Қоса қарыз алушы – қарыз алушымен бірге банктік қарыз шартына қол қоятын жеке тұлға, сондықтан негізгі борышкер сияқты сондай құқықтар мен міндеттерге ие болады.
Банк үшін қоса қарыз алушы – құқығы тең бантік қарыздың қатысушысы, кредитор одан негізгі борышкерден сияқты барлық міндеттемелерді орындауды талап етуге құқылы.
Көбінесе қоса қарыз алушыны кепілгермен шатастырады. Алайда бұл екі түрлі рөлдер, міндеттері ұқсас, бірақ құқықтары біршама ерекшеленеді. Fingramota.kz толығырақ айтып береді.
Кепілгер мен қоса қарыз алушының айырмашылықтар
Қоса қарыз алушы көбінесе қарыз алушының болашақ кредитке қызмет көрсетуге жеткілікті табысы болмаған кезде талап етіледі және кредит бойынша жиынтығында төлемдерді өтейтін табысы бар тағы да бір адам талап етіледі. Жалпыға мәлім болғандай, кредитке қызмет көрсету үшін заңмен ресми расталған кірістің 50%-дан аспайтын төлем жасауға рұқсат беріледі. Кепілгерге қатысты оның табысы болашақ кредит сомасының мөлшеріне әсер етпейді, өйткені ол негізгі борышкердің міндеттемелерін орындамаған жағдайда кепілгер ретінде ғана әрекет етеді.
Осылайша, қарыз алушының табысы қажетті мөлшерде кредит ресімдеуге жетпеген жағдайда қоса қарыз алушы тартылады. Сонымен қатар кепілгердің табысы қарыз алушы алатын кредиттің ең көп мөлшерін есептеуде ескерілмейді, сондай-ақ кредиттің мөлшеріне әсер етпейді. Айырмашылықтар төлем жасау қабілетіне қойылатын талаптар бөлігіне де қатысты. Егер қоса қарыз алушының төлем жасау қабілеті қарыз алушының төлем жасау қабілетімен жинақталып есептелсе, онда кепілгердің төлем жасау қабілеті кредит бойынша төлемдерді пайызымен қоса өзінің өтеуі үшін жеткілікті болуы тиіс.
Қоса қарыз алушы ипотека сияқты ірі кредиттерді ресімдеген кезде қажет, мәселен ол қарыз алушының өзіне қажет, ал кепілгер борышты қайтару кезіндегі тәуекелдерді барынша азайту үшін банкке қажет. Қарыз алушы қоса қарыз алушы сияқты, кепілгерді де бірге тарта алады.
Қоса қарыз алушы кім болуы мүмкін?
Қоса қарыз алушы кез келген адам бола алады. Қоса қарыз алушы көбіне жақын туыстары: ерлі-зайыптылар, ата-аналары, балалары, аға-інілері және әпке-қарындастары (әпке-сіңлілері) болады, сирек жағдайда азаматтық некедегі ерлі-зайыптылар, бизнес серіктестер, әріптестер және достар да болады.
Банкте ипотекалық қарыз ресімдеген кезде заңды некеде тұрған адамдар міндетті түрде қоса қарыз алушы болады. Мәселен, егер ипотеканы жұбайы ресімдесе, онда ол тиісінше кредит қарызының барлық ауыртпалығын өзінің зайыбымен бөліседі, егер олар ажырасқан жағдайда, осы тұрғын алаңға ол ерімен тең құқыққа ие болады. Көптеген банктер үшін қоса қарыз алушыны тартудың бұл талабы міндетті болып табылады.
Қоса қарыз алушының құқықтары мен міндеттері
Бірлескен міндеттеме – бұл ҚР Азаматтық кодексінің 287-бабына сәйкес, көп адамы бар міндеттеме, оған байланысты әрбір кредитор талап етуге құқылы, ал әрбір борышкер өз міндеттемесін толық көлемде орындауға міндетті.
Борышкерлердің бірлескен міндеттемелері ккезінде кредитор барлық борышкерлерден, оның ішінде олардың кез келгенінен жеке орындауды талап етуге құқылы.
Бірлескен борышкерлер міндеттеме толығымен орындалғанға дейін міндетті болып қалады. Бұл дегеніміз, кредит алғанда қоса қарыз алушы болуға келіскен әрбір адам, кредиттік шартқа қол қоя отырып, қарыз алушының өзі сияқты кредит қатысушысы болып табылатындығына, яғни қарыз алушымен бірге толық бірлескен жауапкершілікте болатындығына келісім беретіндігін білдіреді.
Құқықтарға келетін болсақ, кепілгерден бөлек, қоса қарыз алушы кредиттегі үлеске бірлескен құқыққа ие болады, жылжымайтын мүлікті сатып алған жағдайда, ол сатып алынған мүліктің тең иесі болуға құқылы.
Жеке сот орындаушылары "қол сұғылмайтын" банк шотын бұғаттауға құқылы ма?
«Стоп-кредит»: ол қалай жұмыс істейді және алаяқтардан қорғай алады ма
«Қол сұғылмайтын» шот туралы алты факт
Әлем жұлдыздары үнемділік пен ақша жинау туралы
Жинақтауға арналған сақтандыру – оны қалай пайдалануға болады
Фишингтік сайттарды қалайша тануға болады: негізгі проблемалары және пайдалы ұсынымдар