Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 90 жылдығын және Ұлттық валюта - теңге күнін мерекелеу аясында Экономика және бизнес жоғары мектебінің «Қаржы және есеп» кафедрасы «Қаржылық сауаттылықты және қаржылық инклюзияны арттырудың өзекті мәселелері: ағымдағы жай-күйі, проблемалар мен перспективалар» тақырыбында дөңгелек үстел форматында ғылыми семинар ұйымдастырып, өткізді.
Семинарға ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің (ҚНРДА), «Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы» ЗТБ (ҚҚҚ), Алматы қаласының Экономикалық тергеу департаментінің, «Қайрат Иманәлиев атындағы мүмкіндігі шектеулі адамдардың құқықтары жөніндегі комиссия» ҚБ өкілдері, қаржы нарығының субъектілері, сарапшылар мен ғалымдар қатысты.
Іс-шараның тақырыбы кездейсоқ таңдалған жоқ, себебі биылғы жылы Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Қ. Тоқаев өзінің Қазақстан халқына Жолдауында қаржылық сауаттылықты одан әрі дамыту мәселесін ерекше атап өтті. Сонымен бірге, Қазақстанда қаржылық инклюзияны дамыту проблемалары жіті назар аударуды және шұғыл шешімін табуды талап етеді.
ҚНРДА Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті директорының орынбасары Қайрат Тұрымтаев өз сөзінде семинарға қатысушыларды қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау, қаржылық сауаттылықты арттыру және қаржылық инклюзияны дамыту жөніндегі Агенттік жұмысының негізгі бағыттарымен таныстырды. Спикер, сондай-ақ қаржылық алаяқтық жағдайларының өсуіне, азаматтарды алдаудың және жастарды қылмыстық схемаларға тартудың үнемі жаңарып отыратын жаңа түрлеріне ерекше назар аударып, қаржы реттеушісі тарапынан алаяқтыққа қарсы іс-қимыл бойынша жүргізіліп жатқан іс-шаралар туралы айтып берді және осы бағытта басқа мемлекеттік органдармен бірлескен жұмысты күшейту және үйлестіру қажеттілігін атап өтті.
Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының Тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі директоры Ләззат Үсенбекова семинар барысында халықтың қаржылық сауаттылығын арттырудың және елде қаржылық инклюзияны дамытудың өзекті мәселелерін шешу бойынша ҚҚҚ-ның ұсыныстары мен ұсынымдарын алға тартты. Талқылау барысында семинарға қатысушылар Қауымдастықтың жұмысына және оның Қазақстанның қаржы жүйесінің алдында тұрған сын-қатерлерді шешуге қосқан үлесіне жоғары баға берді.
ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті басшысының орынбасары, экономикалық тергеу қызметінің полковнигі Олжас Ертісбаев өз сөзінде семинарға қатысушылар мен тыңдаушыларды қаржы пирамидаларын жою және олардың таралуының алдын алу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстармен таныстырды. Оның айтуынша, соңғы уақытта ғана 48 қаржы пирамидасы жойылды, 7 мың сілтеме бұғатталды, 79 чат пен аккаунт жабылды. Білім беру ұйымдарымен, медициналық ұйымдармен қаржылық сауаттылықты арттыру және азаматтар мен әсіресе жастарды алаяқтық схемаларға тартуға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша тұрақты негізде үлкен алдын алу жұмыстары жүргізілуде.
«Қайрат Иманәлиев атындағы мүмкіндігі шектеулі адамдардың құқықтары жөніндегі комиссия» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Гүлмира Бурашева өз сөзінде ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін қаржылық сауаттылықты арттыру мен қаржылық инклюзияны дамытудың маңыздылығын егжей-тегжейлі атап өтті. Біздің елімізде бұл мәселе аса өзекті болып табылады және үнемі назар аударуды және бақылауды қажет етеді. Спикер қаржылық, академиялық, әлеуметтік және т.б. сияқты барлық салада азаматтардың осы санаты үшін кедергісіз орта құрудың маңыздылығын атап өтті.
«Қаржы және есеп» кафедрасының аға оқытушысы, э.ғ.к. Гүлмира Қасенова өз баяндамасында ғылыми семинарға қатысушыларды «Қаржылық сауаттылық негіздері» пәнін оқу-білім беру процесіне енгізу бойынша ЭжБЖМ «Қаржы және есеп» кафедрасының кейсімен таныстырды.
Осы оқу жылынан бастап барлық мамандықтар бойынша 1-курс студенттеріне арналған «Қаржылық сауаттылық негіздері» пәнінің оқу-әдістемелік кешені әзірленіп, сәтті сыналды. Студенттер осы пәнді оқуға үлкен қызығушылық танытты.
Қалған спикерлердің сөйлеген сөздері мен баяндамаларында еліміздегі қаржылық сауаттылықты арттыру және қаржылық инклюзияны дамыту жөніндегі жұмысты жалғастыруға, барлық мүдделі тараптардың қаржылық алаяқтық фактілерін жою, жастарды қылмыстық қызметке тарту жағдайларының жолын кесу, халықты қаржылық сауаттылық және қаржылық инклюзия бойынша біліммен көбірек ақпараттық қамту жөніндегі күш-жігерін біріктіру қажеттілігіне баса назар аударылды.
Жалпы, ғылыми семинарға қатысушылардың ұсынымдары мен ұсыныстары қаржылық және академиялық ортада кең қызығушылық пен пікірталас тудырды, бұл оның маңызды әрі мен өзекті мәселе екендігін дәлелдейді.
Fake Boss схемасы: алаяқтардан қалай сақтануға болады
Жеке сот орындаушылары "қол сұғылмайтын" банк шотын бұғаттауға құқылы ма?
Микроқаржы омбудсманы: ол қандай мәселелерді қарайтын болады
«Қол сұғылмайтын» шот туралы алты факт
Менің зейнетақы жоспарым. Зейнетке жинақтауды қашан бастау керек?
Банк омбудсманы: ол не үшін қажет және оған қандай жағдайда жүгінуге болады