Fingramota.kz ұсынған Qarjy Quest жобасының жаңа шығарылымы қауіпсіз және саналы қолма-қолсыз төлемдерге арналған.
Бұл эпизодта Дамир алғаш рет банк картасын алады. Ал досы Алинур оған картаны дұрыс және жауапкершілікпен пайдаланудың негізгі қағидаларын түсіндіреді:
QR арқылы төлем жасау, лимиттер мен қауіпсіздік баптауларын реттеу, жеке деректерді бөгде адамдарға бермеу және карта жоғалған жағдайда тез әрекет ету маңыздылығы жайлы түсіндіреді.
Көрермендер кейіпкерлермен бірге өз қаржысын қорғаудың тиімді жолдарын, дропперлік ұғымының мәнін және не себепті «таныстардың өтінішімен» ақша аударуға болмайтынын біледі.
💡 Жоба жасөспірімдерге қаржылық сауаттылықты іс жүзінде меңгеруге және өз ақшасын сенімді басқаруға көмектеседі.
Жаңа эпизодты YouTube пен Fingramota.kz әлеуметтік желілерінен көріңіздер.
Пікір қалдырып, өз ойыңызбен бөлісіңіздер!
#Fingramota #QarjyQuest #ҚаржылықСауаттылық #БанкКартасы
Сұр кредиторлар: борыш қақпанына қалай түсіп кетпеуге болады
Автосақтандыру: 2026 жылдан бастап жүргізушілер үшін не өзгереді
Қазақстандағы жеке тұлғалардың банкроттығы: қалай жұмыс істейді және ол кімге қажет
Қауіпті «сыйлықтар»: акциялар мен ұтыс ойындарының астарында не жатыр
Жеке сот орындаушылары "қол сұғылмайтын" банк шотын бұғаттауға құқылы ма?
«Қол сұғылмайтын» шот туралы алты факт