«Тұран» университетінің алаңында «Қаржытех және алаяқтықтан қорғау: цифрлық дәуірдің жаңа сын-қатерлері» атты форум өтті. Іс-шараға студенттер, қаржы нарығының сарапшылары және салалық ұйымдардың өкілдері қатысты. Қатысушылар бүгінгі күнгі қаржылық негізгі мәселелерді — жеке қаржыны басқарудан бастап қаржылық технологияларды дамытуға, дропперлікке және қаржылық алаяқтыққа қарсы күреске дейінгі тақырыптарды талқылады.
Іс-шара халықтың қаржылық сауаттылығын арттыруға бағытталған Fingramota.kz жобасы аясында, сондай-ақ жастар арасында ақшаға жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыруды мақсат ететін Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (OECD) халықаралық білім беру бастамасы — Global Money Week шеңберінде өтті.
Форумды ашқан «Тұран» университетінің ректоры Рахман Алшанов цифрлық экономиканың қарқынды дамуы жағдайында студенттердің қаржылық жоспарлау дағдыларын, сыни ойлау қабілетін және өз қаржыларына жауапкершілікпен қарауын қалыптастырудың маңызы ерекше екенін атап өтті.
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту Агенттігі төрағасының орынбасары Олжас Қизатов бүгінгі күні қаржылық сауаттылық қазіргі жастар үшін аса маңызды дағды екенін айтты. Оның сөзінше, қаржылық өнімдерді сауатты пайдалану, ақпаратты талдай білу және алаяқтық схемаларды дер кезінде танып-білу азаматтардың қаржылық қауіпсіздігінің негізгі элементтеріне айналуда.
Форум екі тақырыптық бөлімнен тұрды.
Бірінші бөлім жеке қаржы, қаржылық стратегия және заманауи қаржытех шешімдеріне арналды.
Тәуелсіз қаржылық кеңесші Әсель Әулбекова студенттерге қаржылық еркіндік қағидаттары, ақшаны тиімді басқару және табысты сақтау мен көбейтудің заманауи құралдары туралы айтып берді.
Қаржы сарапшысы Гүлжан Қасымбекова қаржылық стратегия құру тақырыбын таныстырып, табысты қалай дұрыс бөлу, жинақ қалыптастыру және салмақты инвестициялық шешімдер қабылдау жолдарын түсіндірді.
Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығының басқарушы директоры Назар Рахимов «Банктер бүгін: технологиялар, қауіпсіздік және жаңа мүмкіндіктер»
Зейнетақы жинақтары: соңғы кезде не өзгерді және бұл болашақ зейнетақыға қалай әсер етеді
Қазақстандықтар қандай құралдарға инвестиция салады және қаражат салмас бұрын нені білу маңызды
Автосақтандыру: 2026 жылдан бастап жүргізушілер үшін не өзгереді
Қазақстандықтар зейнетақы жинақтарын жеке компанияларға басқаруға қалай бере алады
Қате ақша аударымы, не істеу керек: қадамдық нұсқаулық
Қатесіз мұрагерлік: мүлкіңізді жоғалтпау үшін нені білу маңызды