Биыл жыл басынан бастап банктік қарыздар мен микрокредиттерді алудан ерікті түрде бас тартуды – «Стоп-кредит» сервисін Қазақстанда 855,6 мың азамат орнатты.
Fingramota.kz осы қызметтің артықшылықтарын еске түсіріп, сондай-ақ кибергигиена қағидаларымен бөліседі.
«Стоп-кредит» сервисі не үшін қажет
Азаматтарды алаяқтық кредиттерден қорғау үшін Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (Агенттік) 2024 жылғы ақпаннан бастап банктік қарыздар мен микрокредиттер алудан ерікті түрде бас тартуды не оны алуды белгілеу жөнінде заңнамалық түзетулер қабылдады. Мұны электрондық цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) пайдалана отырып, «электрондық үкіметтің» веб-порталы немесе eGov mobile қосымшасы арқылы жасауға болады.
«Стоп-кредит» клиенттік қосымшаны бұзған жағдайда да қаржылық қызметтерді тұтынушыларды қорғауға мүмкіндік береді. Егер сіз осы қызметті белсенді етсеңіз және сіздің атыңызға алаяқтар банктік қарызды немесе микрокредитті заңсыз ресімдеген болса, онда банк немесе МҚҰ оны есептен шығаруға міндетті болады. Мұндай норма Агенттіктің бастамасы бойынша 2024 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді.
Кредит беруге тыйым салуды кез келген мерзімге шексіз рет орнатуға және алуға болады. Банктер мен микроқаржы ұйымдары (МҚҰ) қызметті белсендіру туралы ақпаратты бірден алады, бұл қарыз алушының кредиттік тарихында көрсетіледі. Егер бас тарту белгісі болса, кредиттік ұйым клиентке жаңа кредит бермеу туралы автоматты түрде шешім қабылдайды.
Бұл қызметті басқа адамға қосу мүмкін емес екенін ескеру маңызды – әрбір адам мұны өз бетінше жасауы керек. Сондықтан шамалы ақыға «Стоп-кредит» сервисін орнатуды ұсынатын әр түрлі «делдалдарға» сенбеген жөн.
«Стоп-кредит» сервисінің артықшылықтары:
сервис сіздің дербес деректеріңізді сенімді түрде қорғайды;
алаяқтар сізге кредитті ресімдей алмайды, себебі сізде дербес кредиттік есебіңізде көрсетілген тыйым бар;
егер сіз ұзақ уақытқа елден кететін болсаңыз, онда «Стоп-кредит" – өзіңізді зиянкестерден қорғаудың жақсы мүмкіндігі, себебі шетелде болған кезде форс-мажорлық жағдайларға дереу түрде ден қою өте қиын болады;
барлығын сізге ыңғайлы кез келген уақытта онлайн режимінде жасауға болады;
банктер немесе МҚҰ сізді кредиттер мен қарыздар қызықтырмайтындығы туралы ақпаратты бірден алады.
Сервисті смартфон және компьютер арқылы қалай пайдалануға болады
«Стоп-кредитті» ресімдеу өте оңай, ол бірнеше рет басу арқылы жүзеге асырылады: eGov mobile мобильдік қосымшасында қызмет басты бетте, «Танымал қызметтер» бөлімінде ұсынылған. Әрі қарай, сіз барлық сұратылған деректерді енгізіп, ЭЦҚ көмегімен өтінімге қол қоюыңыз керек. Жеке кабинетте қызмет көрсету мәртебесін қадағалауға болады.
Егер сіз компьютер арқылы ресімдесеңіз, онда egov.kz сайтына ЭЦҚ, QR-код немесе логин мен пароль арқылы кіруге болады. Сол жақта «Сервистер» бөлімінде «Ббанктік қарыздар, микрокредиттер алудан ерікті түрде бас тарту» қызметін таңдап, «Қызметке онлайн тапсырыс беру» бастырмасын басыңыз. Мобильдік қосымшадағыдай, қызмет көрсету нәтижесін жеке кабинеттен көруге болады.
Егер сіз кредиттер беруді шектеуді алып тастағыңыз келсе, онда сіз eGov mobile қосымшасында немесе электрондық үкіметтің сайтында сондай әрекет алгоритмін орындайсыз, бірақ «Жазылудан бас тартқыңыз келе ме?» деген сұраққа «Иә» бастырмасын басып, электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдаланып қызметке қол қою керек.
Толығырақ "Кредиттер" бөлімінен оқыңыздар
Zakon.kz порталы Интернет және қаржылық алаяқтыққа қарсы іс-қимыл бойынша конференцияны ұйымдастырды...
«Стоп-кредит»: ол қалай жұмыс істейді және алаяқтардан қорғай алады ма
Жеке сот орындаушылары "қол сұғылмайтын" банк шотын бұғаттауға құқылы ма?
Қаржылық сауаттылықты арттыру жөніндегі сараптамалық кеңес құрылды
«Қол сұғылмайтын» шот туралы алты факт
Телефонды жоғалтқан кезде немесе оны ұрлағанда не істеу керек