Демалыс маусымы кезінде қазақстандықтар қолжетімді бағада демалу үшін ең тиімді және қолайлы жағдайларды табу мақсатында туристік операторлардың ұсыныстарын белсенді түрде зерттей бастайды.
Азаматтардың сұранысы мен қызығушылығының артуын пайдаланып, алаяқтар қызықтыратын нұсқаларды ұсына отырып, пайда табуға тырысады.
Алаяқтар нақты нені насихаттауға тырысады және олардың қақпанынан қалай құтылуға болады?
Алаяқтар өз кезегінде бастапқы төлем жасап, сонымен қатар жаңа салымшыларды тартуы керек болатын басқа қатысушыларды тарту арқылы пайда табуды немесе туристік жолдамаларға үлкен жеңілдіктер алуды ұсынады. Сіз неғұрлым көп адамды тартсаңыз, алатын жеңілдік немесе табатын пайда соғұрлым қомақты болады-мыс.
Алаяқтар туристік жолдамалар мен теңіз круиздері ойналатын түрлі лотереялар мен ұтыс ойындарына қатысуды ұсынады. Олардың сөзіне сенсек, көбірек қатысушы тартқан сайын, мүмкіндік те арта түседі.
«Круиздік клубтар» құрылады, онда қатысушыларға басқа азаматтар үшін қолжетімді емес немесе өте тартымды баға бойынша деген сыңаймен әртүрлі тауарлар немесе қызметтер ұсынылады. Бұл ретте олар міндетті «клуб жарнасын» сұрайды және тағы да «клубқа» жаңа қатысушыларды тартады.
Қаржы пирамидаларын құрушылардың құрығына түсіп қалмау үшін қаржы пирамидаларының мынадай негізгі белгілерін білу қажет:
Егер сіз өз ақша қаражатыңызды сеніп тапсырғыңыз келетін ұйымда осы аталған белгілердің бірнешеуі немесе біреуі байқалса, ондай қызметтерден бас тарту керек.
Fingramota.kz-пен бірге қаржылық сауаттылығыңызды көтеріңіз!
Салық шегерімдері дегеніміз не және 2025 жылы оны қалай қолдануға болады
Жалған брокерлер бас көтерді: өз ақшаңызды жоғалтып алмаудың жолдары
Жинақтар және кредиттер: кірістер мен шығыстарды қалай теңестіруге болады
Кешіктіруден шешімге дейін: кредиттер бойынша берешекті реттеу тәртібі қалай өзгерді
Жеке сот орындаушылары "қол сұғылмайтын" банк шотын бұғаттауға құқылы ма?
Жаңа жыл алдындағы тур: саяхатшылар үшін пайдалы лайфхактар