Пластикалық карталардың жұмысын қамтамасыз ететін қауіпсіздік жүйелерін жетілдіруге қарамастан оларды қолдану кезіндегі ақша қаражатын жоғалту тәуекелі әлі де жоғары болып қалуда. Интернеттегі алаяқтықтың неғұрлым жиі кездесетін себебі – пайдаланушылардың мұқиятсыздығы не киберқауіпсіздік қағидалары жөніндегі білімнің жеткіліксіздігі.
Mastercard, Accenture және Group-IB компаниясының зерттеулер деректеріне сәйкес төлем карталарымен байланысты алаяқтық нарық көлемі 2020 жылы 5,2 млрд АҚШ доллары белгісіне жетті. Болған оқиғалардың 41%-ы жағдайында картаны ұстаушы ақшаны алаяқтарға өз қолымен аударған. Кибершабуылдар, вирустарды және фишингтік бағдарламаларды қолдану жиынында карта өнімдерімен алаяқтықтан болатын барлық әлемдік шығындардың бар-жоғы 29%-ның себебі болады. Мұндай жағдайлардың басым бөлігінде (84,5%) пайдаланушы өзінің құрылғысына кіруді ұсынған немесе зиянды бағдарламаларды дербес орнатқан. Статистикаға жүгінсек, төлем карталарымен байланысты қылмыстардың ашылуы 8%-дан аспайды. Ұлттық Банктің деректері бойынша 2020 жылы Қазақстанда 2 млн астам жаңа төлем карталары шығарылып, пайдаланушыларға берілді. Ал эпидемиологиялық жағдайды ескерумен жарты миллионға жуық азаматтарымыз «қолма-қол емес ақшаға» көшуге мәжбүр болып, банк карталарын бірінші рет алған, бұл, әрине, олармен жасалатын алаяқтық әрекеттердің тәуекелін арттырады.
Сіздің банк картаңызбен қандай операциялар жасауға және, бастысы, жасауға болмайтынын білуге тырысайық.
Басты сұрақ – қалай?
Сіздің картаңыздың деректерін алудың ескі, бірақ әлі қолданыстағы тәсілі – бұл телефон қоңыраулары. Алаяқтар өздерін банк қызметкерімін деп жиі алдайды, сіздің шотыңызға хакерлік шабуыл жасаймын деп қорқытады және сіздің төлем картаңыздың деректемелерін хабарлауды талап етеді.
Бастысы, нені есте сақтау керек – банктер ешқашанда бірінші болып және телефон қоңырауларының көмегімен бастама жасамайды, себебі банктік карта және оның деректері туралы ақпарат банктік құпия туралы заңда қорғалатын мәліметтер санатына жатады. Тіпті, егер сіздің картаңызға немесе шотыңызға қатысты жағымсыз жағдай болса, банк оларды бұғаттайды, бұл туралы сізді SMS немесе мобильдік қосымша арқылы хабардар етеді. Және сіз банктің инфрақұрылымының ішінде екеніңізді, яғни оның қорғауында екеніңізді біле отырып, банкпен өзіңіз хабарласасыз.
Сондай-ақ, Касперский зертханасының зерттеу деректері бойынша шамамен әрбір үшінші Қазақстандық алаяқтықтың осындай түріне ұсынып қалады. Неғұрлым жоғары тәуекел тобында – карт азаматтар және қаржы нарығына енді ғана кірген жастар. Әдетте, олар телефон алаяқтарының құрбандары болып қалады.
Карточка деректерін алудың екінші кеңіне таралған тәсілі – электрондық пошта бойынша тарату. Әдетте хат банктен деген желеумен, төлем картасында көрсетілген деректерді, иесінің атын, қолданыс мерзімін және қорғаныш кодын хабарлауды талап ете отырып жіберіледі. Себеп ретінде сіздің интернет-банкингіңізді бұзудың алдын алу үшін, қорғанышты күшейту, қайта тіркеу, деректерді қорғаудың жаңа моделіне өту және т.с.с. үшін картаның деректерін ұсыну қажеттілігі көрсетіледі. Алаяқтар осындай хаттарды тарата отырып, сізге қызмет көрсететін банктің поштасының атын, домендік аттарын пайдалануы мүмкін.
Егер сіз электронды поштаңызға төлем картаның мәліметтері бар нысанды толтыру немесе басқа конфиденциалды ақпаратты ұсыну туралы хат алсаңыз, ешбір жағдайда оған жауап бермеңіз.
Ең дұрысы – бұл жөнінде өз банкіңіздің қауіпсіздік қызметіне хабарлау, олар өздері тергеу амалдарын жүргізеді және алаяқтардың поштасын бұғаттайды.
Парольдерді ұрлау және құпия ақпаратты жинау үшін алаяқтар спам – жіберілімдерді немесе жалған сайттарды пайдаланады. Мұндай сайттарда зиянды бағдарламалар болуы мүмкін, олар орнатқаннан кейін құрылғы және пайдаланушының әрекеттері туралы деректерді жинап, бұл ақпаратты алаяқтарға жібереді. Сондай-ақ, сіз пошта немесе SMS-хабарламалар арқылы келген таныс емес сілтемелерді және таныс емес дереккөздерден электрондық пошта арқылы келген файлдарды ашпауыңыз керек.
Төлем карточкасы жоғалған, ұрланған, банктік шотқа ақшаны қате алған немесе аударылған, рұқсатсыз төлем жасалған кезде немесе егер сіз қаржылық алаяқтардың алдауына түскен және оларға өз деректеріңізді ұсынған болсаңыз, онда сіз дереу банкке хабарласып, төлем карточкаңызды бұғаттауыңыз қажет. Сіздің картаңыздан қаражат ұрланған жағдайда дереу құқық қорғау органдарына хабарласу қажет.
Желі арқылы сауда жасау алдында ойланыңыз
ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің ақпараты бойынша 2020 жылы интернет-дүкендер арқылы сатып алулар саны өткен кезеңмен салыстырғанда 2 есеге ұлғайған. Бұл көбінесе дәстүрлі дүкендерге қарағанда Интернет арқылы сауда жасаудың тиімді екендігімен байланысты, өйткені интернет-дүкендердің үстеме шығыстары төмен болып келеді және сәйкесінше өнім құны да төмен болады.
Онлайн-мәмілелер жасаудың жүз пайызға өсуі көп нәрсені білдіреді. Алайда, кемшіліктер де жоқ емес, олар көбінесе киберқауіпсіздік пен желідегі алаяқтыққа қатысты болып келеді. Сондықтан, желіде кез келген қаржылық операциялар жасау кезінде екі есе қырағылық таныту қажет.
Белгілі және ірі дүкенді таңдаңыз. Мұндай таңдау жасау арқылы өзіңізді интернет-алаяқтықтың алдауына түсіп қалудан қорғай аласыз, дегенмен белгілі сайттардың клондары (көшірмелері) туралы әрдайым есте сақтағаныңыз жөн, сондықтан қажетті сайтқа кіргеніңізге тағы да бір көз жеткізуіңіз керек. URL-адресін мұқият тексеріп отырыңыз, әрқашан расталған сертификаты бар қауіпсіз қосылымдарды (HTTPS) қолдайтын сайттарды ғана пайдаланыңыз.
Браузердің мекенжай жолында URL алдында құлып белгісі болуы керек. Бұл сайт әдеттегі http орнына қауіпсіз https байланысын қолданады дегенді білдіреді. Цифрлардан тұратын URL-адресі бар дүкендерге сенім артпаңыз, мысалы: http://66.102.7.104@65465.51456jD% - бұлар сөзсіз алаяқтар болуы мүмкін.
Қауіпсіз интернет-дүкеннің белгілерінің бірі - төлем тәсілдерінің көптігі. Егер ақшаны тауар жеткен кезде немесе үстеме төлеммен төлеуге болатын болса тіпті жақсы. Алайда, барлық сақтық шараларын сақтай отырып, сіз сатушының ешкімді алдай қойматындығына, URL дұрыстығына көз жеткізіп, дүкен туралы сатып алушылардың пікірлерін оқыған болсаңыз ғана карта арқылы төлем жасауға болады.
Бір күндік сайттардың болатынын біліп, есте сақтаған жөн. Олар көп жағдайда сатып алушыларды нарықтағымен салыстырғанда екі есе арзан тауармен қызықтырып, дарқан акцияларымен тартады. Бұл - сіздің алдыңызда күмәнді сайттың нақты белгісі.
Сатып алушылар қолма-қол ақшамен төлем жасаған кезде фискалдық чек, тауарға арналған жүк құжатын, шот-фактура және т.б. талап етуге құқылы. Сатып алушылар тауарға ақы төлеу шотын, жүк құжатын интернет-сатушылардан талап етуге құқылы. Сатып алуды жүзеге асырғаннан кейін сізге электрондық поштаңызға тапсырыстың растамасы және шот келуі тиіс. Егер сізге мұндай деректер келмесе, онда тауарды/көрсетілетін қызметті ұсынушы компаниямен міндетті түрде хабарласуыңыз қажет, техникалық іркіліс болуы да ықтимал, алайда сіз мәмілені алаяқтардың интернет-парақшасында жасағаныңызға күдіктенуге негіз де бар шығар.
Құрылғымен сізден басқа да пайдаланушылар қолданатын жерде қоғамдық компьютерлер, интернет-кафе арқылы интернет-шопинг жасамағаныңыз абзал. Әсіресе Wi-Fi-ға қоғамдық кіру нүктесі қауіпті. Қаскөйлер бөтен адамдардың деректерін көбіне қоғамдық желілерде алуға тырысады. Бұдан басқа қоғамдық компьютерлерде клавиатурадан енгізгеннің барлығын белгілеп отыратын бағдарламалық немесе аппараттық клавиатуралық «шпиондар» орнатылуы мүмкін.
Жалпы, интернетте сатып алулар жасау үшін осындай сатып алулар үшін ғана пайдаланылатын және жалақы немесе жинақ шотына тіркелмейтін жеке банктік карта ашып қойған дұрыс. Ол картаға сатып алар алдында ғана ақша аударыңыз, қосымша қауіпсіздік үшін картаға күндізгі лимит белгілеп қойыңыз.
Алаяқтықтың құрбаны болмас үшін қарапайым қағидаларды сақтау керек:
Өзіңізді және ақшаңызды сақтаңыз, қаржылық сауаттылығыңызды Fingramota.kz-мен бірге арттырыңыз!
Фишинг, дипфейктер және QR-код: интернет-алаяқтар арасында қандай схемалар кең тараған
Жинақ күні: ақша жинауды және қаржылық мақсаттарға жетуді қалай үйренуге болады
Міндетті автосақтандыру: 2024 жылы ең жоғары төлем мөлшері қандай
Жеке сот орындаушылары "қол сұғылмайтын" банк шотын бұғаттауға құқылы ма?
Қызылорда облысы кенішіндегі көшпелі дәріс
Алматыда қаржы реттеушісінің өкілдері алаяқтардан қорғау тақырыбында педагогтерге арналған тренинг ө...