«Ұтымды ойлау режимі»: сәтті жұмада ақшасыз қалмаудың амалы қандай
Мерекелер қарсаңында маркетингтік компаниялардың «мен мұндалаған» ұсыныстары мен тиімді жеңілдіктер мен акциялары көздің жауын алады. Алайда, мұндай дүрбелең кезінде алаяқтар да бос жатпайды, олар азаматтарды алдап-арбау амалдарын барынша қолданып қалады.
Алаяқтарға тап болмай және қажетсіз шығындарға, әсіресе, жомарт жұма күні ұшырамаудың жолдарын Fingramota.kz жобасына киберқауіпсіздік, АТ және коммуникациялар саласындағы тәуелсіз сарапшы Евгений Питолин айтып берді.
Дәлме-дәл: фишингтік шабуыл
Жаппай сатылымдар кезеңінде алаяқтықтың кеңінен тараған түрлерінің ішінде жалған веб-сайттар көш бастайды. Тиімді мәмілеге қол жеткізгісі келетін сатып алушылар алаяқтардың сайтына кездейсоқ түсіп қалулары мүмкін, нәтижесінде олар барлық ақшасынан немесе дербес ақпаратынан айырылып қалады. Қаржылық алаяқтық түрлерінің бірі - қаскүнемдер төлем карталарының деректемелерін, дербес деректерді, SMS-кодты алу мақсатымен кеңінен танымал интернет-дүкеннің, маркетплейстің не әлеуметтік желінің көшірмесін жасайды. Клон-сайттар, әдетте, ресми сайт сияқты болып көрінеді және бір қарағанда, олардың жалған парақшасын осындай жағымсыз жағдайды басынан кешірген адам ғана танып біле алады. Интернет-алаяқтар бірнеше секундтар ішінде сіздің шотыңызды, әсіресе, сіз жалған сайтқа тап болсаңыз, тазалап кетулері мүмкін.
Күдікті сілтемелерге кірмеңіз және сатушы жөніндегі ақпаратты үнемі тексеріп отырыңыз.
Шоколадтың бағасына телефон: психологиялық әсер ету
«Жеңілдіктер!»: тіпті бұл дүкеннен сізге еш нәрсе қажет болмаса да сіз бәрібір онда кіресіз. Себебі адам солай жаратылған. Оны алаяқтар жақсы біледі. Олар тиімді ұсыныстармен адамдарды тарту үшін белгілі брендтердің атауларын әккі пайдаланады. Егер сізге «күдікті» төмен бағаға тауар мен қызмет ұсынып, сатушы мұндай акция бір күн ғана жүреді деп толық алдын ала төлем жасауды ерекше талап етсе, онда сіз 100% алаяқтарға тап болдыңыз. Мұндай әбден әккі болған алаяқтар әдейі қымбат тауар/қызметке хабарландырулар жариялайды және жақсы жеңілдік береді мыс. Олардың жалғыз міндеті психологиялық айла-шарғылардың көмегімен неғұрлым көп адамдар тарту. Нәтижесінде, «сатып алушы» тауарсыз және ақшасыз қалады. Мұндай жағдайларда судың да сұрауы бар екенін естен шығармау керек.
Құрықсыз қармақ салу: спуфинг шабуыл
Кез келген дүрбелең кезінде алаяқтар көпке белгілі фишинг шабуылдар жасамай тұрмайды. Олар азаматтардан ақшаны көбірек алдап алу үшін өздерін банктер немесе белгілі өндірушілер немесе танымал дүкендер ретінде көрсетіп, спамдар мен фишинг электрондық хаттар жібереді. Алаяқтар басқа адамның телефон нөмірін пайдаланып, телефон соғады немесе SMS-хабарлар жібереді. Олар адамдардың сеніміне кіру үшін өздерін нақты компанияның қызметкері ретінде таныстырады. Қаскүнемдер үшін бастысы – психологиялық әдістерді пайдаланып, тауарды немесе көрсетілетін қызметті ұтымды бағамен сатып алуға итермелеу.
Өзіңізді және жақындарыңызды қорғаудың бес жолы
Алаяқтардың арбауына түспес үшін осындай схемалар туралы үнемі хабардар болып отырыңыз. Тек осылай ғана сіз Сәтті жұмада барынша ұтымды сауда жасай аласыз. Болуы мүмкін қауіптер туралы туыстарыңыз бен жақындарыңызды міндетті түрде ескертіңіз. Тәуекелді барынша азайтуға болады, бастысы – қалай азайта білу.
Микроқаржы омбудсманы: ол қандай мәселелерді қарайтын болады
Кредит берушімен байланыста болу – проблемалық берешекті қалай реттеуге болады
САТУҒА БОЛМАЙДЫ, ТӘУЕКЕЛГЕ БАРУҒА БОЛМАЙДЫ: дроппер болмаудың жолдары
Алаяқ-хамелеондар: олар өздерін кім деп таныстырады?
Салықтық шегерімдер дегеніміз не және оның көмегімен қалай үнемдеуге болады?
Жеке сот орындаушылары "қол сұғылмайтын" банк шотын бұғаттауға құқылы ма?