AQYL дегеніміз не және білім беру депозитін онлайн қалай ашуға болады

time 19.12.2024
aye 2143
AQYL дегеніміз не және білім беру депозитін онлайн қалай ашуға болады

Білім беру депозиті – бұл балаңыздың немесе ата-аналар мен басқа да ересектердің атына білім беру жинақтау салымын ашу мүмкіндігі. Болашақта бұл салымды мектеп бітіргеннен кейін колледжде немесе университетте оқуды төлеу үшін Қазақстанда немесе шетелде қолдануға болады. Егер бала грантқа түссе, бұл депозиттегі қаражатты кез келген мақсатта пайдалануға болады.

Желтоқсандағы жастарға арналған ғылыми-танымдық «OYLA» журналының қаржылық сауаттылық туралы арнайы шығарылымында білім беру депозиті туралы айтылады. Бұл депозитті мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесіне (MББЖЖ) қатысатын банктерде немесе сақтандыру компанияларында ашуға болады.
Танымдық ақпарат, глоссарий, түрлі-түсті иллюстрациялар мен коллаждар жас қаржыгерлерге материалды тез меңгеруге көмектеседі.

AQYL депозитінің артықшылықтары:

- әр ай сайын депозитке банктің табысынан пайыздар (сыйақы) есептеледі;

- жыл сайын депозиттің бүкіл сомасына мемлекеттен 5 немесе 7% көлемінде сыйақы есептеледі;

-  депозиттегі ақшаны Қазақстандағы немесе шетелдегі колледждер мен университеттерде оқу ақысын төлеу үшін пайдалануға болады;

- егер бала мектептен кейін колледжге немесе университетке грантқа түссе, жинақталған соманы мемлекеттік сыйақымен бірге толық алуға болады. Сондай-ақ жинақтауды 20 жасқа дейін жалғастыруға немесе қаражатты басқа адамның, мысалы, жақын туыстың депозитіне аударуға мүмкіндік бар;

- салымды онлайн түрде, отбасыңызға ыңғайлы сомамен және қолайлы уақытта толықтыруға болады;

- бұл депозит мемлекет пен үшінші тұлғалардың кез келген өндіріп алуларынан қорғалған, яғни оны сот шешімімен бұғаттауға (тұтқынға алуға) болмайды, оған салымшыдан басқа ешкім иелік ете алмайды және т.б.;

- бұл салым Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорымен сақтандырылған. Кепілдік сомасы 10 млн теңгеден аспайды.
Бұл дегеніміз, егер банк қандай да бір себептермен жабылып қалса, мемлекет салымшыға 10 млн теңгеге дейін өтемақы төлей алады.

Сақтандыру компаниясымен білім беру жинақтау сақтандыру келісімшартын жасасу кезінде өз өміріңізді сақтандыру мүмкіндігі беріледі. Яғни, сіз тек ақшаны жинап қана қоймай, оны инвестициялық табыс пен мемлекеттік сыйақы арқылы көбейтіп қана қоймай, сонымен қатар сақтандыру қорғанысын аласыз.

Айта кетейік, «OYLA» журналындағы балаларға арналған арнайы беттер мемлекеттік және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Fingramota.kz жобасы аясында қаржылық сауаттылықты арттыру мақсатында шығарылады.


Толығырақ ақпаратты «Балаларға арналған қосымшалар» бөлімінен оқи аласыз.

white-arrow Тізімге