Almaty Management University-де студенттер мен қаржы нарығы сарапшыларын біріктірген «Бағалы қағаздар нарығындағы қаржы технологиялары» тақырыбында білім беру семинары өтті.
Іс-шара барысында Fingramota.kz жобасының сарапшысы Ғаділбек Әкім Қазақстанның қаржы жүйесінің жұмыс істеуі, оның қатысушыларының құқықтары мен міндеттері және қаржылық сауаттылықты арттыру мүмкіндіктері туралы айтты. Сондай-ақ дропперлік тәуекелдерге, заңнамадағы соңғы өзгерістерге және сенімді ақпарат көздеріне ерекше назар аударылды.
Valor Capital брокерлік компаниясы директорлар кеңесінің мүшесі, қаржыгер Иван Сердюк «Қазақстан облигациялар нарығында бүгінде табыс табуға бола ма?» атты таныстырылым жасады. Спикер нарықтың қалыптасу кезеңдеріне, қазіргі жағдайына, инвесторлар үшін мүмкіндіктерге және әрі қарай даму перспективаларына жан-жақты тоқталды.
KASE Academy жетекшісі Абылай Сыздықов «Биржалық инфрақұрылым эволюциясы: цифрлық активтер платформаларына көшу» тақырыбында баяндама жасап, токенизацияның дамуы, Қазақстандағы және әлемдегі цифрлық активтер, сондай-ақ бағалы қағаздар нарығына жаңа технологиялардың енгізілуі туралы айтып өтті.
Семинар қаржылық сауаттылықты арттыруға бағытталған білім беру кездесулерінің бір бөлігі болды.
Өзекті жаңалықтарды бақылап, Fingramota.kz-пен бірге қаржылық біліміңізді арттырыңыз!
Қаржылық кесте: баланы үйретуге тұрарлық 7 әдет
Күмәнді жеткізу: алаяқтар сатып алушылар мен сатушыларды қалай алдайды
Автосақтандыру: 2026 жылдан бастап жүргізушілер үшін не өзгереді
Шетелдік нөмірлі көлік: Қазақстанда сақтандыруды рәсімдеуге бола ма
«Қол сұғылмайтын» шот туралы алты факт
Бөліп төлеу: шағын төлемдер үлкен жүктемеге айналғанда
Қарызды өтеудің ыңғайлы тәсілі: төлем кестесін есептеу, өтініштер беру және құжаттарға қол қою
Finkelisim жаңа платформасы несие берешегін реттеу ережелерін қалай өзгертеді