Әуелі отбасында ақшаның қайдан пайда болатынын және оның қалай бөлінетінін түсіндіріп беріңіз. Өзіңізді үлгі ретінде көрсетіп, ақшаны қалай ұтымды жұмсауға, жинақтауға және көбейтуге болатынын үйретіңіз.
Осындай жолмен сіз өз балаларыңызға ересек өмірді сенімді әрі қаржылық тұрғыдан тәуелсіз адам ретінде бастауына көмек бересіз.
Ата-аналардың қаперіне:
- Аптасына бір күн, мысалы сенбі не жексенбі балаларыңызбен қаржылық тексеру жүргізіңіз: қанша жұмсалды, қанша ақша алды. Әрине, есеп беру мен талқылау емен-жарқын ортада іске асуы тиіс.
- Балаңызды сәтті қаржылық шешімі үшін мақтап, қолпаштап, қателіктері болса байыппен талқылаңыздар. Бастысы, бала сабақ алса болғаны. Орынсыз шығындары үшін ұрсудың қажеті жоқ. Өз қателіктерінен сабақ алуға рұқсат беріп, қажет болғанда кеңес беріп көмектесіңіз.
- Бірге бюджетті жоспарлау туралы пайдалы кітаптарды оқып, ақша жайлы фильм көріңіздер. Және естеріңізде болсын: балалар көп жағдайда ата-анасынан үлгі алады, сондықтан да өз қаржылық сауаттарыңызды жетілдіріп, қаржылық тәртіпті нығайтыңыздар.
Адамның цифрлық ізі: желіге әрбір кірген сайын не қалады
Автосақтандыру: 2026 жылдан бастап жүргізушілер үшін не өзгереді
Инвесторға салық декларациясын қалай тапсыруға болады: қадамдық нұсқаулық
Депозит: салымды қалай таңдау, жинақтарды қалай қорғау керек және кірісті жоғалтып алмау үшін не іст...
Салық шегерімдері дегеніміз не және 2025 жылы оны қалай қолдануға болады
Қаржылық кесте: баланы үйретуге тұрарлық 7 әдет
Қарызды өтеудің ыңғайлы тәсілі: төлем кестесін есептеу, өтініштер беру және құжаттарға қол қою
Finkelisim жаңа платформасы несие берешегін реттеу ережелерін қалай өзгертеді