2022 жылы акцияларды бастапқы жария орналастыру, яғни « Самұрық-Қазына » ұлттық әл-ауқат қоры » АҚ компанияларының IPO-ға (Initial Public Offering) шығуы күтілуде.
Fingramota.kz -пен бірге IPO дегеніміз не және оған қалай қатысуға болады жан-жақты зерделейміз .
IPO (Initial public Offering) - акцияларды биржада орналастыру жолымен акционерлік қоғамның бағалы қағаздарын инвесторлардың шектелмеген тобына бастапқы жария ұсыныс. IPO нәтижесінде компания акциялары биржадан тыс айналатын жеке компанияға қарағанда жария болады, есептілік ашық болады, ал шығарылған бағалы қағаздар инвесторлардың кең ауқымы үшін қолжетімді болады.
« Самұрық-Қазына » АҚ құрамына кіретін мемлекеттік стратегиялық компаниялардың IPO-сы 2021-2025 жылдарға арналған жекешелендіру жоспары шеңберінде жүргізілетін болады. Бұл компаниялардың акциялары институционалдық инвесторлар үшін де, қатардағы қазақстандықтар үшін де қолжетімді болады.
Атап айтқанда, 2022 жылы қор биржаларында « Эйр Астана » АҚ және « ҚазМұнайГаз » ҰК » АҚ, 2023 жылы – « KEGOC » АҚ және « QazaqGaz » ҰК АҚ, 2023-2024 жылдары – « Самұрық-Энерго » АҚ акцияларын орналастыру жоспарлануда.
Мемлекет қатысатын компаниялардың IPO-сын өткізу барлық тараптар үшін тиімді. Осылайша, қор нарығына жария түрде шығатын компанияның өзі үшін IPO бизнесті дамыту және жаңа жобаларды іске асыру мақсатында қосымша капитал тартуға мүмкіндік береді. Мемлекет үшін бұл ел экономикасының дамуына «халықтың» ақшасын тартудың тәсілі. Жалпы алғанда, IPO отандық қор нарығының дамуына оң әсер етеді, Қазақстан халқының инвестициялық мәдениеті мен қаржылық сауаттылығын арттыруға мүмкіндік береді.
Әдетте, IPO-ға нақты бизнес-модельдері, корпоративтік басқарудың жоғары деңгейі бар тұрақты және перспективалы компаниялар шығарылады, олардың қаржылық есептілігі халықаралық стандарттарға сәйкес келеді және тұтастай алғанда олар бөлшек инвесторлардың кең тобына жарамды.
Инвестор үшін пайда – мүмкіндігінше ұлттық компанияда белгілі бір үлесті, яғни біраз уақыттан кейін дивидендтер мен құн өсімі (сату бағасы мен сатып алу бағасы арасындағы оң айырма) түрінде кіріс бере алатын акцияларды сатып алу. Бұл ретте инвестициялардың негізгі қағидаларын есте сақтау қажет: күтілетін кірістілік неғұрлым жоғары болса, тәуекел соғұрлым жоғары болады. IPO-ға инвестициялар жоғары кірістілікті болып саналатындықтан, олар жоғары тәуекелмен бірге жүреді.
IPO-ға қатысу үшін акциялар орналастырылған биржаның мүшесі болып табылатын лицензияланған брокерді таңдау қажет. Брокер шот ашады және ақша қаражатымен толықтыру үшін инвесторға оның деректемелерін ұсынады. Шотта ақша болған кезде инвестор өзінің брокеріне IPO акцияларын сатып алуға өтінім береді.
Толығырақ «Бағалы қағаздар нарығы» бөлімінен оқыңыздар
Алаяқтар трендте: алдаудың нақты жағдайлары және одан қорғану әдістері
Жеке сот орындаушылары "қол сұғылмайтын" банк шотын бұғаттауға құқылы ма?
«Ақшамды жоғалтып аламын ба деп қорқамын »: байланыссыз төлемдер қауіпсіз бе?
Қаржылық инклюзияны дамыту – реттеушінің негізгі басымдықтарының бірі
Несие тарихына не әсер етеді және оны қалай жақсартуға болады
«Қол сұғылмайтын» шот туралы алты факт