Fingramota.kz ұсынған Qarjy Quest жобасының жаңа бөлімінде Алинур мен Дамир геймерлерге таныс жағдайға тап болады:
«Тағы бір скин алсам болды, осы соңғысы!»
Дамир ойынға қатты беріліп, ұсақ төлемдердің үлкен сомаға айналғанын байқамай қалады.
Ал Алинур оған ойлануға себеп береді — микротөлемдер көзге еленбегенімен, уақыт өте айтарлықтай шығынға әкелуі мүмкін. Бірге олар ойынға деген қызығушылық пен бақылаусыз шығын арасындағы шекараны табуға тырысады.
💡 Донаттар тұзағына түспеу үшін:
✓ ойынға кететін сомаға алдын ала шектеу қойыңыз;
✓ сатып алуларды жазып, шын мәнінде қуаныш сыйлайтынын төлемдерді саралаңыз;
✓ шешімді бірден емес, бірнеше күннен кейін қабылдаңыздар.
🎮 Ойын – көңілді уақыт өткізу құралы , бірақ оны да бақылауда ұстаған дұрыс. Донат — жаман төлем емес, тек оны орнымен қолдану керек.
Осылайша жасөспірімдер саналы түрде ақша жұмсауды үйреніп, шынайы «скилл» тек ойында емес, өмірде де қажет екенін түсінеді.
Жаңа эпизодты YouTube арнасынан және Fingramota.kz әлеуметтік желілерінен көріңіздер.
💬 Ал сіз ойынға кететін шығынды қалай бақылайсыздар? Төлемдерді азайтуға қандай кеңестер көмектесті?
#Fingramota #QarjyQuest #ҚаржылықСауаттылық #Ойындар #Донат #ЖасөспірімдергеАрналғанҚаржы #Микротөлемдер #СаналыТұтыну
Сот орындаушысы: негізгі функциялары және жұмыс қағидаттары
Картаны бұғаттау: егер шотыңыз бұғатталған болса не істеу қажет
Зейнетақы жинақтары: соңғы кезде не өзгерді және бұл болашақ зейнетақыға қалай әсер етеді
Қазақстандықтар қандай құралдарға инвестиция салады және қаражат салмас бұрын нені білу маңызды
Сақтандырудағы франшиза: қажеті бар ма немесе жоқ па?
Ломбард және кредит тарихы: қарыз кредитті мақұлдауға әсер ете ме