Егер жылдам ақша аудару қажет болса
Ақша аударымы қазақстандық банк немесе халықаралық төлем жүйесі арқылы ақша жіберуге немесе алуға көмектеседі. Ол басқа қалада немесе елде жүрген отбасыға ақша жіберу; шетелде оқып жүрген балаңызға көмектесу; саяхатшыға қолма-қол ақшаны жылдам беру немесе сізбен бір елде тұратын адамға ақша аудару кезінде қажет болады. Аударымдар сыртқы (егер сіз Қазақстаннан шетелге ақша жіберетін болсаңыз, мысалы, Чехияға немесе Қытайға) немесе ішкі (мысалы, егер сіз Астанадан Алматыға ақша жіберсеңіз) болады.
Ақша жөнелтуші өз қызметі үшін ақы алатын делдал арқылы ақша алушыға ақша аударады. Түрді делдалдар сіздің ақшаңызды түрлі жылдамдықпен және түрлі бағамен аударады. Сіз өзіңізге өте тиімді төлем жүйесін таңдап алуыңызға болады.
Делдал қазақстандық банк болып табылатын кезде жүргізілетін ақша аударымдарының түрлері:
Экспресс-аударымдар
Бұл қызметті пайдалану үшін шот ашудың қажеттілігі жоқ. Рәсім жеңіл, бұл ретте ол ұйымдарға емес, тек адамдарға ғана қолжетімді. Экспресс-аударымдар Қазақстан бойынша ақша жіберу үшін жасалған.
Теңгемен жылдам аударымдар
Аударымның бұл түрі үшін ақша жөнелтушіде және ақша алушыда банкте ағымдағы шот ашылуға тиіс. Ақша аудару үшін алушының банктік шотының нөмірін, оның ЖСН және алушы банктің БСК білу қажет.
Бұл ақпаратты банкте ағымдағы шотты ашқан кезде береді. Ақшаны аударым жасаған соң 1-2 жұмыс күні ішінде алуға болады. Оған қоса комиссия да төмен болады. Жылдам аударымдардың көмегі арқылы жақын адамдарға ақша аударуға болады, сол сияқты сатып алынған тауарларға немесе қызметтерге ақы төлеуге, яғни ұйымдарға ақша аударуға болады.
SWIFT халықаралық аударымдары
SWIFT аббревиатурасы «Society for Worldwide Interbank Financial Telecommunications» ретінде ашып жазылады. Аударған кезде ол «Бүкіл әлемдік банкаралық қаржылық телекоммуникациялар қауымдастығы» дегенді білдіреді, оның негізгі мақсаты халықаралық форматта ақпарат беру және төлемдер жасау болып табылады.
Бұл әлемнің кез келген еліне кез келген ақша сомасын жіберудің қолайлы тәсілі. Бастысы, алушы банк SWIFT жүйесіне қосылуға тиіс. Аударымдар банктік 1 күннен 3 күнге дейін жүреді. Мұндай аударымдар жасау үшін ақша жөнелтушінің, сол сияқты ақша алушының ағымдағы шоттары болуға тиіс. Ақша жөнелтушіге жеке басын куәландыратын құжат, сол сияқты ақша алушының деректемелері қажет болады. Оған қоса, ол ақшаны жөнелту мақсатын көрсетуі қажет.
Visa to Visa картадан картаға аудару
Бұл аударымның қолайлылығы оның тәуліктің кез келген уақытында, демалыс күндері, банктер жұмыс істемейтін кезде де қолжетімді болып табылатындығында. Оны жүзеге асыру үшін банкомат немесе интернет-банкке қолжетімділік қажет болады.
Бұл қазақстандық, сол сияқты шетелдік банктің картасы болуы мүмкін, бастысы, ол VISA болуға тиіс, және сіз ақша алушы картасының нөмірін, аты мен тегін білсеңіз болды. Ақша бұл жағдайда, егер ол бір банктің VISA карталары болса 3 сағат ішінде аударылады, түрлі банктердің карталары болса 1 күнге дейінгі мерзімде аударылады. Бірақ, көбіне ақша санаулы минуттар ішінде түседі.
Қызмет үшін баға, аударым бағытына қарай түрлі болады.
Код бойынша аударым
Бұл қызмет жекелеген банктердің карта ұстаушыларына банкомат немесе интернет-банктің порталы арқылы ақша аударуға мүмкіндік береді. Ақшаны алу үшін банктің картасы қажет емес. Ақша жөнелтуші хабарлаған кодты білсеңіз болды, банкоматқа келіп, кодты енгізіп, ақшаны алуға болады. Осылайша, көп емес соманы, мысалы, 300 мың теңгеге дейінгі соманы аударуға болады.
Делдал – халықаралық төлем жүйесі болған кезде
MoneyGram
Бұл компанияның әлемнің 200 елінде бөлімшелері бар. Ақшаны жіберген соң 10 минут ішінде алуға болады. Аударым сомасы бойынша ешқандай шектеулер жоқ. Сіздің барлық жасайтын іс-әрекетіңіз – ол MoneyGram немесе банк бөлімшесінде нысанды толтыру және сіз аударғыңыз келетін соманы плюс комиссияны (жіберу бағытына қарай) төлеу қажет.
Мысалы, Қазақстаннан Ресейге 1000 АҚШ долларын аударған кезде, комиссия 16 АҚШ долларын құрайтын болады. Көптеген қазақстандық банктер осы және басқа халықаралық жүйелермен жұмыс істейді, сондықтан банк бөлімшесіне келіп, MoneyGram пайдалануға болады.
FASTER
Бұл алғашқы қазақстандық халықаралық ақша аударымдар жүйесі. FASTER шот ашуды талап етпейді. Ақшаны Қазақстан, РФ, Өзбекстан, Қырғызстан, Украина, Әзірбайжан, Тәжікстан, Беларусь, Армения, БАӘ, Грузия, Ұлыбритания, Моңғолия арасында жіберуге болады.
Ақша аударымының ең жоғары сомасы –3 миллион теңгеге дейін немесе 10 мың АҚШ доллары. Ақшаны аударым жасаған соң бір минуттан кейін алуға болады. Комиссия 1-2%-ды құрайды. Құжаттардан бар талап етілетіндері – жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқасы, сол сияқты ақшаны алушының тегін, атын, ол тұратын елді және қаланы білу қажет. FASTER аударымын сол сияқты банк бөлімшесінен жүргізуге болады.
WESTERN UNION
Бұл жүйенің аударымдары аударымды тез табуға және оның мәртебесін тексеруге мүмкіндік беретін ақша аударымының бақылау нөмірімен жабдықталған. Ақшаны 200 елден астам жерлерде жіберген соң бірнеше минуттан кейін алуға болады. Банкте шоттың болуы талап етілмейді. Қаражатты жіберген соң, сізге 10 мәндік бақылау нөмірі көрсетілген түбіртек беріледі. Оны, сол сияқты аударым сомасын, елді және қаланы алушыға хабарлау қажет.
Мыналарды есте сақтаған жөн:
«Стоп-кредит»: ол қалай жұмыс істейді және алаяқтардан қорғай алады ма
Жинақтауға арналған сақтандыру – оны қалай пайдалануға болады
Zakon.kz порталы Интернет және қаржылық алаяқтыққа қарсы іс-қимыл бойынша конференцияны ұйымдастырды...
Қаржылық сауаттылықты арттыру жөніндегі сараптамалық кеңес құрылды
Жеке сот орындаушылары "қол сұғылмайтын" банк шотын бұғаттауға құқылы ма?
«Қол сұғылмайтын» шот туралы алты факт