Кредит алдындағы кідірту: онлайн- қарыздар кезіндегі шешім қабылдау кезеңі

time 16.02.2026

Онлайн- қарыз алу  күнделікті өмірдің бір бөлігіне айналғаны қашан: сіз үйден шықпай-ақ бірнеше минут ішінде кредит ала аласыз. Алайда, оның
әп-сәтте, оңай ресімделуін көп жағдайда алаяқтар пайдаланып кетеді немесе асығыс қаржылық шешімдер қабылдауға әкеледі. Азаматтарды қорғау үшін Қазақстанда онлайн-қарыздар беру кезінде шешім қабылдау кезеңі енгізілді.

Fingramota.kz сізге шешім қабылдау кезеңі не үшін енгізілгенін, ол азаматтарды қалай қорғайтынын және нақты мысалдармен бұл тетіктің қалай жұмыс істейтінін айтып береді.

Шешім қабылдау кезеңі деген не?

Шешім қабылдау кезеңі — бұл онлайн қарызды мақұлдау мен ақшаны қарыз алушыға іс жүзінде аудару арасындағы уақыт. Қарапайым тілмен айтқанда, бұл асықпай ойлануға және қажет болған жағдайда айыппұлдар мен комиссияларсыз қарыздан бас тартуға арналған аралық уақыт. Онлайн қарызды үйден шықпай-ақ ақша алудың жылдам әрі ыңғайлы тәсілі болғанына қарамастан, оның тәуекелдері де бар. Ең алдымен, бұл қаржылық және кибер алаяқтық, сондай-ақ кейін адамдар өкініп жататын импульсивті шешімдер қабылдау тәуекелдері.

Шешім қабылдау кезеңі не үшін енгізілген? 

Негізгі мақсат - азаматтарды қорғау.

Шешім қабылдау кезеңі:

  • алаяқтардың қысымымен ресімделген қарыздар санын азайтуға;
  •  кредитті асығыс немесе эмоциялармен алатын жағдайлардың алдын алуға;
  • адамға қорқыныш сезімінен, стресс немесе алданып емес, саналы түрде шешім қабылдауға мүмкіндік беруге;
  • халықтың борыш жүктемесінің өсуін қысқартуға ықпал етеді.   

Көптеген алаяқтық схемаларда қаскүнемдер өз құрбанын «дереу қажет», «ақша текке күйіп кетеді», «дәл қазір ресімдеңіз» деп асықтырады. Шешім қабылдау кезеңі мұндай схеманы жоққа шығарады, себебі ақша бірден түспейді.

Шешім қабылдау кезеңі мынадай ретпен жүреді:

Адам онлайн қарыз алуға өтініш береді.

Қаржы ұйымы қарызды мақұлдайды.

Ақша бірден аударылмайды.

Шешім қабылдау кезеңі басталады — белгіленген күту уақыты.

Осы мерзім ішінде қарыз алушы:

  • қарыздан бас тарта;
  • шарттарды тағы бір зерделей;  
  • жақын адамдарымен немесе мамандармен кеңесе алады.
  • Егер адам өз ойын өзгертсе, ол комиссиясыз және айыппұлсыз қарыз алудан бас тарта алады.

Бұл тетік бірінші онлайн қарыз кезінде немесе ірі сомаға қарыз ресімдеу кезінде айтарлықтай қорғайды. Сондай-ақ, бұл тетік зейнетақы түрінде тұрақты кіріс бар зейнеткерлер үшін жұмыс істейді.


«Шешім қабылдау кезеңі» қандай қарыздарға қолданылады?

Қағида тек тұтынушылардың кепілсіз онлайн-қарыздары үшін жарамды.

Ол тауарлық кредиттерге қолданылмайды (яғни тауарлар сатып алу үшін алынған кредиттер).

Егер олар 150 АЕК лимитінен аспаса, кредиттік карта шеңберіндегі қарыздарға қолданылмайды.

Ол сондай-ақ ішкі қайта қаржыландыруға қолданылмайды (яғни, егер қарыз сол ұйым шеңберінде қайта қаржыландырылса).

Күніне бірнеше қарыз: егер қарыз алушы бір күн ішінде бірнеше кредит  ресімдесе және олардың жалпы сомасы лимиттерден асып кетсе, шешім қабылдау кезеңі сонда да міндетті болып табылады.

Балама – өзі барып өтініш беру: егер ақша шұғыл қажет болса және қарыз алушы онлайн қарыз алу үшін бірінші рет жүгінсе, онда ол банк бөлімшесіне немесе МҚҰ-ға жүгінуі керек.

Шешім қабылдау кезеңі онлайн қарыздың қандай сомасына қолданылады? 

«Шешім қабылдау кезеңі» ұзақтығы қарыз сомасына байланысты:

  •          Банктік қарыздар үшін 150-ден 255 АЕК-ке дейін (648 750 теңгеден 1 102 875 теңгеге дейін) - алаяқтықтың жоғары тәуекелі болған кезде кемінде 8 сағат.
  •          Ірі қарыздар үшін, яғни 255 АЕК-тен жоғары (~1 102 875 теңгеден астам), сондай-ақ 75 АЕК-тен жоғары (~324 375 теңге) микрокредиттер үшін - кемінде 24 сағат.

Келіскеннен кейін ғана ақша аудару: шешім қабылдау кезеңі аяқталғаннан кейін қарыз алушы «электрондық үкімет» веб-порталында кредиттік бюрода ресімделген келісімді беру арқылы не кредиторды ақпараттандыру объектілері арқылы қарыз алу ниетін растауға тиіс.

Қарыз алушының бас тартуы: егер «шешім қабылдау кезеңі» ішінде қарыз алушы қарыздан бас тарту туралы шешім қабылдаса, шарт жойылады және ақша аударуды кредитор жүргізбейді.

Бұл іс жүзінде қалай жұмыс істейді?

1-мысал. Алаяқтардан қорғау

Азаматқа белгісіз адамдар қоңырау шалып, «оның атына кредит ресімдейді» немесе «ақша ұрлауға тырысады» деп хабарлайды. Қысыммен ол шұғыл түрде онлайн қарыз алуға және «қаражатты қауіпсіз шотқа аудару» қажеттігіне сендіреді.

Қарыз мақұлданады, бірақ ақша бірден түспейді, егер сома заңнамада белгіленген лимиттен асып кетсе, шешім қабылдау кезеңі қолданыла бастайды. Осы уақыт ішінде адам банктің call-орталығына қайта қоңырау шала алады, туыстарымен кеңесіп, олардың алаяқтар екенін түсінеді.

Нәтижесінде қарыздың күші жойылады, ал ақша клиенттің шотына аударылмайды және адам қарыздар мен шығындардан аулақ бола алады.

2-мысал. Импульсивті шешім

Адамға ақша шұғыл қажет болған кезде және шарттарды толық оқымай-ақ онлайн қарыз алды. Шешім қабылдау кезеңінде ол шартты қайта оқи алады, қарыздың нақты құнын түсінеді, төлемдер отбасы бюджеті үшін қиын болатынын түсінеді.

Нәтижесінде, ол қаржылық қиындықтардан аулақ бола отырып, салдарсыз қарыздан бас тартады.

3-мысал. Алғашқы онлайн-қарыз

Жас жігіт алғаш рет интернет арқылы қарыз рәсімдейді және барлық шарттарды толық түсінбейді. Заңнама талаптары бойынша ол үшін бастапқы онлайн қарыз оның банк бөлімшесінде немесе МҚҰ-да жеке қатысуымен ресімделетін болады. Бұл тәсіл оған кредитордан егжей-тегжейлі түсіндірме алуға және сараланған шешім қабылдауға уақыт береді. Нәтижесінде қателіктер мен түсініспеушіліктер қаупі азаяды.

Маңызды!

Шешім қабылдау кезеңі қарыз алуға тыйым салмайды, тек адамға ойлануға уақыт береді. Қарыз мақұлдануы мүмкін, бірақ ақша бірден келмейді. Шешім қабылдау кезеңінде айыппұлсыз бас тартуға болады. «Ақша аударудың» шұғыл талаптары әрдайым алаяқтықтың белгісі болып табылады. Банктер мен МҚҰ қысыммен жедел әрекет етуді талап етпейді.


white-arrow Тізімге