Қазіргі заманда қаржылық алаяқтықтың тәсілдері көп. Бүгінде олардың ең танымал түрлері – вишинг және фишинг.
☎️📲Телефон алаяқтары психологиялық әдістерді қолданып, алдап-арбау, қорқыту мен үркіту арқылы, сізден жеке және банктік деректерді алып, шотыңыздағы бар қаражатыңыздан айыруы мүмкін.
🌐 🪝 Фишинг-алаяқтар интернетте өз құрбанын қармаққа ілуге тырысатын «балықшылар» сияқты жұмыс істейді. Олар пайдаланушыларды өз төлем карталарының деректерін, сондай-ақ, мобильді банкинг логиндері мен парольдерін енгізуге мәжбүрлейтін жалған ұқсас сайтқа апаратын сілтемелері бар электрондық хаттар немесе СМС-хабарламалар жібереді.
Сақ болыңыз🙋♂️🙋♀️! ️ Алаяқтар өздерін банктің немесе қауіпсіздік қызметінің қызметкерлері ретінде таныстыруы мүмкін.
Есте сақтаңыз🙅♀️🙅! Банктер ешқашан төлем карталарының деректерін, парольдерді және басқа да конфиденциалды деректерді телефон мен электрондық пошта арқылы сұрамайды. Олар ешқашан клиентке бірінші болып қоңырау шалмайды.
🔍Заманауи технологияларды қолданатын алаяқтық схемалар туралы толығырақ сілтеме бойынша оқыңыз ⏩ https://clck.ru/SnGAn
Авто-айлакерлік: жолдағы алаяқтар қалай жұмыс істейді және сақтандыру неге сіздің қорғаныңыз бола ал...
Қазақстан азаматтарды қаржылық алаяқтардан қалай қорғайды
«Алдымен өзіңе төле»: неге бұл қағида бәріне бірдей жұмыс істемейді
Автосақтандыру: 2026 жылдан бастап жүргізушілер үшін не өзгереді
Қарыз тұзағынан шығудың жаңа мүмкіндігі: Finkelisim платформасы кредиттерді реттеу тәсілін қалай өзг...
Проблемалық кредиттер: банк және микроқаржы омбудсмандарына жүгініңіз