Fingramota.kz ұжымы «Қ. Иманәлиев атындағы мүмкіндігі шектеулі адамдардың құқықтары жөніндегі комиссия» ҚБ төрағасы Вениамин Алаевтың мезгілсіз қайтыс болуына байланысты оның туған-туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады.
Вениамин Алаев Қазақстандағы инклюзивті ортаның дамуына елеулі үлес қосты. Бізді оның жанқиярлығы, еңбекқорлығы, алдына мақсат қоя білу қасиеті, үлкен және мейірімді жүрегі, жалпы мақсатқа – мүгедек адамдарға көмек көрсету және олардың құқықтарын қорғау, оларға қаржылық қолжетімділікті жақсарту бойынша жағдайлар жасауға қол жеткізу үшін әр түрлі көзқарастағы адамдарды бірге шоғырландыру қабілеті әрқашан тәнті етті.
Вениамин Алаев қаржылық инклюзияны құрудың бастамашыларының бірі болды. Біз онымен осы бағытта 2020 жылдан бастап бірге жұмыс істеп, ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі жанынан жұмыс тобын құрдық. Вениамин Алаевтың белсенді қатысуының арқасында қаржы ұйымдарында кедергісіз орта құру және мүгедек адамдарды қаржы жүйесіне интеграциялау бойынша үлкен жұмыс атқарылды, оны біз іске асыруды жалғастырамыз.
Вениамин Алаевпен жұмыс істей отырып, біз баға жетпес тәжірибе алдық және одан көп нәрсені үйрендік. Ол біздің жадымызда мәңгі жарқын, мейірімді және қайырымды адам болып қалады.
Адамның цифрлық ізі: желіге әрбір кірген сайын не қалады
Инвесторға салық декларациясын қалай тапсыруға болады: қадамдық нұсқаулық
Автосақтандыру: 2026 жылдан бастап жүргізушілер үшін не өзгереді
Депозит: салымды қалай таңдау, жинақтарды қалай қорғау керек және кірісті жоғалтып алмау үшін не іст...
Салық шегерімдері дегеніміз не және 2025 жылы оны қалай қолдануға болады
Қаржылық пирамидалар: жылтыр сыртқы көріністің астарындағы алаяқтықты қалай тануға болады
Қарызды өтеудің ыңғайлы тәсілі: төлем кестесін есептеу, өтініштер беру және құжаттарға қол қою
Finkelisim жаңа платформасы несие берешегін реттеу ережелерін қалай өзгертеді