Парольдерді ұрлау және құпия ақпаратты жинау үшін алаяқтар спам - жіберілімдерді немесе жалған сайттарды пайдаланады, сондықтан ең бастысы қауіпсіздіктің негізгі талаптарын сақтау: күмәнді сайттарда төлем карточкасының деректемелерін жария етпеңіз және жарияламаңыз, тауарлар мен қызметтерді виртуалды картамен төлеңіз, интернетті пайдаланған кезде қырағы болыңыз. Өзіңіздің банк шотыңыздың немесе электрондық әмиянның қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін тексерілмеген интернет-дүкендерде және әлеуметтік желілердегі топтарда төлем жасаудың қажеті жоқ.
Ешбір жағдайда бейтаныс адамдарға төлем карточкасының артқы жағындағы үш таңбалы кодты, оның үстіне кез келген төлем сервистерінің парольдерін немесе верификация кодтарын хабарламаңыз!
Сізге банктің атынан қоңырау шалған кезде, байланыс орталығының ресми нөмірлері бойынша қаржы институтына қайта қоңырау шалыңыз.
Есіңізде болсын: банктер клиенттердің төлем карталарының деректерін ешқашан электрондық пошта арқылы немесе қоңыраулар арқылы сұрамайды, өйткені бұл ақпарат банктік құпия туралы заңмен қорғалатын мәліметтер санатына жатады.
Салық шегерімдері дегеніміз не және 2025 жылы оны қалай қолдануға болады
Мұра – пайда немесе проблема? Оны қалай дұрыс ресімдеу қажет
Жеке сот орындаушылары "қол сұғылмайтын" банк шотын бұғаттауға құқылы ма?
Әлеуметтік желілердегі алаяқтық: өзіңізді қалай қорғау керек?
Қате ақша аударымы, не істеу керек: қадамдық нұсқаулық
Өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған салық түрлері: нелерді білу қажет?