Сақтандырушы ғана емес, сақтанушы да өз әрекеттері үшін үлкен жауапкершілік алады. Сондықтан оған қол қоймас бұрын сақтандыру шартымен мұқият танысу маңызды. Оның мазмұнына, атап айтқанда белгілі бір сақтандыру төлемі төленетін сақтандыру жағдайларының тізбесіне ерекше назар аударыңыз. Сақтандырушы өтемақыны сақтандыру шартында көрсетілген және тек көрсетілген жағдайларда ғана орын алған тәуекелдер мен сақтандыру жағдайлары бойынша ғана төлейтінін біліңіз.
Сондай-ақ, сақтандыру жағдайларынан ерекше жағдайлар тізбесін, яғни сақтандырушы сақтандыру төлемін төлемеу құқығын өзіне қалдыратын оқиғаларды зерделеңіз.
Франшизаның болуы мен мөлшеріне назар аударыңыз. Франшиза – бұл сақтанушының сақтандыру шығынын өтеуге жеке қатысуы. Франшиза мөлшері сақтанушы сақтандыру жағдайы басталған кезде өз бюджетінен төлейтін соманы көрсетеді.
Сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтанушының әрекет ету тәртібі туралы тармақ маңызды болып табылады, онда сақтандырушыны сақтандыру жағдайының басталуы туралы хабардар ету мерзімі мен тәртібі жазылған. Есіңізде болсын, егер хабарлама мерзімі немесе тәртібі бұзылатын болса, онда бұл дәлелді және объективті себептер бойынша хабарламау жағдайларын қоспағанда, сақтандыру төлемін жүзеге асырудан бас тарту үшін негіз болуы мүмкін.
«Құпия Санта» желіде: алдаудың жаңа схемасы
Банктер және банк қызметі туралы жаңа заң туралы
Қазақстандықтар кредиттерге қалай қарайды – Fingramota.kz пікіртерімі
Қазақстанда азаматтардың қаржылық сауаттылық деңгейі өсуде
«Стоп кредит»: бір цифрлық құрал алаяқтық кредиттерден қалай қорғайды
Қазақстандықтар алаяқтықты қалай танып-біледі: екі жылдық зерттеу барысында не өзгерді