Бүгінгі күні ортақ зейнетақы алу үшін 1998 жылға дейін жеткілікті стажы бар адамдар зейнетке шығады. Сондықтан олардың зейнетақы төлемдері көбінесе ортақ және базалық құрауыштардан тұрады. Бірақ бұл нақты стажбірте-бірте азая береді.
2040 жылдары зейнеткерлік жасқа тіпті заңда көзделген жарты жыл стажы жоқ адамдар жететін болады. Олар зейнетақының ортақ құрауышын алмайды. Әрине, бұл басқа көздерден – негізгі, жинақтаушы және оның ішінде ерікті құрауыштардан ауыстыруды қажет етеді.
Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесі саласындағы саясат әрбір азаматтың еңбек қызметінің бірінші күнінен бастап жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатыса отырып, өз зейнетақысына жинақтауға мүдделі болуына бағытталған. Ең алдымен, бұл үшін БЖЗҚ-дағы жеке зейнетақы шотына міндетті зейнетақы жарналарын уақтылы және ұдайы жүзеге асыру өте маңызды.
Зейнетақы жинақтары шоттарға келіп түсетін жарналар мен инвестициялық кірістерден құралады. Яғни, шоттардағы ақша жұмыс істейді – олар әр түрлі қаржы құралдарына инвестицияланады. Инвестициялаудың стратегиясы мен негізгі бағыттары бойынша шешімдерді ҚР Ұлттық қорын басқару жөніндегі кеңес қабылдайды. Зейнетақы активтері есебінен сатып алуға рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесін ҚР Үкіметі айқындайды. Инвестициялық декларация мен инвестициялық шешімдерді Қазақстан Ұлттық Банкі қабылдайды. Яғни зейнетақы активтерін инвестициялау процесіне жан-жақты назар аударылады.
Барлық зейнетақы жинақтары мен инвестицияларды дербестендірілген есепке алуды БЖЗҚ жүзеге асырады. БЖЗҚ-дан алған үзінді көшірмеден әрбір салымшы «24/7» режимінде кез келген күнге, инвестициялық кірісін қоса алғанда, өзінің зейнетақы жинақтары турады толық ақпаратты көре алады.
Зейнетақы жинақтарының сақталуына қалай кепілдік беріледі?
Қазақстандық жинақтаушы зейнетақы жүйесі зейнетақы жинақтарының сақталуына мемлекеттік кепілдіктің бірегей жүйесімен ерекшеленеді. «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес мемлекет алушыларға БЖЗ-дағы мiндеттi зейнетақы жарналарының және мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналарының зейнетақы төлемдеріне құқық алу сәтіндегі инфляция деңгейін ескере отырып, нақты енгізілген жарналар мөлшерінде сақталуына кепiлдiк бередi.
Адам зейнеткерлікке шыққан кезде жинақтаушы зейнетақы жүйесінде болған барлық кезеңдегі инфляция деңгейіне қатысты оның жеке зейнетақы шотындағы табыстылық есебі жүргізіледі. Егер жинақтаушы зейнетақы жүйесінде болған барлық кезеңдегі зейнетақы жинақтарының кірістілігі инфляция деңгейінен төмен болса, мемлекет бұл айырманы алушыға республикалық бюджет қаражаты есебінен төлейді.
Зейнетақы жинақтарын инвестициялық портфельді басқарушылардың (ИПБ) басқаруына аудару кезінде мемлекеттің кепілдігі зейнетақы активтері кірістілігінің ең төменгі деңгейін қамтамасыз ету жөніндегі басқарушы компанияның кепілдігімен ауыстырылады. Кірістіліктің ең төменгі деңгейі нарықта қолданылып жүрген ИПБ басқаруына берілген зейнетақы активтерінің орташа мөлшерленген табыстылығы негізге алына отырып есептеледі. Осылайша салымшылардың жинақтары қаржы нарықтарындағы оқиғалардың қалай дамитынына және инвестициялық кіріске қатысты жағдайдың қалыптасуына қарамастан сенімді қорғалған.
Fake Boss схемасы: алаяқтардан қалай сақтануға болады
Жеке сот орындаушылары "қол сұғылмайтын" банк шотын бұғаттауға құқылы ма?
«Қол сұғылмайтын» шот туралы алты факт
Микроқаржы омбудсманы: ол қандай мәселелерді қарайтын болады
Менің зейнетақы жоспарым. Зейнетке жинақтауды қашан бастау керек?
Банк омбудсманы: ол не үшін қажет және оған қандай жағдайда жүгінуге болады