Алаяқтардың жаңа арбауы: СЕНІП, САН СОҒЫП ҚАЛМАҢЫЗДАР

time 17.10.2022
aye 5961
Алаяқтардың жаңа арбауы: СЕНІП, САН СОҒЫП ҚАЛМАҢЫЗДАР

Қаржы алаяқтарының с хем алары күннен күнге түрленіп, көп жағдайда оларды    бірден ажыратып, тануға мүмкін болмай жатады. Fingramota.kz-пен бірлесіп олардың кейбіреулерін қарастырайық. 

Тіл үйрететін жалған курстар

Қаржы пирамидалары мессенджерлер мен әлеуметтік желілер арқылы барынша қарбанып, тіл үйрету курстарына шақырулар жіберуде. Шет тілдеріне оқытудан басқа олар клиенттерге әріптестік бағдарламалар ұсынады, ондағы басты талап - компанияның өнімін жеке пайдалану немесе сату мақсатымен сатып алу. Алайда, ол үшін алдымен белгілі бір қызметтер топтамасына
N сомада ақша салу қажет. Сату және жаңа адамдарды тарту нәтижелері бойынша ең белсенді қатысушыларға банк салымдары бойынша кірістіліктен асатын жоғары сыйлықақы немесе автомобильге кепілдік беріледі мыс.

Кеңес: Тәуекелдерді айналып өтудің жалғыз жолы – күмәнді компаниялардың мұндай ұсыныстарын мүлдем елемеу. Ақшаңыздан  айырылмас бұрын, осы компания туралы, оның қанша уақыт жұмыс істегені, өз қызметін жүзеге асыруға тиісті лицензиясының бар-жоғы туралы ақпарат жинаңыз. Егер наразы немесе қарсы пікірлер көп болса, онда бұл сізді кезекті  қаржы пирамидасына тартып жатыр ма деген күдіктенуге себеп болады.

IPO тақырыбы бойынша жалған жарнама

«Сәлеметсіз бе, мен алаяқтарға тап болдым. Қазмұнайгаздың жарнамасын көріп, маған инвестиция салуды ұсынған сілтеме бойынша өттім. Мен салған жалпы сома 5 500 000 теңгені құрады. Енді оларды таба алмаймын. Мен не істеуім керек?» - мұндай өтініш ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне «Fingramota Online» мобильдік қосымшасы арқылы келіп түсті.

Бүгінгі таңда интернетте, оның ішінде әлеуметтік желілерде, сондай-ақ YouTube бейнехостингінде инвестициялық жобалардың алаяқтық жарнамасы белсенді түрде насихатталуда, олардың құрушылары азаматтарды елдің ірі компанияларының IPO-сына қатысуға шақырады.

Жарнамалар мен бейнероликтер: «Мемлекеттік бағдарлама бойынша елдің ұлттық байлығынан төлемдер алу мүмкіндігін пайдаланыңыз!», «Дереу төлемдер алыңыз, сілтеме бойынша тіркеліңіз!» - деп мұндалап тұр.  Бүгін соңғы күн, сілтеме бойынша шұғыл тіркелу керек-мыс.

Олардың жарнамаларына барынша көп адам сенуі үшін қаскүнемдер танымал тұлғалардың, оның ішінде Қазақстан Республикасы Президентінің, елдің ұлттық компаниялары мен қаржы ұйымдары басшыларының,  қоғамдық пікір басшыларының есімдерін, суретін, бейнежазбасын пайдаланады. Қылмыскерлер түпнұсқа аудио хабарды ауыстыра отырып, жалпыға қол жетімді бейнероликтерден алынған бейнекадрларды пайдаланады.

Кеңес: Алаяқтардың арбауына бой алдырмаңыз және сізге түсініксіз сілтемелерге өту немесе бейтаныс адамдарға, соның ішінде әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы ақша аудару ұсынылған кезде өте мұқият әрі сақ болыңыз.

Коммуналдық төлемдер немесе салық төлеу бойынша жалған түбіртек

Бұл схема қалай жұмыс істейді? Қаскүнемдер адамдарға банктің атын жамылып коммуналдық қызметтерге немесе салық берешегін төлеуге қойылған шотты төлеуге хабарлама жібереді. Адамдар білмегендіктен шотты автоматты түрде төлейді, ал ақша мақсатқа сай төленбей, алаяқтардың қалтасына түседі. 

Кеңес: Егер сіз күмән тудыратын түбіртек алатын болсаңыз, ешбір жағдайда шотты төлеуге асықпаңыз. Дұрысы, алдымен оны түпнұсқамен салыстыру қажет. Коммуналдық не салық қызметіне қоңырау соғып, сізге шотты төлеу туралы хабарламаны солардың жібергенін нақтылап біліңіз.

Толығырақ «Алаяқтардан сақ болыңыз» деген бөлімнен оқыңыздар

white-arrow Тізімге