Қазақстандық пайдаланушылар өздерінің посттары мен түсініктемелерінде Fingramota.kz. аккаунтын белгілей отырып, қашықтан кіру бағдарламаларының көмегімен алаяқтық оқиғаларымен бір-бірімен белсенді түрде бөлісуде.
Бұл утилиталар дегеніміз не және киберқылмыскерлердің құрбаны болмау үшін не істеу керектігі туралы толығырақ қарастырайық.
Егер сіз алаяқтарға өзіңіздің гаджетіңізге жол ашып берсеңіз, не істеу керек?
Әлеуметтік инженерия арқылы ұрланған ақшаны қайтару қиын, бірақ тырысу керек. Сонымен, егер сіз алаяқтардың құрбаны болсаңыз, онда міндетті түрде:
- AnyDesk қосымшасын немесе оған ұқсас қосымшаларды гаджеттен алып тастаңыз. Өзіңіз құрылғыңызда шпиондық қосымшаларды анықтай алмағандықтан, оны тексерілген IT-маманына көрсетіңіз, не зауыттық теңшеуге дейін жүйені ажыратыңыз;
- өзіңіз қызмет көрсететін банкке хабарласыңыз, алаяқтық жағдайы туралы хабарлаңыз және алаяқтар кіре алатын төлем құралдарын бұғаттауды сұраңыз;
- құқық қорғау органдарына өтініш беріңіз.
Дербес деректеріңізді жоғалтпау үшін қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз:
№1 ереже . Ешқашан бейтаныс адамдарға құрылғыларыңызға кіруге рұқсат бермеңіз және гаджетіңізге ешқандай қосымшаларды жүктемеңіз!
№2 ереже. Ешқашан онлайн-банкингтің құпиясөздерімен немесе басқа да дербес және төлемдік ақпаратпен ешкіммен бөліспеңіз!
№3 ереже. Қаржылық және цифрлық сауаттылығыңызды арттырыңыз!
Толығырақ «Абайлаңыз, алаяқтар» бөлімінен оқыңыздар
Банктік шоттар, кредиттер және цифрлық активтер: иесі қайтыс болғаннан кейін не болады?
Бір басумен ақша: алаяқтар мессенджерлерде қалай алдайды
Қате ақша аударымы, не істеу керек: қадамдық нұсқаулық
Әдемі өмірдің бағасы: әлеуметтік желілер біздің шығындарымызға қалай әсер етеді
Жеке сот орындаушылары "қол сұғылмайтын" банк шотын бұғаттауға құқылы ма?
Алаяқтар жасанды интеллектіні барған сайын жиі қолдануда: алданып қалмау үшін не істеу керек
Қарызды өтеудің ыңғайлы тәсілі: төлем кестесін есептеу, өтініштер беру және құжаттарға қол қою
Finkelisim жаңа платформасы несие берешегін реттеу ережелерін қалай өзгертеді