ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) 2020 жылғы сәуірден бастап халықпен өзара іс-қимыл жасайтын қаржы ұйымдарының және өзге де ұйымдардың жарнамалық қызметіне алаяқтық және басқа да заңсыз іс-әрекеттердің мүмкіндігі тұрғысынан жүйелі мониторинг жүргізуде.
Мәселен, 2021 жылғы шілдеде «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-қа қатысты қарыздар бойынша сыйақы мөлшері туралы ақпаратты таратқан кезде сыйақы мөлшерлемесін жариялау кезінде оны дәйекті, жылдық, тиімді, салыстырмалы есептеуде (бұдан әрі – ЖТСМ) көрсетпегені үшін айыппұл (145 850 теңге) түріндегі әкімшілік жаза қолданылды.
2021 жылғы тамызда Агенттік «Сбербанк» АҚ ЕБ-ға қатысты оны қарыздар бойынша сыйақы мөлшері туралы ақпаратты тарату кезінде ЖТСМ-ді жариялау кезінде көрсетпегені үшін әкімшілік айыппұл (145 850 теңге) салды.
2021 жылғы тамызда «Шинхан Финанс» микроқаржы ұйымы» ЖШС-ға қатысты Микрокредит беру туралы үлгілік шарттың ҚР заңнамасының талаптарына сәйкес келмеуі бөлігінде Тәртіп талаптарын бұзғаны үшін жазбаша ұйғарым жіберілді.
Шілде және тамызда бағалы қағаздар нарығы субъектілеріне, сақтандыру нарығы субъектілеріне қатысты бұзушылықтар, сондай-ақ заңсыз іс-әрекеттер және алаяқтық фактілері анықталған жоқ.
Қаржы ұйымдарының жарнамалық қызметінің мониторингі көздеріне мыналар:
Мониторинг Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында және Қазақстанның облыс орталықтарында жүргізілді.
Дереккөз: ҚНПДА сайты
Балалардың цифрлық қауіпсіздігі: киберқылмыскерлерден оларды қалай қорғауға болады
Несие тарихына не әсер етеді және оны қалай жақсартуға болады
Қаржылық инклюзияны дамыту – реттеушінің негізгі басымдықтарының бірі
«Ақшамды жоғалтып аламын ба деп қорқамын »: байланыссыз төлемдер қауіпсіз бе?
Жеке сот орындаушылары "қол сұғылмайтын" банк шотын бұғаттауға құқылы ма?
Зейнеткерлерге ескерту: алаяқтардың телефон арқылы ойлап тапқан жаңа схемалары