«Карантиндегі» алаяқтар

time 26.06.2020

Жалған брокерлердің, қаржылық беделді қалпына келтірушілердің және «қара» кредиторлардың  тұзағына қалай түсіп қалмау керек екенін Fingramota.kz айтып береді

Карантин кезінде көптеген азаматтардың табысы күрт азайып кетті. Бизнестің кейбір салалары да қиындыққа тап болды. Осындай экономикалық тұралау аясында әртүрлі қаржылық алаяқтар пайда бола бастады, олар азаматтардың сеніміне кіріп, әртүрлі тәсілдермен олардың ақшасын иеленуге тырысады.

Пандемияға байланысты адамдардың еркін қозғалуына шектеулер енгізілгендіктен, азаматтар Желілердегі қызметтер мен тауарларды белсенді пайдалана бастады. Осындай шұғыл белсенділік алаяқтық айла-шарғы жасау үшін қолайлы негіз болды. Олардың көпшілігі адамдардың алдаудың және алдап ақша алудың құралы ретінде фишингтік сайттарды, әлеуметтік желілерді, мессенджерлерді пайдаланады. Аз ғана ақша үшін тіпті бүлінген кредиттік тарихпен кредит беруге дайын «қара» кредиторлар деп аталатын, кредиттік тарихты  түзетуге уәде бертін әртүрлі агенттіктер, борыштан, кредиттерден, коллекторларға байланысты проблемалардан құтқарушылар, классикалық қаржы пирамидалары, жалға интернет-дүкендер және көптеген басқалары желілерде барған сайын жиі пайда бола бастады.

Жеңіл жолмен алынатын кредит бұл қызықтыру ғана

Нашар кредиттік тарих немесе қолданыстағы ұзақ міндеттемелерді өтеу мерзімін кейінге қалдыруға байланысты жаңа қарыз алуға салынған уақытша тыйым, қиын минутта уақытша қаржылық көмек алу үшін кедергі болып табылатындығы сөзсіз. Алайда бұл әлеуметтік желілерде өздеріне белсенді түрде жарнама жасайтын, ең жаман кредиттік тарихы болса да немесе басқа он кредиті болса да кредит беруге уәде ете отырып, телефонға мазасыз қоңырау соғатын немесе SMS жіберетін күмәнді тұлғаларға немесе компанияларға өтініш жасауға сылтау емес.

Өкінішке орай, Instagram, Facebook, Vkontakte, мессенджеры WhatsApp, Telegram әлеуметтік желілері осындай жалған компанияларды жылжытуға арналған алаң болды. Әдетте, жеңіл жолмен алынатын кредит ұсына отырып, сіздің жеке деректеріңізді, банк карталарының алып алуы мүмкін. Кредит ресімдеу үшін алдын ала ақы сұрауы мүмкін, содан соң сенгіш адамды ештеңесіз қалдырып, жоғалып кетеді. Күдіктенбеген адамдар үшін ұзақ жылдарға қиындық туғызатын тиімсіз кредит беруі мүмкін. Схемалары көп, жолы біреу –  клиентті жеңіл жолмен кредит алуға қызықтыру. 

Қаржылық беделді қалпына келтірушілер және борыштардан құтқарушылар

Ұқсас схемаларды қаржылық тұрғыдан сенімді адам ретінде оның портретін қалпына келтіруге, кредит тарихын түзетуге, кредиторлармен, коллекторлармен мәселелерді шешуге және борыштық міндеттемелерден толығымен тазартуға уәде еткен адамдар қолданады. «Кредитсіз өмір», «Борыштардан тазарту», «Кредит тарихын түзетейік» – бұл ұрандарды әлеуметтік желілерді өзінің жарнамаларымен толтырған әртүрлі агенттіктер қолданады. Мұндай жалған компаниялардың айла-шарғысына сенетін адамдар көбінесе қаржылық сауаттылығы төмен адамдар болып келеді және  осындай компаниялардың қызметіне адамдар қатты қиналғанда жүгінеді. Карантин мен қаржылық дағдарыстың салдарынан кірісінің азаюына байланысты көптеген адам банктен кредит алуға шешім қабылдайды, алайда өздерінің кредит тарихының нашар болуына байланысты банктен қарыз ала алмайды немесе кредиттер мен қарыздар бойынша мәселелерді уақтылы шеше алмайды, осы жағдайдан  кейін олар осындай агенттіктердің қызметіне  жүгінеді.

Естеріңізге сала кетейік, кредиттік бюро қызметіне ешқандай жеке агенттіктер немесе компаниялар араласа алмайды. Яғни, Сізді ешкім борыштан құтқара алмайды, тек Сізге қарыз берген банк қана өтеу кестесін қайта қарай алуы немесе кредитті өтеу бойынша өзге жеңілдетілген шаралар қабылдай алуы мүмкін. Мазаңызды алатын коллекторлардан құтылу да оңай емес, өйткені коллекторлық агенттіктермен барлық қатынастар заңмен реттеледі, ал атқару парағына өзгертулер мен толықтыруларды тек соттар ғана енгізеді. Бұл заң тұрғысынан атқарылатын ауқымды жұмыс және оған дәлелді негіз қажет. Қалғанының бәрі  алаяқтардың құрған  тұзағы деп түсіну керек.

Сақ болыңыз – жалған брокерлер!

Энергия ресурстары бағасының төмендеуі салдарынан экономикалық күйзелістер аясында бағалы қағаздар нарығы және валюталар аса құбылмалы болып қалды. Көптеген адамдар биржадағы осы бағаның секірулері аясында ақша табуға үміттенеді. Сұраныс ұсыныс тудырады. Әрі азаматтардың сенгіштігін де пайдаланып, ақша табу одан да оңай.  Жалған компаниялар интернеттен де, сол сияқты тікелей қоңырау шалып та алдымен өз құрбандарының биржадан ертегідегідей пайда туралы айта отырып сенімдеріне кіруге тырысады, содан кейін өз «клиенттерінің» адал тапқан жинақ ақшаларын қолды етеді. Түрлі форекстер, аты дардай брокерлік компаниялар әдеттегі алаяқтар болып шығады.

Трейдинг – негізінен тәуекелді іс, биржадағы сауда-саттыққа қызығушылық білдірмей тұрып, алдымен жеті рет ойланып, бір рет кескен жөн. Ал осы істе ақша табуға болады деген қоңырауларға өте сақ болған дұрыс. Негізінен Қазақстандықтарға қоңыраулар шетелден – Ресейден, Еуропадан келеді. Нөмірлер көбіне жалған, сайттарда олардың заңды мекенжайлары жоқ. Мұның барлығы «биржа білгіштерінен» қоймай қоңыраулар түсетін адамды ойландыруы тиіс. 

Мемлекет тарапынан «көмекшілер»

Өзге адамдардың ақшасын аңди отырып, ерекше тапқыр адамдар мемлекет тарапынан көмек түрінде әлеуметтік төлемдер мен жәрдемақылар тақырыбын да қозғады. Фейк Telegram боттарынан бастап, күтпеген жерден тағайындалған жәрдемақыны беру үшін SMS-хабарламадан картаның нөмірі мен кодын сұратумен бірге азаматтардың жеке нөмірлеріне қоңырау шалумен аяқтау – осының бәрі төтенше жағдай мен карантин енгізілгеннен бастап орын алды.

Цифрлық қызметтерді алу кезінде сіз қырағылық танытуыңыз керек – доменнің атауы, бот атауы, жазылушыларының саны дұрыстығына көз жеткізуіңіз керек, банк карталары, телефон арқылы SMS кодтары туралы ешкімге айтпаңыз, өз электрондық цифрлық қолтаңбаны басқа адамдарға бермеңіз. Басқа біреудің ЭЦҚ-сын алып, алаяқ тек ақшаны иеленіп қана қоймай, сонымен қатар алдын-ала болжанбайтын салдары болуы мүмкін барлық электрондық құжаттарға қол қою құқығын иелене алады.

Карантин кезеңіндегі жинақталған ақшаны қорғау үшін біз барлық азаматтарға Интернеттегі қауіпсіздік ережелерін сақтауға, әлеуметтік желілердегі жарнамалар мен күмәнді іс-шараларға қатысуға көнбеуге кеңес береміз. Сіз әрқашан кез-келген ұсынысты қайта тексеріп, қажет болған жағдайда мамандардың кеңесіне жүгінуіңіз керек.

Fingramota.kz көмегімен қырағылық танытып, өз қаржылық сауаттылығыңызды арттырыңыз!

white-arrow Тізімге