Кредит ақшаны тез алудың қол жетімді құралы болғанымен, әрдайым қарызды қайтаруға тура келетінін, оның үстіне пайызбен қоса қайтару керек екенін түсіну қажет. Кредиттік жүктемені дұрыс есептемеу отбасылық бюджетке айтарлықтай әсер етуі мүмкін
Борыш жүктемесін қалай есептеуге және азайтуға болатыны жөнінде Fingramota.kz-пен-бірге қарастыралық
Борыш жүктемесінің коэффициенті
Борыш жүктемесінің коэффициенті (БЖК) – бұл қарыз алушының барлық өтелмеген кредиттері мен қарыздары бойынша төлемдердің оның ай сайынғы кірісіне қатынасы. Банктер мен микроқаржы ұйымдарында кредиттер ресімдейтін азаматтар үшін бұл 50%-ды құрайды. Яғни, ай сайынғы төлем қарыз алушының ай сайынғы табысының жартысынан аспауға тиіс.
Бұл көрсеткіш неғұрлым жоғары болса, қаржылық қиындықтар туындаған кезде олардың қарыз «құлдығына» түсу ықтималдығы соғұрым жоғары болуы мүмкін.
Оны есептеу формуласы мынадай:
БЖК = (Кредиттер бойынша жалпы ай сайынғы төлемдер / Орташа айлық табыс) × 100%
Есептеуге міндеттемелердің барлық түрлері — ипотекадан бастап микрокредиттерге дейін кіреді. Бұл ретте тіпті нақты пайдаланылмайтын кредиттік карталардың лимиттері де ескеріледі. Табыс ретінде тиісті құжаттармен расталған түсімдер — жалақы, шәкіртақы, зейнетақы, ДК-ның салық аударымдары және соңғы 6-12 айдағы басқа да ақпарат алынады.
Мысал: егер адам бірнеше қарыз бойынша айына 180 000 теңге төлесе, ал оның орташа айлық табысы 600 000 теңгені құраса, онда оның БЖК-і:
180 000 / 600 000 = 0,3 тең.
Бұл дегеніміз, кірістің 30%-ы борыштық міндеттемелерді өтеуге кетеді және мұндай деңгей Қазақстанда банктер мен МҚҰ үшін қолайлы болып саналады.
50%-дан жоғары — жоғары кредиттік жүктеме, бұл жағдайда қарыз алушыға қарыз немесе микрокредит беруден бас тартылады.
Кредиттік жүктеменің қалай есептелетінін біле отырып, қарыз алуға алдын ала дайындалып, қаржы ұйымының шешімін болжауға болады. Бұл әсіресе қаржыландыруды жоспарлап, өздерінің төлем қабілеттілігін сауатты дайындау және бағалау арқылы мақұлдау мүмкіндігін арттырғысы келетін адамдар үшін өте маңызды.
Кредиттік жүктемені қалай азайтуға болады
Егер жүйелі түрді әрекет жасалса, кредиттік жүктемені азайту – бұл өте жақсы және нақты шешім. Барлық қарыздар мен бөліп-бөліп төлеуден бас тартудың қажеті жоқ. Бюджетті оңтайландыру, басымдықтарды қайта қарау және қолда бар міндеттемелермен жұмыс істеу жеткілікті.
кредиттік карталарды жабу немесе лимиттерді азайту – тіпті пайдаланылмаған карталар БЖК-ны арттырады;
қайта қаржыландыру арқылы бірнеше кредитті бір кредитке біріктіру;
ұсақ қарыздарды мерзімінен бұрын өтеу – бұл ай сайынғы төлемдердің мөлшерін азайтады;
орташа айлық жалақы мөлшерін ұлғайту үшін бейресми кірістің бір бөлігін заңдастыру;
қажетсіз шығындарды қысқарту және қаражатты қарыздарды төлеуге жқмсау.
Аталған шаралар ағымдағы коэффициентті төмендетіп қана қоймай, қаржылық орнықтылықты жақсартуға көмектеседі. Қарыз алушының төлем қабілеттілігін есептеу жақсы жағына қарай өзгереді, яғни болашақ қарыздарды мақұлдау мүмкіндігі артады. Ең бастысы, борыш жүктемесін азайту енді сізде жеке және отбасылық қажеттіліктер үшін көбірек бос қаражат болады дегенді білдіреді.
Жоғары борыш жүктемесінің салдары
Борыш жүктемесінің көрсеткішін елемеу маңызды салдарға әкелуі мүмкін. Бұл, ең алдымен, кредит беруден бас тартуға қатысты. Егер коэффициент рұқсат етілген нормадан асып кетсе, банктер мен МҚҰ себебін түсіндірместен өтінімді қабылдамауға құқылы.
Сонымен қатар, жоғары борыш жүктемесі пайыздық мөлшерлемеге әсер етеді: тәуекелдер неғұрлым көп болса, артық төлем соғұрлым жоғары болады. Төлемдерін уақтылы төлемейтін қарыз алушы төлем мерзімін кешіктіруге осал болады, ал бұл кредиттік тарихтың нашарлауына әкеледі. Бұл, өз кезегінде, болашақта қаржылық өнімдерге қолжетімділікті шектейді.
Егер қарыз алушы алдыңғы қарыздарын өтеу үшін үнемі жаңа қарыздар рәсімдейтін болса, бұл қарызбастылыққа әкелуі мүмкін. Мұндай жағдайда кірістің едәуір бөлігі ай сайынғы төлемдерге кетеді, ал жалпы берешек өсе береді. Қаржылық қиындықтың алғашқы белгілері пайда болғаннан-ақ кредит бойынша төлем кешіктірілсе не істеу керектігін алдын-ала анықтау маңызды. Бұл негізделген шешімдер қабылдауға, тәуекелдерді азайтуға және қаржылық жағдайдың одан әрі нашарлауына жол бермеуге көмектеседі.
Естеріңізге сала кетейік, қарызды рәсімдемес бұрын шартты мұқият зерделеп, маңызды жерлерінің чек-парағын қарап шығу қажет:
Өз мүмкіндігіңізді байсалды бағамдаңыз – тіпті заңнамалық шектеулерді ескере отырып, сіз нақты қанша төлеуге дайынсыз;
Мақсатты талдаңыз – кредит міндетті түрде кейбір қажеттіліктерді өтеуі және өміріңізді жақсартуы керек;
Нарықты зерттеу – жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін және басқа кредит шарттарын нақтылаңыз. Сізге сәйкес келетінін таңдаңыз;
Кредитті өтеудің ыңғайлы әдісін таңдаңыз – кредитті төлеу сізге ыңғайлы әрі қауіпсіз болуы, мүмкіндігінше артық шығынсыз болуы керек
Борышты мерзімінен бұрын өтеу, кірісті ұлғайту және қайта қаржыландыру сияқты әдістерді қолдану түсетін салмақты айтарлықтай азайтуы мүмкін. Себебі қаржылық сауаттылық және кредит жүктемесін үнемі есептеу – Қазақстанның қазіргі экономикасы жағдайында тұрақтылық негізі.
Қаржылық мүмкіндігіңізді бағамдаңыз және қаржылық сауатыңызды Fingramota.kz-пен бірге арттырыңыз!
Цифрлық қақпан: алаяқтардың құрығына түсіп қалмаңыз
Кредиттік жүктеме: оны қалайша дұрыс есептеу керек
Қазақстанда брокерді қалай дұрыс таңдауға болады?
Салық шегерімдері дегеніміз не және 2025 жылы оны қалай қолдануға болады
ҚНРДА және Қаржылық инклюзия жөніндегі халықаралық ұйым Қазақстан қаржы секторының қызметкерлеріне о...
Жеке сот орындаушылары "қол сұғылмайтын" банк шотын бұғаттауға құқылы ма?