ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті Innova Gold қаржы пирамидасының қызметін тоқтатты.
Қаржы пирамидасы алтын құймалары мен құрамында алтын элементтері бар косметикалық өнімдерді сататын интернет-дүкен ретінде жасырылған.
Ұйымдастырушылар сенгіш азаматтарға күмәнді жобаларға ақша салғаны үшін, сондай-ақ клиент өзімен бірге басқа салымшыларды әкелген жағдайда жобаны ілгерілеткені үшін бонустар уәде еткен. Салынған ақша Innova Gold сайтындағы салымшының жеке шотында көрсетілген, алайда сайтты пайдаланушылар іс жүзінде өз қаражаттарын қолма-қол ақшаға айналдыра алмаған», - деп хабарлады агенттік.
Салымшылардың жалпы саны 1 300-ден астам адам, қаржы пирамидасының қызметінен келген шығын анықталуда.
Innova Gold ұйымдастырушысына қатысты екі айға дейін қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы тағайындалды.
«Егер сіз немесе сіздің туыстарыңыз Innova gold компаниясының әрекетіне тап болса, сенім телефонына немесе ҚМА аумақтық департаменттеріне жүгінген жөн» деп хабарлайды ведемоство өкілдері.
Ақпарат kazpravda.kz сайтынан алынған.
Жалған брокерлер: оларды қалай танып, білуге болады
Балаларға арналған цифрлық қауіпсіздік бойынша онлайн-сабақтарды іске қосты
Қате ақша аударымы, не істеу керек: қадамдық нұсқаулық
Салық шегерімдері дегеніміз не және 2025 жылы оны қалай қолдануға болады
Жеке сот орындаушылары "қол сұғылмайтын" банк шотын бұғаттауға құқылы ма?
Кредит бойынша төлем мерзімі өткен жағдайда не істеу керек