Жаңа жыл қарсаңында онлайн сатып алу: алаяқтарға қалай алданып қалмауға болады

time 25.12.2023
aye 3105
Жаңа жыл қарсаңында онлайн сатып алу: алаяқтарға қалай алданып қалмауға болады

Жаңа жылдық мерекелер жақындап келеді, туыстарымыз бен жақындарымызға сыйлықтар таңдау уақыты келді және көпшілігіміз сыйлықты онлайн сатып аламыз. Онлайн сатып алудың көптеген артықшылықтары бар – бағаны бақылау және салыстыру мүмкіндігі, тиімді акциялар және уақытты үнемдеу. Дегенмен, кемшіліктері де жоқ емес – атап айтқанда, қаржы алаяқтарының алдауына түсіп қалу қаупі. 

Онлайн сатып алуды қалай қауіпсіз етуге болатынын Fingramota.kz-пен бірге қарастырайық. 

Онлайн сатып алу кезіндегі алаяқтардың кең таралған амалдары 

№ 1 Схема. Уақытша сайттар. Әдетте, алаяқтар уақытша сайттар жасайды және сатып алушыларды мерекелік сатылымдар арқылы тартады. Әрі қарай, олар тікелей қоңырау шалу немесе мессенджерлер арқылы хат алмасу арқылы тікелей байланыс жасайды. Алаяқтар адамдарды ғажайып жеңілдіктермен, мысалы, танымал тауарлардың бағасын 80-90%-ға түсіріп, зат саны шектеулі және бұл науқан бүгін ғана жарамды деп еліктіреді. Сіз тауар үшін алдын ала төлемді аударғаннан кейін алаяқтар байланысқа шығуды тоқтатады.

№ 2 Схема. Қосарлы веб-сайттар. Алаяқтар танымал сайттардың атын жамылып, жасырынуы мүмкін және мұқият тексермесе, сатып алушы айырмасын байқамай қалады. Бұл баннердегі немесе атауындағы шамалы айырмашылық болуы мүмкін. Әдетте, мұндай қосарланған сайттарда алаяқтар белгілі бір жеңілдік алу үшін өз тауарлары немесе қызметтері туралы сауалнаманы толтыруды сұрайды. Жеке деректеріңізді енгізгеннен кейін олар сіздің жеке және банктік деректеріңізге қол жеткізе алады.

№ 3 Схема. Жосықсыз сатушылар. Сіздің үмітіңіз әрқашан ақтала бермейді. Бұл бағаға да, сатып алу сапасына да қатысты. Мысалы, қолданыстағы сайтта сізге өте қолайлы бағада белгілі бір өнім ұнады делік. Алайда, тауарды алған кезде оның сайттағыдан мүлде басқа көресіз. Жосықсыз сатушы сапасыз тауарды жіберіп, қайтарудан бас тартуы мүмкін. Бұл жағдайда сіз e-tutynushy.kz тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы шағымдарды қабылдау платформасына жаза аласыз, бұл платформа өтініштерді жедел қарау және тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңнаманың нормаларын түсіндіру үшін әзірленген.

Толығырақ "Абайлаңыз, алаяқтар" бөлімінен оқыңыздар

white-arrow Тізімге