Реттеушінің жаңа инвесторларды тартуы өткен жылғы басымдығы болды, экономиканы қаржыландыру арналарын қор нарығының құралдары арқылы кеңейту биылғы негізгі міндет болады.
Қазақстанның қор нарығын не күтіп тұр, онда қандай жаңа құралдар пайда болады және шағын, орта бизнес кәсіпорындарының эмитенттер ретінде нарыққа шыға алуы үшін Агенттік не істеп жатыр – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының орынбасары Мария Хаджиева айтып берді.
– Мария Жамаловна, Қазақстанда қор нарығын экономиканы қаржыландыру көзі ету міндеті қойылған. Бұл бағытта қандай жұмыс жүргізіліп жатыр?
Экономикада қор нарығы экономиканың түрлі секторларында қызметін жүзеге асыратын эмитенттерге инвесторлардан түскен капиталды қайта бөлуді қамтамасыз етеді. Оның рөлін арттыру үшін реттеуші соңғы жылдары қор нарығына кәсіби қатысушыларды реттеуді ырықтандыруға, инвестициялар үшін қауіпсіз орта қалыптастыруға және брокерлік қызметтердің инклюзивтілігін арттыруға бағытталған кешенді жұмыс жүргізді. Бағалы қағаздар нарығында жаңа технологиялық шешімдерді енгізуді ынталандыру жөнінде шаралар қабылданды, бұл бүгінгі күні қор нарығын дамытудың, брокерлік қызметтер мен сервистердің сапасы мен қолжетімділігін жақсартудың негізгі қозғаушы күші болып табылады. Шетелдік инвестицияларды тарту үшін Қазақстан қор нарығын халықаралық капитал нарықтарында ілгерілету жөнінде жұмыс жүргізіліп жатыр.
2020 жылы агенттік нарыққа қатысушыларға арналған биржалық инфрақұрылымның қолжетімділігін арттыруға, стратегиялық инвесторлардың әлеуетін күшейтуге және халықты қор нарығындағы жұмысқа тартуға жұмыс істеді. Негізгі шаралардың арасында инвестициялық қорлардың бағалы қағаздарының қолжетімділігін арттыру, зейнетақы активтерінің бір бөлігін БЖЗҚ-дан жеке компанияларға басқаруға беру, инвестициялау үшін құралдардың жаңа түрлерін енгізу үшін жағдайлар жасау бойынша бастамаларды атап өтуге болады. Бөлшек инвесторлар sms-код арқылы қашықтан брокерлік шот ашу және брокердің нақты қатысуынсыз онлайн инвестициялау мүмкіндігін алды.
Осылайша, 2020 жылы агенттіктің күш-жігері қор нарығына жаңа инвесторлар тартуға шоғырландырылды. Нәтижесінде өткен жылы 15 мың шот ашылды, ал инвесторлардың нарықтағы бірегей шоттарының саны 137 мыңнан асты.
2021 жылы агенттіктің негізгі басымдығы қор нарығының құралдары арқылы экономиканы қаржыландыру арналарын кеңейту болды.
Капитал нарығы жеткілікті түрде дамыған елдердің тәжірибесі бағалы қағаздар нарығын дамыту саласындағы негізгі саясат бағалы қағаздарды шығаратын компанияларды салықтық ынталандыру бойынша шаралар және бағалы қағаздар бойынша сыйақы мөлшерлемелеріне субсидиялау не кепілдіктер беру арқылы мемлекеттік қолдау шаралары болып табылатындығын көрсетіп отыр. Осындай жаңалықтарды Қазақстанда да енгізуге ұсыныс беріледі.
Бұл бастамалар, олар толық іске асырылған жағдайда қор нарығының өтімділігін арттыруға және оған инвесторлардың ауқымды тобына қызықты жаңа компаниялардың шығуы үшін қолайлы жағдайлар жасауға мүмкіндік береді.
– Өткен жылдың басында ҚНРДА бағалы қағаздар нарығын дамытудың негізгі міндеттері мен бағыттарын ұсынды, онда осы нарықты реттеудің теңестірілген (пропорционалды) түрде болатындығы және тәуекелге бағдарланған қадағалауды қолданатындығы айтылды. Бұл бағытта бір жылдың ішінде не істелді?
2020 жылы агенттік кәсіби қатысушылардың тәуекелдерін бағалаудың тәуекелге бағдарланған тәсілге негізделген жаңа әдістемесін – Risk Assessment and Supervision System (RASS) әзірлеп, енгізді.
Осы әдістемеге сәйкес агенттік мерзімді негізде бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары қызметінің сандық және сапалық өлшемдері кешеніне бағалау жүргізіп тұрады, ол қызметтің жүйелік маңыздылығы мен ауқымын, қаржылық орнықтылығы мен тәуекел-бейінін, сондай-ақ тәуекелдерді басқару және мінез-құлық көрсеткіштерін бағалауға мүмкіндік береді. Бағалау нәтижелері бойынша кәсіби қатысушылар тәуекел дәрежесіне байланысты сараланады, бұл қадағалау режимін қадағалау әрекеттерінің қарқындылығы, кезеңділігі, көлемі мен мазмұны бойынша жіктеуге мүмкіндік береді. Аталған іс-шаралар бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларының қызметі саласындағы тәуекелге неғұрлым бейім және агенттік тарапынан барынша күшейтілген қадағалауды талап ететін салаларды анықтауға мүмкіндік берді.
Тәуекелге бағдарланған қадағалау жүйесін одан әрі іске асыру кәсіби қатысушыларға қатысты пропорционалды реттеу тетіктерін, атап айтқанда пруденциялық нормативтерді есептеу және кәсіби қатысушылардың жүйелік маңыздылығы көрсеткіштерін және олар қабылдайтын тәуекелдерді ескере отырып тәуекелдерді басқару жүйесін ұйымдастыру тәртібі бөлігінде талаптарды кезең-кезеңімен енгізуді болжайды.
Бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларын пропорционалды реттеу жүйесін енгізуге бағытталған тиісті заңнамалық түзетулер «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сақтандыру нарығын және бағалы қағаздар нарығын реттеу мен дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы аясында көзделген.
- Өткен жылы ҚНРДА инвестициялық қорлардың қаражатын салу үшін басқарушы компанияларға қолжетімді қаржы құралдарының тізбесін айтарлықтай кеңейтуді ұсынды. Бұл қандай құралдар?
Инвестициялық қорлардың қаражатын салу үшін басқарушы компанияларға қолжетімді қаржы құралдарының тізбесін кеңейтуді агенттік биыл қаңтар-ақпан айларында іске асырды, қабылданған нормативтік құқықтық актілердің шеңберінде:
Қабылданған түзетулер басқарушы компанияларға инвестициялық мүмкіндіктерді кеңейтуге және инвестициялық қорлардың активтерін әртараптандыруға қойылатын талаптарды сақтай отырып, индекстік қорлардың бағалы қағаздарына инвестициялар есебінен неғұрлым икемді инвестициялық стратегия құруға мүмкіндік береді.
Бөлшек инвесторлардың инвестициялардың ұжымдық схемаларына қатысуын кеңейту үшін ашық инвестициялық пай қорларының бағалы қағаздарын және қор биржасының сауда жүйесінде тәуекелмен инвестициялау қорларын айналысқа жіберу мүмкіндігі көзделген. Бұл үшін инвестициялық қор инвестициялық қордың бағалы қағаздарын ұстаушылардың саны және маркет-мейкердің болуы бойынша ең төменгі өлшемшарттарды қанағаттандыруға, сондай-ақ қор биржасының ішкі құжаттарында белгіленген қосымша талаптарға сәйкес келуге тиіс.
- Жақында қаулы күшіне енді, бұл жеке орналастырылуға тиіс мемлекеттік емес облигацияларды шығаруды жеңілдетеді. Сіз осы құрал туралы толық мәлімет бере аласыз ба?
Жеке орналастырылуға тиіс облигацияларды шығаруды жоспарлайтын компаниялар үшін осындай бағалы қағаздарды шығаруға қойылатын талаптар барынша жеңілдетілді, оларды мемлекеттік тіркеу мерзімдері мен құжаттар пакеті қысқартылды.
Сонымен қатар бірқатар заңнамалық шектеулер белгіленді. Осы облигацияларды ұстаушылардың ең көп саны 50-ден аспауға тиіс, бұл ретте жеткілікті деңгейде біліктілігі мен білімі бар инвесторлар (білікті инвесторлар) болуға тиіс.
Жария тәсілмен орналастырылатын облигациялар сияқты, жеке орналастыру облигациялары айналыс мерзімі бойынша әртүрлі, купондық немесе дисконттық, қамтамасыз етілген немесе қамтамасыз етілмеген, айырбасталатын немесе айырбасталмайтын болуы мүмкін.
Ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар нарығымен қатар бұл облигациялар ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында айналысқа түсе алады. Бұл ретте қор биржасының ресми тізіміне рұқсат беру тәртібі биржаның өзінің ішкі құжаттарында айқындалады.
Жеке орналастыруға жататын облигациялардың басым айырмашылығы облигациялардың шығарылымын мемлекеттік тіркеу кезінде рейтингтің және левередж шамасының (міндеттемелердің капиталға арақатынасы) болуы бойынша мемлекеттік емес облигацияларды шығару шарттарын сақтау талаптарының болмауы болып табылады.
Сондай-ақ бұл облигацияларды айналысқа жіберу, орналастыру және өтеу шарттары облигациялар шығарылымының дәстүрлі қабылданған проспектісіне қарағанда бағалы қағаздар шығарылымының негізгі өлшемдеріне ғана қатысты ақпараттың шектеулі көлемін қамтитын жеке меморандуммен айқындалатынын атап өту қажет.
Эмитент жеке орналастырылуға тиіс облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу үшін уәкілетті органға қысқартылған құжаттар тізбесін ұсынады. Атап айтқанда, қор биржасының алдын ала қорытындысын, консультациялық қызметтер көрсететін ұйыммен жасалған шарттың көшірмесін, сондай-ақ эмитенттің қаржылық жағдайын растайтын құжаттарды ұсыну талап етілмейді.
Ұсынылған құжаттарды уәкілетті орган үш жұмыс күні ішінде қарайды.
Жеке орналастырылуға тиіс облигацияларды шығару мен орналастырудың жеңілдетілген рәсімі эмитенттерге қаржыландыруды тарту процесін жеделдетуге және осындай облигацияларды орналастыруға байланысты шығындарды азайтуға мүмкіндік береді.
– Қор нарығында тағы қандай құралдар пайда болды? Қазір қандай жаңалықтар талқылануда?
Банктік кредиттердің орнына облигациялық шығарылымдарды пайдаланудың басты артықшылығы – қарызды тарту кезінде кепілге немесе өзге қамтамасыз етуге қойылатын талаптың жоқтығы, бұл құралды кредиттік рейтингі бар ірі компаниялар үшін қолжетімді етеді.
KASE-де облигациялық қарыздарды тарту статистикасы тартудың негізгі үлесі квазимемлекеттік сектор субъектілері мен ірі бизнеске тиесілі екендігін көрсетіп отыр, ал биржадағы қарыз алу құрылымында ШОБ-тың үлесі төмен болып қалуда.
Осыған байланысты агенттік мүдделі мемлекеттік органдармен және ұйымдармен реттеу сипатындағы ынталандыру шараларын және мемлекеттік қолдауды талқылауға, сондай-ақ қор нарығына шағын және орта бизнес субъектілерін тарту бағдарламасын талқылауға бастама көтерді.
Мемлекеттік қолдау шаралары шеңберінде Агенттік облигациялық қарыздарды субсидиялаудың қолданыстағы бағдарламаларының, оның ішінде кепілдік беру және бірлесіп қаржыландыру құралдарын енгізу есебінен:
- купондық мөлшерлемесі субсидияланатын облигацияларды шығару кезінде үшінші тұлғалардың кепілін немесе кепілдіктерін беру жөніндегі талаптарды алып тастау;
- эмитенттердің биржада облигациялар шығаруға кеткен нақты шығыстарын өтеу тетігін енгізу;
- облигациялар бойынша купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау кезінде компаниялар үшін салалық шектеулерді алып тастау;
- облигациялар шығару және банктік кредит беру кезінде кепілдіктер құралын пайдалануға қатысты мемлекеттік қолдау талаптарын теңестіру бөлігінде тиімділікті арттыруды ұсынды.
Бұдан басқа, Агенттік KASE-мен бірлесіп ШОБ компаниялары үшін қор биржаларына облигацияларды шығару, тіркеу және листинг талаптарын ырықтандыру және олардың шығыстарын азайту бойынша ұсыныстарды пысықтауда.
ҚНРДА ірі, орта және шағын бизнес субъектілерінің эмитенттер ретінде биржаға шығуын ынталандырудың бірнеше бағыттарымен жұмыс жүргізуде.
IPO нарығын дамыту үшін мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, ішкі қор нарығында бастапқы жария орналастыруды жүзеге асырған компаниялар үшін корпоративтік табыс салығын төлеу бойынша уақытша салық жеңілдіктерін беру мүмкіндігі талқылануда. Тәжірибе көрсеткендей, IPO-ны жүзеге асырған компаниялар негізгі капиталға инвестициялар тартудан түскен қаражатты бағыттайды, бұл кейіннен олардың кірістерін және бюджетке салық аударымдарын арттырады. Бұл ретте салықтық жеңілдіктер беру оларға ІРО-ны дайындауға және өткізуге арналған шығыстарды ішінара өтеуге мүмкіндік береді.
- Қор нарығын цифрландыру бойынша қандай жоспарлар бар? Қор нарығында қаржылық технологиялар ортасын дамыту үшін не істеліп жатыр?
Өткен жылдың тамыз айында ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының №101 қаулысымен Қаржылық технологиялар мен инновацияларды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған тұжырымдамасы бекітілді.
Бес жыл ішінде Ұлттық Банк пен ҚНРДА қаржылық технологиялар үшін қолайлы орта құру жөніндегі іс-шараларды іске асыратын болады.
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сақтандыру нарығын және бағалы қағаздар нарығын реттеу мен дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңының жобасы шеңберінде барлық брокерлік қызметтерді электрондық форматқа ауыстыру мүмкіндігі қарастырылған. Оның ішінде жеке шот ашу, жүйеде бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен стандартты емес операцияларды тіркеу, сондай-ақ ақпараттық операциялардың толық тізбесін ұсыну мүмкіндігі бар.
Бұдан басқа, тұжырымдаманы іске асыру жөніндегі жол картасы шеңберінде 2023 жылдың екінші тоқсанына дейінгі мерзімде қор нарығына қатысушылармен бағалы қағаздар бойынша маркетплейсті құрудың орындылығы мен тәсілдерін пысықтау жөніндегі іс-шаралар көзделген. Бағалы қағаздар бойынша орталықтандырылған сервистерді құрудың, тұжырымдаманы, талаптарды және архитектуралық шешімді әзірлеудің орындылығы мен тәсілдеріне кешенді бағалау жүргізілетін болады.
Егер бағалы қағаздар бойынша қаржы маркетплейсі құрылатын болса, онда бұл орталықтандырылған инфрақұрылым мен стандартталған сервистер есебінен эмитенттер мен инвесторлардың жалпы шығындарын азайтуға мүмкіндік береді, сондай-ақ бағалы қағаздар нарығында қаржы өнімдерін онлайн сатудың тиімділігін және олардың халыққа қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
«Стоп-кредит»: ол қалай жұмыс істейді және алаяқтардан қорғай алады ма
Жинақтауға арналған сақтандыру – оны қалай пайдалануға болады
Zakon.kz порталы Интернет және қаржылық алаяқтыққа қарсы іс-қимыл бойынша конференцияны ұйымдастырды...
Қаржылық сауаттылықты арттыру жөніндегі сараптамалық кеңес құрылды
Жеке сот орындаушылары "қол сұғылмайтын" банк шотын бұғаттауға құқылы ма?
«Қол сұғылмайтын» шот туралы алты факт