2025 жылғы 9 сәуірде III Халықаралық Фараби форумы аясында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Экономика және бизнес жоғары мектебінің «Қаржы» мамандығы бойынша 2-курс студенттеріне (қазақ тобы) арналған қонақ дәрісі өтті.
Дәріс спикері – Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Әлеуметтік жобалар және қаржылық сауаттылықты арттыру департаментінің бас маманы Ғаділбек Аким болды.
Дәріс барысында спикер:
- Fingramota.kz жобасының қызметі туралы егжей-тегжейлі айтып берді;
- Агенттіктің қаржы және мемлекеттік ұйымдармен, сондай-ақ елдегі жоғары оқу орындарымен ынтымақтастық бағыттарын таныстырды;
- Өткен жылғы халық пен жастардың қаржылық сауаттылығын арттыру бойынша атқарылған жұмыстардың нәтижелерін ұсынды.
Қазақстанның жоғары оқу орындарымен өзара іс-қимылға ерекше назар аударылды:
Бүгінгі таңда бес ірі университетпен ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылған. Бұл келісімдер аясында келесі іс-шаралар жүзеге асырылуда:
- семинарлар мен вебинарлар;
- қонақ дәрістері мен шеберлік сағаттары;
- келесі тақырыптар бойынша іс-шаралар: қаржылық сауаттылық, алаяқтық пен дропперлікке қарсы іс-қимыл, несие беру және сақтандыру негіздері.
Ғаділбек Аким сондай-ақ Агенттіктің Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-мен ынтымақтастығының маңыздылығын атап өтті. Оның аясында «Қаржылық сауаттылық: баршаға арналған практикалық курс» атты оқу-әдістемелік құрал әзірленген, онда қаржылық алаяқтыққа қарсы іс-қимыл мәселелеріне арналған жеке бөлім бар.
Дәріс соңында спикер студенттердің сұрақтарына жауап беріп, қатысушылар арасында қызу қызығушылық пен белсенді пікірталас тудырды.
«Мен өзім ақша аудардым»: алаяқтар қалайша адамдарды миллиондаған ақша беруге мәжбүрлейді
Автосақтандыру: 2026 жылдан бастап жүргізушілер үшін не өзгереді
«Қол сұғылмайтын» шот туралы алты факт
Бағалы қағаздар бойынша кірістер және оларға салық салу: инвесторға нені білу маңызды
Ипотеканы зейнетақы жинақтарынан өтейміз: жаңа тәртіп және сіздің мүмкіндіктеріңіз
Сізге кредит бойынша кепіл болушы болуды сұрай ма? Қол қойғанға дейін нені білу маңызды