Бүгінгі күні қаржылық алаяқтық көз ілеспес жылдамдықпен өзгеруде. Егер бұрын қаскүнемдер ақшаны тек ұрлауға тырысса, қазір олар жәбірленушінің өзі қылмыстық тізбектің бір бөлігіне айналатын күрделі схемалар құруда.
Олардың ішіндегі ең қауіпті сипат алып отырғаны - жалған брокерлер мен дропперлік тізбегі. Адамға алдымен «инвестициялау» ұсынылады, содан кейін оны басқа біреудің ақшасын аударуға және қолма-қол ақшаға айналдыруға тартады.
Бұл схеманың қалай жұмыс істейтіні және неліктен өте қауіпті екендігін Fingramota.kz-пен бірге талдаймыз.
Схема қалай жұмыс істейді: «инвестициялардан» дропперлікке
Алаяқтық ешқашан ашықтан-ашық алдаудан басталмайды. Керісінше, барлығы ұқыпты, сенімді, тіпті қауіпсіз болып көрінеді. Адамға алдымен үйренуге, сенуге және алғашқы қадам жасауға уақыт беріледі.
1-кезең. «Тиімді инвестициялық ұсыныс»
Барлығы әлеуметтік желілердегі, мессенджерлердегі немесе тіпті «тәртіпті» сайттардағы жарнамадан басталады. «Айына 30-50% кіріс», «тек өзіміз үшін жабық платформа», «инсайдерлік ақпарат» — жіберіп алуға болмайтын мүмкіндік сияқты көрінеді. Сіз тапсырыс қалдырасыз және сізге бірден «талдаушы» жауап жазады. Ол сізге қасым жасамайды және асықтырмайды. Керісінше, ол сізбен байсалды түрде сөйлеседі, сұрақтар қояды, «стратегияны» түсіндіреді, тіпті әзілдесуі немесе осы платформада қалай «ақша табатынын» айтуы мүмкін.
Сіздің алдыңызда инвестицияның «майын шаққан» нағыз кәсіпқой адам отырған сияқты сезім пайда болады.
2-кезең. «Нәтижелер» арқылы сенім
Сізге жеке кабинет көрсетіледі: онда цифрлар өсіп, графиктер пайда болады, «мәмілелер плюспен жабылады». Барлығы шынайы болып көрінеді. Кейде сізге аз мөлшерде ақша алуға да рұқсат етіледі. Мысалы, сіз 100 доллар салдыңыз делік, бірнеше күннен кейін сізге 120 доллар алуға рұқсат етіледі. Ақша шынымен өсе бастайды. Дәл осы сәтте ол жұмыс істейді деген ой туындайды, демек сенуге болады.
3-кезең. Ставкаларды көтеру
Осыдан кейін әңгіменің райы өзгере бастайды. «Сіз жақсы келесіз, егер соманы көбейтсеңіз, нәтиже мүлдем басқаша болады»,- деп сендіреді «талдаушы». Адамда енді күмән қалмайды, керісінше, мүмкіндікті жіберіп алудан қорқады. Біреулер барлық жинап тергенін аударады, біреу кредит алады, біреу достарынан немесе туыстарынан қарызға алады, оны пайдадан түскен ақшамен тез қайтарамын деп ойлайды.
Әдеттегі сценарий: алдымен адам аз мөлшерде ақша салады, салған ақшасының жұмыс істеп тұрғанына көз жеткізеді, содан кейін көбірек ақша аудара бастайды, міне бәр мәселе осы жерден басталады, енді бұл ақшаны қайтару қиындық туғызады. Бұл кезеңде басты қаржылық шығындар орын алады.
4-кезең. Күтпеген жағдай – «жүйеге көмек»
Ақша салынғаннан кейін сценарий бірден өзгереді. «Техникалық қиындықтар» немесе қосымша шарттар пайда болады. Сізге ақшаны шығаруға уақытша шектеу қойылған деп айтылуы мүмкін, бірақ процесті жылдамдатудың жолы бар.
Ол үшін «жүйеге көмектесу» сұралады:
- өзіңіздің шотыңыз арқылы аударым жасаңыз;
- басқа клиенттен ақша қабылдап, әрі қарай жіберіңіз;
- «платформа ішінде» бірнеше әрекеттерді орындаңыз.
Бұл қалыпты жағдай ретінде беріледі. Барлығы қауіпсіз және уақытша деп сендіреді. Мысалы, сізге бейтаныс адамнан аударым келеді, ал «менеджер» ақшаны басқа шотқа жіберуді сұрайды. Немесе «ақшаны шығарып алуды белсендіру» үшін қосымша аударма жасауға сендіреді.
Бұл кезде адам өз әрекетін орынды деп санайды. Бірақ дәл осы жерде негізгі мәселе орын алады: ол схеманың бір бөлігіне айналады, ол бөгде адамның ақшасы (және жиі заңсыз) өзі арқылы өтетін дроппер, делдал болып кеткенін байқамайды.
Дроппер деген кім және ол не үшін қауіпті
Дроппер - бұл банктік шот арқылы қылмыстық жолмен алынған ақша өтетін адам. Бұл жағдайда ол алаяқтық схемаға қатысатынын шынымен түсінбеуі мүмкін. Ол жай ғана «техникалық операция» жасап жатырмын немесе аудармаға көмектесіп жатырмын деп түсінеді.
Алайда, заң тұрғысынан алғанда білімсіздік жауапкершіліктен босатпайды. Шындығында, адам қылмыстық тізбектің бір мүшесі болып кеткенін байқамай да қалады.
2025 жылғы 16 қыркүйектен бастап Қазақстанда мұндай әрекеттер үшін мынадай қылмыстық жауапкершілік енгізілетінін еске саламыз:
• банктік шотқа немесе картаға қолжетімділікке жол беру - 3 жылға дейін бас бостандығынан айыру;
• үшінші тұлғалардың мүддесі үшін аударымдар жүргізу (мысалы, ақшаны қабылдау және жіберу) - 5 жылға дейін;
• мұндай схемаларды ұйымдастыру - 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру.
Егер сіз өзіңізді «жай ғана көмектесіп жатқандай» сезінсеңіз де, Сіз қылмыстық схемаға қатысқан боласыз, оның айтарлықтай салдары бар.
№1 шынайы оқиға: «Мен ақша алуға көмектестім»
Әлібек «инвестициялармен жұмыс» туралы хабарландыру тапты. Алдымен ол аз мөлшерде инвестиция салып, тіпті пайда тапты. Кейінірек оған «жүйеге көмектесу» ұсынылды: аударымдарды қабылдау және оларды үстінен пайыз алу мақсатында жіберу.
Әлібек алаяқтық жолмен алынған ақша өзінің шоты арқылы өтеді деп күдіктенбеді. Біраз уақыттан кейін банк оның шотын бұғаттады, содан кейін талқылаулар басталды.
№2 шынайы оқиға: «Алдымен инвестициялар, сосын кредиттер»
Алматы тұрғыны «инвестициялық платформаға» ақша салды. Ол қаражатты алуға тырысқанда, оған «комиссия» төлеу, қосымша операцияларды орындау және өз шотын «ішкі аударымдар» үшін уақытша пайдалану қажет екендігі айтылды.
Бұл процесте оның атына кредит рәсімделді және оншақты операция жүргізілді. Кейінірек ол алаяқтық схеманың бір бөлігі болғаны белгілі болды.
№3 шынайы оқиға: «Жеңіл табыс»
Жас жігітке «қосымша жұмыс» ұсынылды: «Ақшаны картаға алып, одан әрі аударыңыз — өзіңізге пайызды қалдырыңыз». Ол мұны қауіпсіз деп санап, келісті. Бұл іс жүзінде құрбандардың ақшасы алынған дропперлер тізбегінің бір бөлігі болды.
Мұндай схемалар көбінесе делдалдар тізбегінде құрылады, мұнда әр қатысушы «ақшаны әрі қарай жібереді».
Адамдар мұндай схемаларға қалай тап болады
1. Табыс елесі. Барлығы қалыпты мүмкіндік сияқты етіп көрінеді: инвестиция, қосымша жұмыс, қосымша табыс. Адам қауіпті сезінбейді — керісінше, ол ақша табудың ыңғайлы әдісін тапқандай сезінеді.
2. Біртіндеп тартылу. Ешкім «алаяқтықпен айналысыңыз» деп тікелей айтпайды. Барлығы біртіндеп бірінен кейін болады: тіркеу, шағын салым, «тест» операциялары. Әрбір келесі қадам алдыңғы қадамның қисынды жалғасы болып көрінеді.
3. Сенім. Алаяқтар сенімді болып көрінеді: сенімді қарым-қатынас жасайды, кәсіби терминдерді қолданады, «талдаманы» және «нәтижелерді» көрсетеді. Кейде бұл мамандардың тұтас тобы сияқты сезіледі.
4. Эмоция. «Егер жасамаса, онда мүмкіндікті жіберіп аламын» деген ашкөздік немесе қорқыныш қосылады. Осы кезде сыни тұрғыдан ойлау әлсірейді.
Бұл әдеттегі алаяқтықтан несімен қауіптірек
Мұндай схемаларға қатыса отырып, адам шекарадан өтіп, қылмыстың қатысушысы болу қаупін тудырады. Бұл одан да ауыр зардаптарға әкеледі:
• банктік шоттарды бұғаттау және тарихындағы күдікті операциялар;
• болашақта банктермен өзара іс-қимыл кезіндегі қиындықтар;
• сот талқылаулары және өзінің еш қатыстылығы жоқ екендігін дәлелдеу;
• бастапқы «салымнан» жиі асып кететін қосымша қаржылық жоғалтулар.
Басқаша айтқанда қауіп екі есе болады: ақшадан айырылып қана қоймай, сонымен қатар заңда салдарға тап болуыңыз ықтимал.
Инвестициялық алаяқтардан өзіңізді қалай қорғауға болады
Компанияны тексеріңіз. Кез келген инвестициялық платформа немесе брокердің ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің лицензиясы болуы міндетті. Лицензияның бар-жоғын https://www.gov.kz/memleket/ entities/ardfm/financial- organizations/48?lang=ru ресми сайтынан тексеруге болады
«Табыстың кепілдіктеріне» сенбеңіз. Инвестицияларда кепілдендірілген пайда болмайды. Тұрақты жоғары табысты тәуекелсіз уәде ету — алаяқтықтың классикалық белгісі.
3. Ешқашан «басқалар үшін» деп шотыңызды пайдаланбаңыз. «Бұл уақытша», «жүйеге көмектесіңіз», «ақша аударыңыз және пайыз алыңыз» деген сөздер — схемаға тартудың тікелей жолы.
4. Шоттарға кіруге рұқсат бермеңіз. Ешкімге — не «менеджерге», не «қолдауға», не «талдауға».
5. Деректемелерді тексеріңіз. Егер ақшаны компанияның ресми шотының орнына жеке тұлғаның картасына аударуды сұраса — бұл алаңдатарлық дабыл.
6. Қысымға берілмеңіз. «Шұғыл», «соңғы мүмкіндік», «терезе жабылады» — бұл инвестиция емес, айла-шарғы.
Егер сіз алаяқтар схемасының бір бөлігі екеніңізді түсінсеңіз, онда тез әрекет етіңіз:
1. Кез келген әрекетті дереу тоқтатыңыз. Ақша жібермеңіз және нұсқауларды орындамаңыз.
2. Банкпен байланысыңыз. Жағдай туралы хабарлаңыз, қажет болса операцияларды бұғаттауды сұраңыз. Барлық хат алмасуларды, чектерді және контактілерді сақтаңыз.
3. Құқық қорғау органдарына жедел хабарласыңыз. Жағдайды неғұрлым ерте тіркесеңіз, салдарын азайту мүмкіндігі соғұрлым жоғары болады.

Өзіңізді, ақшаңызды сақтаңыз және Fingramota.kz-пен бірге қаржылық сауаттылықты арттырыңыз!
Абайлаңыз: жалған брокерлер азаматтарды дропперлікке тартуда
Қазақстанда қаржылық алаяқтыққа қарсы форум өтеді
Автосақтандыру: 2026 жылдан бастап жүргізушілер үшін не өзгереді
«Қол сұғылмайтын» шот туралы алты факт
Қате ақша аударымы, не істеу керек: қадамдық нұсқаулық
Ломбард және кредит тарихы: қарыз кредитті мақұлдауға әсер ете ме