредиттер
«Менің атым Сергей, мен кредитті рәсімдеу бойынша кеңесшімін. Біз kazahcredit жеке қорынан боламыз. Бізде 1 сағат ішінде 300 мыңнан 6 млн теңгеге дейін соманы рәсімдеуге болады. Мөлшерлемесі жылдық 13%. Мерзімі 5 жылға дейін. Ақшаны картаға, әмиянға алуға болады», - мұндай жіберілімді WhatsApp немесе Telegram арқылы 2022 жылғы сәуірде Қазақстанның бір өңірінің тұрғындары +370-тен басталатын нөмірден алды (бұл Литваның телефон коды).
Осы «қордың» өкілдері өздерінің жарнамаларында кредиттік тарихтың нашарлығына және басқа банктердегі мерзімін өткізіп алуларға қарамастан барлық клиенттермен жұмыс жасайтындықтарын айтты.
Кері байланыс алу үшін алаяқтар «Сіздің аты-жөніңіз?», «Сізді қандай сома қызықтырады?» деген сауалдар қояды. Яғни, алаяқтар жедел түрде ақшаға мұқтаж әлеуетті клиенттерді диалогқа тартуға тырысады. Көптеген азаматтар күдікті нөмірді бұғаттап, хабарламаны елемеуі мүмкін, бірақ кейбіреулері оған жауап береді. Содан кейін алаяқтар құрбанның нөмірін өз базасына сақтап, нүктелік шабуыл жасай бастайды.
Жалған кредиттерді жедел тез әрі оңай рәсімдеу - қаржылық алаяқтықтың бір түрі. Оның мәні - адамдарға көп күш жұмсамай кредит алуға кепілдік берілетініне сену. Кредитті қашықтан және ең аз құжаттар пакетімен рәсімдеуге болатындығы тартымды. Азаматтар алаяқтарға қажетті ақпаратты бергеннен кейін, қаскөйлер оны жалған кредиттерді ресімдеу, онлайн немесе мобильдік банкингтегі жеке кабинетті бұзу үшін пайдалана алады, осылайша басқаның банктік шоттарына толық қол жеткізе алады.
Қауіпті сауалнамалар
Алаяқтар әлі де фишингтік сайттарда адамдарды жалған сауалнамалармен алдап келуде. «Fingramota Online» пайдаланушысы 100 мың теңге сома субсидия ұсынылатын Қазақтелекомның сайтына апаратын сілтеме жіберді делік. Оны алу үшін төрт қарапайым сұраққа жауап беру қажет, жүлде қорабын таңдап, сайтқа дербес деректеріңізді енгізіп, сілтемені достарыңыз бен таныстарыңыздың арасында таратуыңыз керек.
Фишингтік бетте алаяқтар қазақстандық телекоммуникация операторының логотипін, сондай-ақ компания қолданатын түстер реңдерін пайдаланған. Алайда мұқият пайдаланушылар сауалнама Қазақтелекомның ресми интернет-ресурсында жүргізілмейтінін, сайттың домені түсініксіз әріптер мен сандардан тұратынын байқайды. Сонымен қатар, сауалнамадан кейін шетелдік аты-жөндерімен пайдаланушылардың пікірлері келтірілген, бұл фейктің айқын белгісі. Сондықтан мұндай пікірлерге сенбеңіз.
Осы ақпаратты пайдалана отырып, интернет-алаяқтар:
- сіз қай қалада тұратыныңызды, провайдеріңіздің кім екенін анықтауы;
- сіз туралы мүмкіндігінше көп ақпарат табу үшін интернеттегі әрекеттеріңізді бақылауы;
- кейбір сайттарды фишинг көшірмелеріне және басқаларына ауыстыру арқылы Желіге кіру параметрлерін өзгертуі мүмкін.
Жалған қоңыраулар
«Fingramota Online» мобильді қосымшасының тағы бір пайдаланушысы телефон алаяқтығына тап болды. Оған ҚР Ұлттық Банкінің клиенттерді қолдау орталығының өкілі ретінде қоңырау шалып, растау құжаттары ретінде мессенджер арқылы олардың скриндерін жіберген.
Қаскөйлер телефон арқылы өзін ҚР Ұлттық Банкінің қаржы бақылаушысы ретінде таныстырды. Ол өзінің «клиентіне» алаяқтық әрекеттердің құрбаны болғанын және банктік қызмет көрсету шартына сәйкес қаржы активтерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жеке шоттың бірыңғай нөмірін «жаңарту рәсімін» орындау қажет екендігін хабарлады.
Егер сіз қоңырау шалған бейтаныс адамдардың нұсқаулығымен бәрін жасасаңыз, онда өз ақшаңызды оларға өз қолыңызбен бергеніңіз. Тиісінше, өтірік ашылған кезде, ешкім сіздің қаражатыңызды, тіпті құқық қорғау органдары да сізге қайтара алмайды.
Банк қызметкерлері сізді қауіпсіз шоттарға ақша аударуға мәжбүрлеу, сондай-ақ сіздің жеке деректеріңізді нақтылау үшін ешқашан бірінші болып қоңырау шалмайтынын есте ұстаған жөн. Сонымен қатар, жеке тұлғалар үшін ақша операцияларын жүргізбейтін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің өкілдері ешқашан телефон арқылы қоңырау шалмайды.
Толығырақ "Абайлаңыз, алаяқтар" бөлімінен оқыңыздар
«Стоп-кредит»: ол қалай жұмыс істейді және алаяқтардан қорғай алады ма
Жинақтауға арналған сақтандыру – оны қалай пайдалануға болады
Zakon.kz порталы Интернет және қаржылық алаяқтыққа қарсы іс-қимыл бойынша конференцияны ұйымдастырды...
Қаржылық сауаттылықты арттыру жөніндегі сараптамалық кеңес құрылды
Жеке сот орындаушылары "қол сұғылмайтын" банк шотын бұғаттауға құқылы ма?
«Қол сұғылмайтын» шот туралы алты факт