Әлем жұлдыздары үнемділік пен ақша жинау туралы

time 6.12.2024

Қаржылық жоспарлау — тұрақтылық пен табысты болашақтың кілті Түсетін кірістің деңгейіне қарамастан бюджетті сауатты жоспарлай білу қарызға кіріптар етпей, күтпеген шығындардан қорғану үшін қаржы жинауға көмектеседі. 

Fingramota.kz әрбір адам меңгере алатын жеке қаржыны тиімді басқаруға арналған қосымшалар туралы айтып береді. Сондай-ақ, біз сіздер үшін әлемдік жұлдыздардың пайдалы «қаржылық» кеңестерін таптық, олар өз өмірлерінің мысалында  шығындар жасауға жауапкершілікпен қараудың неліктен маңызды екенін дәлелдейді.

Жеке қаржыны тиімді басқаруға арналған қосымшалар – бұл кірістер мен шығыстарды түсінудің, сондай-ақ қарыздан құтылуға немесе үлкен сатып алуға ақша жинауға қанша уақыт кететінін түсінудің тамаша тәсілі.

CoinKeeper

Жеке қаржыны есепке алу бойынша кеңінен танылған қосымшалардың бірі. Барлығы визуалды басқарудың көмегі арқылы: монеталар – шығындардың символы, оларды сіз шығындар бөліміне «көшіріп» отырасыз. Бұл сізге ақшаңыздың қайда кетіп жатқанын көрсетеді.

CoinKeeper күрделі күйге келтірмей-ақ, түйсікпен түсінетін құралды қалайтын адамдар үшін өте қолайлы. Сонымен бірге, ақшаны артық жұмсамау үшін қосымшада лимиттер туралы еске салатын функцияны орнатуға болады. Ол үшін қосымшаға лимит сомасын енгізсеңіз болды, ол өзі сіз енгізген шығындарды бақылап отырады.

Money Lover

Бұл қосымшаны әзірлеушілер жазғандай, бұл қосымша – сіздің шығындарыңызды бақылап отыруға, бюджетіңіз бен жинақтарыңызды анықтаудағы «дос көмекшіңіз». Money Lover-ге шығындарды есепке алу, қаржылық мақсаттар қою және бюджетті жоспарлау сияқты функциялар орнатылған. Сондай-ақ, ол банктік шоттармен қатар байланыстырылған.

Қосымша күнделікті шығындарды бақылап, ақша жинауды жоспарлағысы келетін барлық адамдарға сәйкес келеді. Тағы бір артықшылығы: Money Lover сіздің бюджетіңіздегі осал тұстарды талдай отырып, оларды жоюға мүмкіндік береді.

Toshl Finance

Қосымшада қаржылық жоспарлау геймификациямен қатар жүреді – кейіпкерлер сізге есепті жеңіл нысанда жүргізуге көмектеседі. Сіз шығындар картасын жасай аласыз, бір айдағы барлық ақша ағындарына шолу жасай аласыз, бюджетке зиян келтірместен қанша ақша жұмсауға болатынын біле аласыз. Сондай-ақ, сізге ыңғайлы болу үшін қосымша әр түрлі салалар үшін бөлек бюджеттер жасауға мүмкіндік береді, мысалы, саяхат немесе ипотека.

Сонымен қатар, соңғы технологияларды қолдана білу, әрине, керемет дағды, бірақ олардан бос қаржылық лайфхактар пайдалы болуы мүмкін. Біз әлемдік кино, музыка және бизнес жұлдыздарының бірнеше ұсынымдарымен бөлісеміз, бұл оларға ақшаны жоғалтпай, керісінше оны жинақтауға мүмкіндік береді.

Ойланбаған шығындарға «жоқ» деп айтуды біліңіз (Тоби Магуайр, Сара Джессика Паркер, Уилл Смит)

Тоби Магуайр – 2000-шы жылдардың нағыз супержұлдызы, бірақ қазір ол киноға сирек түседі. Бұл ретте ол тек ақша табу үшін төмен деңгейдегі фильмдерде ойнай алмайды, себебі өз уақытында ол ақшаны бей-берекет жұмсамай, оны жинақтады. Актер «тек өмір сүру үшін ғана жұмыс істемеу керек» екендігін айтады.

Экрандағы әйгілі сәнгер Сара Джессика Паркер кедейлікте өсті, сондықтан әлі күнге дейін ойланбастан жасалатын сатып алудан аулақ, ал балаларына ақылға қонымды тұтыну мен үнемдеуді үйретеді.

Голливудта 90-шы жылдары және 2000-шы жылдары «мистер блокбастер» деп атанған актер Уилл Смит өзінің қатысуымен фильмдердің керемет кассаларын меңзеп, ойланбай ақша жұмсамайды. Ол: «Көптеген адамдар өздеріне ұнамайтын адамдарға әсер ету үшін өздері еңбекпен таппаған ақшаны өздеріне қажет емес заттарды сатып алуға жұмсайды,» – деп айтады.

Орайы келсесаудаласудан ұялмаңыз (Леди Гага)

Леди Гаганың асқан табысы бар бай әнші әрі актриса екендігімен ешкім дауласпайды. Алайда, ол толығымен қамтамасыз етілгенімен, заттардың сатылымын жақсы көреді және орайы келген кезде саудаласуға тырысады. Сондай-ақ, әнші өзінің жақындарына винтажды сыйлықтар сатып алғанды ұнатады, себебі бұл ... ерекше сыйлықтар. Ол өз жанкүйерлеріне де осылай әрекет етуді ұсынады, себебі бұл бюджетті үнемдеуге көмектеседі.

Барынша жеңілдіктерді, купондарды және кэшбекті пайдаланыңыз (Сара Мишель Геллар және Кристен Белл)

Сара Мишель Геллар азық-түлік дүкендеріне барғанда купондарды пайдаланады. «Неліктен басқа біреу аз төлейтін нәрсеге көбірек ақша жұмсау керек?». Актриса Кристен Белл де купондарды жақсы көреді және сұхбатында супермаркеттен купондар алған кезде адамдардың таңғаларлық көзқарастары оны қалай қызықтыратынын бірнеше рет айтты.

Кіріс түскен кезде әрдайым болашаққа ақшаны кейінге қалдырыңыз (София Аморузо)

Атақты бизнесвумен София Аморузо ақша жинаудың маңыздылығын жақсы біледі, себебі ол жүздеген миллион доллар табыс әкелген Nasty Gal дүкенінің банкроттығынан сәтті өтті. Сондықтан кәсіпкер сіздің табысыңыздың кем дегенде 10%-ын кейінге қалдырып, оған қол тигізбеуге кеңес береді. София Аморузоның айтуынша, бұл қарапайым әдет сізге қиын уақытта құтқаратын лайықты ақша жастығын немесе резервтік қорды береді.

Өзіңізге жақын болатын жобаларға инвестиция салыңыз  (Джаред Лето)

30 Seconds To Mars тобының актері және фронтмені технологиялық стартаптарға инвестиция салуды дұрыс деп санайды. Джаред Летоның айтуынша, ол үшін бизнестің адамдардың мінез-құлқын өзгертуі маңызды, ал негізін қалаушылар «қызыққан генийлер» болуы тиіс. Бұл ретте актердің өзі инвестициялау туралы егжей-тегжейлі біледі. Оның инвестициялық портфелі әсерлі, себебі оның атаулары да елеулі: Uber, Airbnb, Reddit. Бұл актердің сәтті инвестицияларының бір бөлігі ғана.

 

Әр адам қаржылық тұрғыдан сауатты болуы тиіс! Бізбен бірге болыңыз және трендтен қалмау үшін Fingramota.kz сайтына жазылыңыз! 

white-arrow Тізімге