Ағымдағы жылғы 22 қазанда Алматы қаласы Түрксіб ауданының жалпы білім беретін мектептерінің директорлары мен мұғалімдері қатысқан «Интернет-алаяқтықтың негізгі әдістері мен тәсілдері» деген тақырыпта оқыту іс-шарасы өтті. Шараны Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің қолдауымен Fingramota.kz жобасының аясында «Rahym» қоғамдық қоры ұйымдастырды.
Аталған қоғамдық қордың басшысы және Fingramota.kz жобасының бренд- амбассадоры Бибінұр Шералиева айтқандай, мұндай іс-шараларды өткізу Алматының барлық аудандарында жоспарланған.
Реттеушінің өкілдері Дмитрий Акмаев пен Ғаділбек Әкім бүгінгі таңда Қазақстанда кең таралған, азаматтарды алдаудың неғұрлым жаңа схемалары, онлайн-алаяқтыққа қарсы іс-қимыл әдістері мен тәсілдері, сондай-ақ ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің осы бағыттағы жұмысы туралы тренинг форматында айтып берді.
«Халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру Агенттіктің негізгі міндеттерінің бірі болып табылады. Біз ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізіп жатырмыз, оның негізгі құралы FinGramota.kz порталы, оқушылардан бастап зейнеткерлік жастағы азаматтарға дейінгі барлық нысаналы топты қамтуға арналған білім беру іс-әрекеттері болып табылады. Біздің сайтымызда жауапты кредиттеу, сақтандыру және бағалы қағаздар нарығына инвестициялармен байланысты тақырыптар бойынша танымдық материалдарды ақпараттық графикалармен және бейнероликтермен бірге қарапайым әрі түсінікті тілде таба аласыз. Алаяқтық пен қаржы пирамидаларына қарсы тұру мәселелеріне ерекше назар аударылады. Сондықтан FinGramota.kz сайында «Абайлаңыз: алаяқтар» бөлімі жұмыс істейді. Осы тақырып бойынша кеңес алғысы келетіндер үшін «Fingramota Online» мобильді қосымшасы жұмыс істейді, онда «Қаржы пирамидалары және қаржылық алаяқтық» бөлімі бар, сондай-ақ азаматтар
1459 нөмірі бойынша call-орталыққа жүгіне алады», - деді Ғ. Әкім.
Агенттік өкілдері «Банктік қарыздардан, микрокредиттерден ерікті түрде бас тарту» қызметі туралы ақпаратпен бөлісіп, осы сервисті іске қосу жөніндегі нұсқаулық берді және Қазақстан Ұлттық Банкінің Антифрод-орталығының жұмысы туралы айтып берді.
«Қазіргі қаржылық қызметтерді тұтынушылардың басты проблемаларының бірі қаржы өнімдерін пайдалану кезінде шешімдер қабылдауда құзыреттілік пен зейін деңгейінің жеткіліксіздігі болып отыр. Сондықтан, бір жағынан, біздің міндетіміз – жан-жақты ақпараттық және консультациялық қолдау көрсету, ал екінші жағынан – ақпаратты іздеу және онымен жұмыс істеу тұтынушылардың өз міндетіне айналады. Оған біз қуана көмектесеміз. Сонымен қатар, қазір кері байланыс берудің де, тұтынушылар үшін кез келген күрделі мәселені шешудің де тиімді тетіктері бар», - деп атап өтті Дмитрий Акмаев өз сөзінде.
Оқыту іс-шарасына Түрксіб ауданы прокуратурасының қоғамдық мүдделерді қорғау бөлімінің прокуроры, кәсіби психологтар, аудандық әкімдіктің және Алматы қаласы заң консультанттары өкілдері палатасының қызметкерлері де қатысты. Олар қаржылық алаяқтық жағдайлары мен қылмыскерлердің психологиясы туралы айтып, азаматтардың қаржылық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде кеңестер берді.
Кездесу барысында барлық қатысушылар спикерлерге сұрақтарын қойып, өздері немесе таныстары тап болған нақты кейстерді талдады.
Fingramota.kz-пен бірге қаржылық сауаттылығыңызды арттырыңыз!
Фишинг, дипфейктер және QR-код: интернет-алаяқтар арасында қандай схемалар кең тараған
Жинақ күні: ақша жинауды және қаржылық мақсаттарға жетуді қалай үйренуге болады
Міндетті автосақтандыру: 2024 жылы ең жоғары төлем мөлшері қандай
Жеке сот орындаушылары "қол сұғылмайтын" банк шотын бұғаттауға құқылы ма?
Қызылорда облысы кенішіндегі көшпелі дәріс
«Қол сұғылмайтын» шот туралы алты факт