Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттеріне арналған қаржы сауаттылығы бойынша қонақ дәрісін қаржы реттеушісінің өкілі өткізді

time 15.11.2022
aye 3

2022 жылғы 15 қарашада Ұлттық валюта – теңге күніне және Қазақстанның қаржы жүйесі қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 80-нен астам студенттері мен оқытушылары үшін қаржылық сауаттылық бойынша оқыту іс-шарасы өтті. Оған ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің (ҚНРДА) Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті директорының орынбасары Салима Джурунова қатысты. Ол реттеушінің қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру саласындағы жұмысы туралы баяндама жасады.

«2021 жылғы қаңтарда Агенттік www.fingramota.kz оқыту интернет-ресурсының жаңартылған нұсқасын іске қосты және бірнеше жаңа бөлімдер құрылды. Сайттың жаңа нұсқасының артықшылығы жақсартылған іздеу жүйесі және нашар көретіндерге арналған нұсқаны енгізу болды, ол дауыстық көмекшімен бірге жүреді», – деді С.Джурунова және медиа порталдың Қазақстандағы қаржылық сауаттылық бойынша ақпараттың ресми көзі болып табылатынын атап өтті. Оның айтуынша, сайтқа айына орташа кіру жиілігі 2022 жылдың басынан бастап шамамен 30%-ға, 2022 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша 85 мыңнан 103 мың пайдаланушыға дейін өсті, ай сайын сайтқа 30 мың адамға дейін кіреді.

С. Джурунова тыңдаушыларға танымал қаржы өнімдері мен қызметтерін пайдаланудың, жауапты кредит берудің жағдайлары туралы айтып берді, сондай-ақ жалпы алаяқтық схемалар мен олардан қорғану тәсілдері туралы ескертті.

«Ешқашан күдікті сілтемелерге өтпеңіз және белгісіз дереккөздерден бейтаныс қосымшаларды жүктеп алмаңыз. Сауалнамаларды толтырмаңыз және жеке және төлем деректеріңізді фишингтік сайттарда қалдырмаңыз, – деп кеңес берді қаржы реттеушісінің өкілі. – Егер сіз алаяқтық пен қаржы пирамидаларына тап болсаңыз, құқық қорғау органдарына хабарласыңыз».

Ол сондай-ақ Агенттіктің сайтында жосықсыз қызмет белгілері бар ұйымдардың тізімі орналастырылғанын айтты.

Тізім жеке және заңды тұлғалардың өтініштері мен шағымдарын қарау, азаматтық қоғам институттарын білдіретін мемлекеттік органдармен және қоғамдық ұйымдармен өзара іс-қимыл негізінде қалыптастырылады және тұрақты негізде өзектендіріледі.

Тізіммен мына сілтеме бойынша танысуға болады: https://www.gov.kz/memleket/entities/ardfm/documents/details/318075?lang=ru.

white-arrow Тізімге