2 қаңтарда Мемлекет басшысы экономикалық өсуді қалпына келтіруге қатысты Заңға қол қойды. Бұған дейін Қазақстан Республикасы Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру кезінде қабылдаған міндеттемелерге сәйкес шетелдік банктер еліміздің аумағында филиалдарын аша алады. Осылайша, шетелдік банктер, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары және сақтандыру брокерлері филиалдарының қызметін реттеу жөніндегі талаптарды қосымша күшейтетін заңнамалық база қалыптастырылды. Заңнамалық база Қазақстан Республикасының аумағында шетелдік қаржы ұйымдарының филиалдарын ашу, қызметін жүзеге асыру рәсімдері бойынша талаптарды да нақтылайды.
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының орынбасары Олег Смоляковтың айтуынша, Заң шетелдік банк филиалын ашқан кезде оның отандық қаржы ұйымдарына белгіленген мына талаптарды сақтауын көздейді: лицензиялау, пруденциялық нормативтерді сақтау, депозиттерді сақтандыру жөніндегі талаптарды сақтау және басқалары. «Әдетте филиалдарды ашуға рұқсат жоғары рейтингі бар банктерге ғана берілуге тиіс болатын.
Бұл - әлемдік практика. Еліміздің аумағында шетелдік банктің филиалын ашқан кезде оның ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі Standard & Poors рейтингтік агенттігінің «ВВВ» рейтингінен төмен емес немесе Moody's Investors Service немесе Fitch агенттіктерінің сондай деңгейдегі рейтингі болуға тиіс»-, деді Олег Смоляков.
Қаржы реттеушісі Төрағасының орынбасары шетелдік банктер жүзеге асыра алатын операцияларды да атап өтті. Бірақ Қазақстан Республикасының аумағында қаржылық қызметін бастамас бұрын шетелдік банк филиалын ашуға рұқсат алуға, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясында есептік тіркеуден өтуге және Агенттіктің тиісті лицензиясын (барлық мемлекеттік қызмет бір өтініш негізінде көрсетіледі) алуға тиіс.
Шетелдік банктің филиалы мыналарды жүзеге асырады:
Олег Смоляковтың ақпараты бойынша шетелдік қаржы ұйымы филиалының басшы қызметкерлерінің құрамында Қазақстан Республикасының кемінде 2 азаматы болуға тиіс. Шетелдік қаржы ұйымның филиалы басшысының жоғары білімі, мінсіз іскерлік беделі болуға, өтелмеген немесе алынбаған соттылығы болмауға, тізбесін уәкілетті орган белгілейтін халықаралық қаржы ұйымдарында еңбек өтілінің және (немесе) қаржы ұйымдарына аудит жүргізу жөніндегі қызметтері болуға міндетті.
О.Смоляков хабарлағандай, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің жиынтық активтерінің сомасы 20 млрд АҚШ доллары баламасындағы сомадан кем болмауға тиіс. «Филиалдардың жарғылық/меншікті капиталы болмағандықтан, олардың баламасы ретінде тәуекелдерді өтеу, төлем қабілеттілігінің орнықтылығын қамтамасыз ету және клиенттердің құқықтарын қорғау кепілдігі мен шарасын білдіретін резерв ретінде қабылданатын тиісті актив пайдаланылады. РҚА Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі корреспонденттік шотта орналастырылады және филиал қызметінің кезеңі ішінде 10 млрд теңге мөлшерінде алынбайды».
Шетелдік қаржы ұйымдарының филиалдары банктерге қойылатын пруденциялық нормативтердің және сақталуға міндетті өзге де талаптардың толық тізбесін сақтауға міндетті болады.
Атап айтқанда, нормативтер кредиттік, операциялық және нарықтық тәуекелдерді (РҚА жеткіліктілік коэффициенттері) өтеу үшін капиталдың жеткілікті деңгейін ұстап тұруға;
- қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді міндеттемелерді өтеу үшін өтімділікті қолдауға;
- банктердің резиденттерден тартылған қаражатты ел ішіндегі активтерге орналастыруын ынталандыруға (банктер қаражатының бір бөлігін ішкі активтерге орналастыру коэффициенттері);
- кредиттік тәуекелдің шоғырлануын шектеуге (бір қарыз алушыға тәуекелдің ең жоғары мөлшері), бейрезиденттер алдындағы қысқа мерзімді міндеттемелер мөлшерін шектеуге (бейрезиденттер алдындағы қысқа мерзімді міндеттемелер бойынша банктерді капиталдандыру коэффициенті) және валюталық тәуекелді шектеуге (ашық валюталық позиция лимиттері) бағытталған.
Пруденциялық нормативтерді есептеу филиал қызметінің ерекшелігі ескеріле отырып жүзеге асырылады.
«Шетелдік банктер филиалдарының дабыл беруші фактор ретінде маңызы зор, себебі филиалдардың келуінің негізгі себебі «клиенттің соңынан ілесу» болып табылады. Бұл шетелдік банктер филиалдарының шетелдік инвестицияларды қабылдаушы ел экономикасының түрлі секторына тартуына ықпал ете алады» -, деп тұжырымдады О.Смоляков.
«Жаңа жылдық фейктер»: мереке қарсаңындағы қарбаласта алаяқтардың қақпанына түспеу жолдары
AQYL дегеніміз не және білім беру депозитін онлайн қалай ашуға болады
Егер сізде бірнеше кредитіңіз болса: оларды мерзімінен бұрын қалай дұрыс өтеуге болады
Онлайн-сақтандыру дегеніміз не және сақтандырушылар балаларға қандай өнімдерді ұсынады?
Жеке сот орындаушылары "қол сұғылмайтын" банк шотын бұғаттауға құқылы ма?
Криптовалюта дегеніміз не және ол қайда пайдаланылады?