Биыл KazHackStan жетінші рет өтеді және бір алаңда Қазақстаннан, Орталық Азия елдерінен әрі әлемнен келген 6000-нан астам қатысушы мен 65-тен аса жетекші спикерлерді біріктіреді.
Конференция форматы ақпараттық қауіпсіздіктің негізгі қырларын толық қамтуға бағытталған: мемлекеттік реттеуден бастап тәжірибелік дағдылар мен тікелей көрсетілімдерге дейін қамтиды.
Тақырыптық үш күн
1-күн — Government & Business Day
Бірінші күн реттеу және жауапкершілік мәселелеріне арналады. Мұнда талқыланатын тақырыптар:
• киберқауіпсіздік саласындағы біліксіздікке мүлдем төзбеушілік, әсіресе мемлекеттік құрылымдарда;
• деректердің таралуы, бюджет тапшылығы және негізгі қауіпсіздік талаптарын елемеу;
• аса маңызды ақпараттық инфрақұрылымға (ААИ) рұқсатсыз пентест жүргізу мәселесі;
• қаржы секторының азаматтардың деректерін қорғауға бейжай қарауы;
• әлсіз тұстар мен ақпараттың сыртқа таралуын жасыру мәселелері қарастырылады.
2-күн — Secure Development Day
Екінші күн қауіпсіз әзірлеу тәжірибесіне және технологияларға арналады:
• қорғалған периметр моделінің өзектілігін жоғалту себептері;
• жасанды интеллект пен бұлттық шешімдердің әсерінен қауіп-қатер ландшафтының өзгеруі;
• өзгермелі ақпараттық қауіпсіздік ортасында қорғаудың жаңа тәсілдеріне ерекше назар аударылады.
3-күн — Hack Day
Үшінші күн — хакерлер мен Red/Blue Team мамандарына арналған арнайы күн. Қатысушыларды келесі іс-шаралар күтуде:
• әлемдік және өңірлік сарапшылардың мазмұнды баяндамалары;
• аймақтағы ең ірі хакерлік жарыс — CyberKumbez финалы;
• real-time бұзу көрсетілімдері, баг іздеу және кибер-шабуыл мен қорғау тәсілдерінің көрсетілімі ұсынылады.
Конференцияны киберқауіпсіздік пен цифрлық егемендік саласында аймақтық көшбасшы TSARKA Group ҚР ЦДИАӨМ Ақпараттық қауіпсіздік комитетімен бірлесіп ұйымдастырылады.
KazHackStan 2025 іс-шарасы Freedom Holding, PS.kz және Astana Hub қолдауымен өтеді. Бұл ұйымдар Қазақстандағы финтех, бұлтты сервистер және стартап-экожүйесін белсенді түрде дамытып келеді. Сонымен қатар, шараға Hewlett Packard Enterprise (HPE) – корпоративтік ІТ-шешімдер саласындағы жаһандық көшбасшы да киберфорумға қосылады.
KazHackStan — бұл тек қана конференция емес. Бұл — мемлекет, бизнес және хакерлер киберқауіпсіздік тілінде сөйлесетін ең ірі өңірлік алаң. Қазіргі заманда шабуыл — уақыт мәселесі, ал әлсіздік кез келген жүйеден табылуы мүмкін. Сондықтан мұндай кездесулер артықшылық емес, қажеттілікке айналды.
Жылдың киберфорумы: KazHackStan 2025
Әскерге күзгі шақыру – 2025: кредиттік міндеттемелер жөнінде әскери қызметшілерге арналған жаңалықт...
Салық шегерімдері дегеніміз не және 2025 жылы оны қалай қолдануға болады
Жеке сот орындаушылары "қол сұғылмайтын" банк шотын бұғаттауға құқылы ма?
Қазақстанда қарыз алушылардың құқықтары қалай қорғалып, қаржылық алаяқтықпен қалай күреседі
«Стоп-кредит»: қазақстандықтарды заңсыз кредиттерден қорғауға арналған сервис