Әскерге күзгі шақыру – 2025: кредиттік міндеттемелер жөнінде әскери қызметшілерге арналған жаңалықтар

time 5.09.2025
aye 805
Әскерге күзгі шақыру – 2025: кредиттік міндеттемелер жөнінде әскери қызметшілерге арналған  жаңалықтар

Елімізде күзгі мерзімді әскери қызметке шақыру басталды. Қорғаныс ведомствосының мәліметінше, 1 қыркүйектен 31 желтоқсанға дейін Қарулы күштер мен басқа да күш құрылымдарына 18 бен 27 жас аралығындағы 22 мыңға жуық азамат жіберілетін болады. 

Әскерге шақырылушылардың көбінде кредиттік  міндеттемелер мәселесі туындайды.   Fingramota.kz әскерге шақырылушылар үшін қандай заңнамалық нормалар күшіне енгенін және мемлекет әскерге шақырылушыларға қалайша қолдау көрсететінін айтып береді. 

Қарыздар бойынша төлем мерзімін кейінге қалдыру: заң әскерге шақырушыларды қорғайды 

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (бұдан әрі – Агенттік)
2024 жылғы тамыздан бастап «Банктер және банк қызметі туралы» және «Микроқаржылық қызмет туралы» заңдарға енгізілген түзетулер күшіне енгені жөнінде еске салады, түзетулермен банктер мен микроқаржы ұйымдарының мерзімді әскери қызметін өткеруші қызметшілерге банктік қарыздар мен микрокредиттер бойынша төлемдерді кейінге қалдыру міндеті бекітілді.

Бұл кейінге қалдыру әскери қызмет өткерудің барлық мерзіміне және ол аяқталғаннан кейін 60 күнге қолданылады. Осы кезеңде негізгі борыш пен пайыздарды өтеу тоқтатылады, сондай-ақ кредит бойынша сыйақы есептелмейтін болады. 

Ең бастысы — әскерге шақырылушыдан ешқандай өтініштер беруге, кредиторларға баруға немесе қосымша қағаздарға қол қою талап етілмейді. Барлығы автоматты түрде жасалады. 2025 жылғы шілдедегі жағдай бойынша 23 009 адам мерзімді қызметін өткеруде, оның ішінде 20 774 әскери қызметші қарыздар бойынша кейінге қалдыру алды. Яғни, әскерге шақырылушылардың 90%-дан астамы қарыздар бойынша кейінге қалдыруды пайдаланды.

Бұл ретте, кредитор кредит бойынша төлемді кейінге қалдыруды автоматты режимде ұсынбаған жағдайда, қарыз алушы/әскери қызметші кредиторға тиісті өтінішпен жүгінуге құқылы екендігін атап өтеміз. Мәселе кредитормен реттелмеген жағдайда, әскери қызметші сондай-ақ Агенттікке жүгінуге құқылы.

Білгеніңіз маңызды! Егер кредит бойынша сот шешімі, атқарушылық жазба немесе борышты өтеу туралы бітімгершілік келісім шығарылып қойған болса, онда бұл шешімдер «Атқарушылық іс жүргізу туралы» заң шеңберінде мерзімді әскери қызмет кезеңіне тоқтатыла тұрады.

Жаңа өзгерістер: мерзімді әскери қызметін өткерушілерге ешқандай  жаңа кредиттер берілмейді 

2025 жылдың жазында тағы бір маңызды заң қабылданды. 2025 жылғы
31 тамыздан бастап банктер мен микроқаржы ұйымдарына мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерге қызметті өткеру мерзіміне кредиттер мен микроқарыздар беруге тыйым салынады.

Бұдан былай кредит алуға өтініш берген кезде банктер мен МҚҰ кредиттік бюро арқылы жас адамның мәртебесін тексеруге міндетті. Егер кредиттік есепте «мерзімді әскери қызметші» мәртебесі көрсетілсе, кредит берілмейтін болады. 

Аталған тетікті іске асыру үшін Агенттік 2025 жылғы 20 тамызда № 34 қаулы қабылдап, ол Қорғаныс министрлігі мен кредиттік ұйымдар арасындағы мәліметтер алмасу тәртібін бекітіп берді. Әскерге шақырылушының кредиттік есебінде әскерге шақыру туралы бұйрықтың күні мен қызметтен босатылғаннан кейін жеке құрамның тізімдерін алып тастау күні көрсетіле отырып, енді оның мәртебесі автоматты түрде тіркеліп тұрады. 

Бұл шешімнің екі мақсаты бар:

1.    Әскери қызметшілерді шамадан тыс кредит алу тәуекелінен қорғау.

2.    Әскерге шақырылушылардың жиі жағдайда қарыздарды төлеуге көмектесуге мәжбүр болатын отбасыларына түсетін жүктемені азайту.

Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, мерзімді әскери қызметке шақырылған әскери қызметшілер әскери-оқытылған резервтің негізін құрайды. Бұл дегеніміз, қажет болған жағдайда елдің аумақтық тұтастығын қорғау үшін дәл осы қызметшілердің жұмылдырылуы мүмкін екенін білдіреді. Сондықтан мемлекет әскери қызметті құрметті міндет етіп қана қоймай, сонымен қатар қосымша қорғау мен қолдауды қамтамасыз етуге тырысады. Әскерге шақырылушылар қызмет кезеңінде олардың кредиттерінің уақытша тоқтатылып тұрғанына сенімді болған уақытта қызметті өткеру алаңсыз әрі біршама оңай өтеді.

Толығырақ "Кредиттер" бөлімінде оқыңыз

white-arrow Тізімге