ДК: егер шотқа шектеу қойылса
Дара кәсіпкерлердің карталары бұғатталған жағдайға шағын наубайхананың иесі Артур тап болған.
Ол жеткізушіге тауар үшін ақшаны жедел аударуы тиіс болатын, бірақ неге екенін, оның карточкасын банк бұғаттады. Кейіннен анықталғандай, себебі картаның қолданылу мерзімі өткен болып шықты.
Осындай жағдай кіммен болса да болуы мүмкін Бұғаттаудың қандай себептері болатынын, осындай жағдайларда дара кәсіпкерлер қалай әрекет ету керек екенін және оларды болдырмауын талқылап көрейік.
Бір карта екінші картаға ұқсамайды
Біріншіден нақтылап кетейік, дара кәсіпкер бизнесті жүргізу үшін жеке тұлға ретінде ашқан өз картасын пайдалана алады ма және бұл бұзушылық болып саналады ма?
Барлық карталардың мақсаты бір болғанына қарамастан, иесіне шоттарға банкке кірмей рұқсат беруге және әртүрлі операциялар жүргізуге салық төлеуші мәртебесі деген түбегейлі ерекшелігі бар. Сондықтан дара кәсіпкерлерге төлем карточкасын ашу ДК арналған банктік шоттар ашу жөніндегі заңнама талаптарына сәйкес жүргізіледі. Егер жеке тұлғаға банктік шот ашу үшін банкке жеке басын куәландыратын құжатты бергені жеткілікті болса, ал дара кәсіпкерге құжаттардың белгіленген тізбесін беру қажет..
Егер төлем карточкасы бұғатталып қалса?
Төлем карточкасы бұғатталған жағдайда карточка ұстаушысы эмитент-банктердің бөлімшелерінде банктік шот бойынша операциялар жүргізе алады.
Төлем карточкасын ұстаушының жеке интернет-кабинеті арқылы операциялар жүргізу мүмкіндігі төлем қызметін ұсыну шарттарының негізінде айқындалада. Іс жүзінде атап айтқанда төлем карточкасы бұғатталған кезде бұғатталған төлем карточкасының банктік шотымен онлайн-операцияларға шектеу қойылады және рұқсат берілмейді.
ДК шотын бұғаттау үшін негіз болатын не?
Банктік шотқа мынадай шектеу қойылады: шот бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру; банктік шоттағы ақшаға тыйым салу. Бірақ бұл клиенттің ақшасына тыйым салу құқығы бар уәкілетті мемлекеттік органдардың, лауазымды тұлғалардың немесе сот орындаушыларының тиісті шешімдерінің негізінде ғана қолданылады.
Дара кәсіпкерлердің банк шоттарындағы ақшаны жұмсауға уақытша шектеу, сондай-ақ банктік шоттар бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру да жоғарыда аталған тұлғалар мен органдардың тиісті шешімдерінің, өкімдерінің негізінде жүзеге асырылады. Негіздемесі банктің бағалауы бойынша күмәнді операция болуы мүмкін.
Қандай транзакциялар күмәнді деп саналып, бұғатталады?
Қазақстан Үкіметі күдікті (күмәнді) операцияларды анықтау белгілерін бекітті. Бұл белгілер қаржы нарығының барлық қатысушылары үшін бірдей.
Операцияны күдікті операция деп тану туралы шешімді банктер ішкі бақылау қағидаларына сәйкес қабылдайды. Бұл ретте операцияларды тоқтата тұру қаржы мониторингі субъектісі ретінде банктен тиісті хабарламаны қарау қорытындылары бойынша ҚР Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитетінің шешімі негізінде жүзеге асырылады.
Қаржыға қол жеткізуге шектеу қойылса не істеу керек, төлемдер жүргізуге бола ма?
Заң бойынша банктік шотты ашпай төлемдер жүргізуге болады.
Төлемдерге қанша мерзімге шектеу қойыла алады?
Төлем карточкалары тәуекелдер анықталған жағдайда және заңнамада және төлем карточкаларын шығару туралы шартта көзделген талаптар негізінде бұғатталады. Проблемалы мәселелер шешілісімен, банк төлем карточкасын бұғаттан шешеді.
Егер карточка жоғалған немесе ол ұрланған болса, онда оны бұғаттан шешу үшін ұстаушы банкке өтініш беруі тиіс. Банктер ұстаушыны бірдейлендіру бойынша қашықтан іс-шаралар жүргізе алады.
Банктің бастамасы бойынша төлем карточкасын бұғаттаған кезде оны бұғаттан шешу банктің ішкі қағидаларында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады. Банктік шот бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру немесе банктік шоттағы ақшаға тыйым салу мерзімдері уәкілетті органдар және (немесе) адамдар белгілеген мерзімге байланысты. Банктік шоттағы ақшаны жұмсауға уақытша шектеу ҚР қылмыстық-процестік кодексінде белгіленген мерзімдерге сәйкес қойылады.
Бұғаттаудың заңды екендігіне қалай көз жеткізуге болады?
Банк төлем карточкасын бұғаттаған кезде не банктік шот бойынша шығыс операциялары тоқтатыла тұрған кезде банктер төлем карточкалары иелерінің сұратуы бойынша түсіндірме беруі тиіс. Банк іс-қимылының заңдылығына күмән келтірген жағдайда, клиент тиісті құрылымдарға, оның ішінде Қазақстан Ұлттық Банкіне немесе сот органдарына құқықтарын қорғау үшін жүгінуге құқылы.
Егер банктікі дұрыс болмаса?
Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде негізделмеген себептер бойынша клиенттердің төлемдерін жүргізуден бас тартқаны үшін банктердің жауапкершілігі көзделген. Сонымен қатар банк шарттық қатынастарды бұзған және зиян келтірген жағдайда, банктің клиенттері әрқашан сотқа жүгіне алады.
Төлем карталары туралы, оның ішінде егер банк жалақы картасын бұғаттаса не істеу керектігі және өз карточкаларыңызды бұғаттан қалай шешу керектігі туралы басқа да материалдарды мынадан оқыңыз.
Фишингтік сайттарды қалайша тануға болады: негізгі проблемалары және пайдалы ұсынымдар
Жылдам, ыңғайлы және пайдалы: неліктен автокөлік иелері Еурохаттамаға назар аударуы керек
Жеке сот орындаушылары "қол сұғылмайтын" банк шотын бұғаттауға құқылы ма?
Жаңадан бастағандарға арналған инвестициялық қосымша қалай жұмыс істейді?
Криптовалюта дегеніміз не және ол қайда пайдаланылады?
Бейтаныс нөмірлерден спам-қоңыраулар: оларды қалай болдырмауға болады