Сізге кепілгер болуға ұсыныс түсті. Келісуге болады ма?

time 26.11.2020

Әлеуетті қарыз алушы кредитор алдында өзінің төлем қабілеттілігін растай алмаған жағдайда ол кепіргер тарта алады. Егер сізге кепілгер болуға ұсыныс түссе не істеу керек? Fingramota.kz-тен толығырақ білуге болады. 

Әрине, кепілгер ретінде әрекет ету - кепілдік шарты немесе кепілдеме-хат жасалған сәттен бастап жауапкершілікте болу. Борышкермен қандай жағдай болмасын, күтпеген жағдайлар болған жағдайда, борышкерге кепілдік берген кепілгер міндеттеменің орындалуына жауап береді. Мысалы, егер қарыз алушы айтарлықтай төлем мерзімін кешіктірсе, онда банк кепілгерден кешіктірілген соманы өндіріп алуға толық құқылы.

Сіз кепілгер болсаңыз, нені ескеру керек? 

Кепілгер заң актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, борышкердің міндеттемелерді орындау үшін кредитор банктің алдында толық немесе ішінара ортақ жауап береді. Бұл дегеніміз, егер сіз кепілгер ретінде кредитор алдында борышкер үшін кепілдік берген болсаңыз, егер кепілдік шартында өзгеше көзделмесе, сіз борышкермен бірге міндеттемені ішінара немесе толық орындау үшін жауап бересіз.

Кепілдік шарты тек жазбаша нысанда жасалуы тиіс. Жазбаша нысаны сақтамау осы шарттың жарамсыз болуына әкеледі. Сондықтан шартқа қол қоймай тұрып, онымен мұқият танысып шығыңыз.   

Кепілгердің кредитор алдындағы жауапкершілігі қандай?

Сонымен, кепілгер бола отырып, сіз жауапкершіліктен босатылмайтыныңызды ұмытпаған жөн. Сонымен қатар, егер сіз қарыз алушының қабілетсіздігі туралы білсеңіз, ал кредитор бұл жағдай туралы білмеген болса, онда сіз бұл жағдайда жауапкершіліктен босатылмайсыз.

Кепілгер, егер кепілдік шартында өзгеше көзделмесе, кредитордың алдында борышкермен бірдей мөлшерде, оның ішінде тұрақсыздық айыбын, сыйақыны (мүддені) төлеуді, қарызды өндіріп алу үшін сот шығындарын және кредитордың борышқордің міндеттемені орындамауынан немесе тиісінше орындамауынан туындаған өзге де шығындарды төлеу үшін жауап береді.

Кепілгер қандай құқықтарға ие?

Кепілгер борышкердің кредитор алдындағы міндеттемені орындауы үшін жауап береді. Егер борышкер кредитордан жалтарса, оның алдындағы міндеттемелерін орындамаса, онда бұл жағдайда банк сізге кепілгер ретінде жүгінетінін білдіреді. Бірақ бұл жерде кепілгер кредитордың талабы қанағаттандырылғанға дейін борышкерге бұл жөнінде ескертуге міндетті екенін атап өту қажет.

Кредитор кепілгерге қатысты талап қоя алады, бұл жағдайда кепілгер борышкерді іске қатысуүшін тартуға құқылы. Әйтпесе, борышкер кепілгердің кері талабына қарсы оның кредиторға қарсы барлық қарсылықтарын ұсынуға құқылы.

Кепілгер, егер кепілдік шартынан өзгеше туындамаса, кредитордың талабына борышкер ұсына алатын қарсылық білдіруге құқылы. Кепілгер, егер борышкер олардан бас тартса немесе өз борышын мойындаса да, бұл қарсылықтарға құқығын жоғалтпайды.

Егер кепілгер кепілдік шартына сәйкес өз міндеттемесін орындаған жағдайда, онда ол борышкерден келтірілген залалды өтеуді талап етуге құқылы. Бұл негізгі міндеттемені, яғни қарызды төлеу, сондай-ақ кредиторға төленген сомаға тұрақсыздық айыбы мен сыйақыны төлеу және борышкердің жауапкершілігіне байланысты келтірілген басқа да шығындарды өтеу болуы мүмкін.

Егер борышкер кредитор алдындағы міндеттемесін орындаған болса …

Егер борышкер банк алдындағы міндеттемесін орындаса, ол бұл туралы кепілгерге хабарлауға тиіс.

Егер кепілгер кредитор алдындағы міндеттемені орындаған жағдайда, онда ол кредитордан негізсіз алынған талап етуді өндіріп алуға не борышкерге талап қоюға құқылы.

Кепілдік қашан тоқтайды?

Кепілдік шартында көрсетілген жауапкершілікті банк алдындағы міндеттемелерді орындаған жағдайда алып тастауға болады. Кепілдіктің қолданыс мерзімі Кепілдік шартында келісіледі. Егер кепілдіктің қолданыс мерзімі қандай да бір себептермен шартта көрсетілмесе және кредитор кепілдікпен қамтамасыз етілген міндеттемені орындау мерзімі басталған күннен бастап бір жыл ішінде кепілгерге талап қоймаса, онда кепілдік тоқтатылады. 

Егер заң актілерінде өзгеше көзделмесе, негізгі міндеттеменің орындалу мерзімі көрсетілмесе және талап ету сәтімен белгіленуі немесе белгіленуі мүмкін болмаса, егер несие беруші кепілдік шарты жасалған күннен бастап екі жыл ішінде кепілгерге талап қоймаса, кепілдік тоқтатылады.

Сондай-ақ, егер кепілдік берілген міндеттемені орындау мерзімі аяқталғаннан кейін кредитор борышкер немесе кепілгер ұсынған тиісті орындауды қабылдаудан бас тартса, кепілдік тоқтатылуы мүмкін. Егер кепілгер кепілдік бермеген, яғни ол үшін жауапкершілік алуға келіспеген жаңа борышкер пайда болса, кепілдік тоқтатылады. Осы ережелердің барлығы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде нақты жазылған.

Сондықтан, осындай маңызды қадамға келіспес бұрын және кредитор алдында осындай жауапкершілік қабылдамас бұрын, кепілгердің барлық құқықтары мен міндеттерін мұқият зерделеңіз және кепілгер болуға келіссеңіз, кепілдік туралы келісіммен міндетті түрде танысыңыз.

Қаржылық сауаттылығыңызды Fingramota.kz-пен  арттырыңыз!

white-arrow Тізімге