Өз өміріңізді, денсаулығыңызды және мүлкіңізді қалай қорғауға болады

time 12.05.2022
aye 6775
Өз өміріңізді, денсаулығыңызды және мүлкіңізді қалай қорғауға болады

Қазақстанда сақтандыру сыйлықақыларының 60%- дан астамы ерікті мүліктік сақтандырудың, атап айтқанда, мүлікті сақтандырудың үлесіне келеді.  Бұл, өз ғимараттарын, түрлі үй-жайларын, техникалық жабдықтарды, тіпті интерьер заттарын, жиһаздарын ерікті түрде сақтандыратын азаматтар мен кәсіпкерлер санының күннен күнге артып отырғанын білдіреді. Экономиканың тұрақсыздығы жағдайында бұл өте саналы шешім. Сонымен қатар, сақтандыру мәдениетін дамыта және арттыра отырып, өз өміріңізге, денсаулығыңызға қамқорлық жасау да маңызды.

Сақтандыру не үшін қажет және қандай сақтандыру түрлері бар екендігі жөнінде Fingramota.kz айтып береді.

Сақтандыру деген не?

Бүгінгі таңда сақтандыру – бұл, бірінші кезекте, өзіңе, өз отбасыңа және мүлкіңе деген қарым-қатынас мәдениеті. Бір сөзбен айтқанда, бізге не қымбат және құндының барлығына.

Сақтандыру сізді және сіздің мүлкіңізді кез-келген тосын жағдайлардан, мәселен, өрт немесе су тасқынынан, автокөлік құралын ұрлап әкету немесе кенеттен сырқаттану және уақытша еңбекке жарамсыздықтың нәтижесінде болатын жағдайлардан қорғауға көмектеседі. Әрине, сақтандырудың болуы толық қауіпсіздікті білдірмейді, дегенмен де ол шығындарды өтеуге мүмкіндік береді және олардың салдарын барынша аз болуына сенімділік береді. Сақтандыру сөзі ағылшын тіліндегі «insurance»,  яғни «сенімділік» деген мағынаны  білдіруі бекер емес.

Біздің ешқайсымыз кездейсоқ оқиғалардан сақтандырылған жоқпыз және сақтандыру жағдайы басталған кезде ешкім бізге залалды өтемейді. Барлық шығындарды өз қалтаңыздан төлеуге тура келеді. Алайда, тиісті сақтандыру болған жағдайда сіз өзіңіздің әмияніңіз бен отбасылық бюджетіңізге ауыртпалық түсірмей, сақтандыру төлемін ала аласыз.

Сақтандыру төлем і– бұл сақтандырушы сақтанушыға (пайда алушыға) сақтандыру жағдайы басталған кезде немесе жинақтаушы сақтандыру шартында белгіленген мерзім басталған кезде сақтандыру сомасы шегінде төлейтін ақша сомасы.

Сақтандыру компаниясын таңдау кезінде неге назар аудару керек?

Қаржы реттеушісінің лицензиясының болуы. Сақтандыру компаниясы ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің сақтандыру қызметін іске асыру құқығына берген лицензиясы болған кезде ғана жұмыс істеуге құқылы. Оны тексеру үшін Агенттіктің www.gov.kz интернет-ресурсындағы «Рұқсаттар мен хабарламалар тізілімі» бөліміне өтіңіз (тізілім кестесін жүктеуге, белгілі бір компанияны табуға және лицензияның болуын тексеруге болады).

К омпани яның тарифтері. Тарифтерге назар аударыңыз. Сақтандырудың міндетті түрлері бойынша тарифтер заңнамалық деңгейде белгіленеді. Ерікті сақтандыру түрлері бойынша сіз полистің болжамды құнын сақтандыру компаниясының сайтында онлайн есептей аласыз. Сақтандыру компаниясын таңдауда толық сенімділік үшін олар ұсынатын тарифтер мен сақтандыру полистерінің құнын салыстыруды ұсынамыз.

Компанияның беделі. Беделі жақсы компанияларды таңдаңыз. Сондай-ақ, сайттан компания жайлы пікірлермен танысудың, сақтандыру қызметтерін пайдаланып көрген таныстарыңыздан сұрап-білудің де маңызы көп.

Сақтандыру шартының (сақтандыру полисінің) талаптары. Назар аударыңыз! Талаптарын оқып шықпай тұрып, ешқашан шартқа қол қоймаңыз! Сіздің сақтандырушымен қарым-қатынастарыңызды реттейтін бұл маңызды құжатпен, әсіресе, онда сақтандыру жағдайының белгілері көрсетілген тармағымен мұқият танысып шығыңыз. Сіздің сақтандырудың қандай жағдайларға қатысты қолданылатынын, ал қандай жағдайлардың сақтандыру жағдайына кірмейтінін нақты білуіңіз керек. Шартқа қол қоюдан бұрын компания өкілінен түрлі жағдайларда шығынды өтеу рәсімі туралы нақтылап біліп алыңыз, мерзімдер, франшиза мен басқа да маңызды нюанстардың болуы туралы сұраңыз.

Сақтандыруды онлайн ресімдеу кезінде абай болыңыз. Сақтандыру полисін онлайн ресімдеудің бірқатар елеулі артықшылықтары бар. Біріншіден, ыңғайлылық, екіншіден, уақытты үнемдеу. Алайда кейбір кемшіліктер де кездеседі, оның ішіндегі басты кемшілік – кибералаяқтарға тап болу қаупі. Мысалы, осы сақтандыру компаниясының сайтын қайталайтын жалған парақшаға тап болу. Сондықтан, полисті онлайн ресімдеу және сатып алудың алдында сайтты мұқият зерттеңіз. Мекенжай жолағына және қорғалған байланыс белгісіне назар аударыңыз, электрондық хатпен немесе SMS-хабармен жіберілген сілтемелер арқылы өтпей, веб-мекенжайды қолмен терген дұрыс.

Толығырақ "Сақтандыру" бөлімінен оқыңыздар

white-arrow Тізімге