Азаматтар микрокредиттерге байланысты барлық проблемалық мәселелер жөнінде тегін консультациялар ала алады. Аталған қызметті Микроқаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі орталық және Қазақстан микроқаржы ұйымдары қауымдастығының (ҚМҚҰҚ) жанында қызмет ететін микроқаржы омбудсманы көрсетеді.
Fingramota.kz қарыз алушы-жеке тұлғаларға МҚҰ-мен даулы мәселелерді сотқа дейінгі тәртіпте қалайша реттеуге болатыны жөнінде толығырақ айтып береді.
Микроқаржы ұйымдарымен өзара іс-әрекеттесу кезінде құқықтары аяқ асты болған қарыз алушылардың құқықтарын қорғау үшін 2022 жылғы қыркүйекте Қазақстанда ҚМҚҰҚ жанында арнайы орган – Микроқаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі орталық (Орталық) және қарыз алушылар мен МҚҰ арасындағы дауларды және келіспеушіліктерді шешу үшін микроқаржы омбудсманы құрылды.
Қазіргі уақытта микроқаржы омбудсманы Башанов Серікбай болып табылады, ол қаржылық бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органда және банктерде басшы лауазымдарында көп жылдар бойы қызмет атқарған.
МҚҰ қарыз алушылары қандай сұрақтармен өтініш бере алады?
Қаржылық қиындықтарға тап болған қарыз алушылар Орталыққа мынадай мәселелер бойынша өтініш жасай алады:
- МҚҰ алдындағы берешекті қайта құрылымдау кезінде тегін және жедел жәрдем алу (төлемді кейінге қалдыру мүмкіндігін, өтеудің жаңа кестесін алу және т.б.);
- егер МҚҰ клиентпен кездесуге барудан бас тартса немесе оның өтінішіне мүлдем жауап бермесе, шағымдар мен өтініштер беру;
- МҚҰ қызметкерлері тарапынан заңнаманы бұзу немесе қорлау т.б. сияқты әдепсіз әрекеттер бойынша шағымдар мен өтініштер беру.
Өз кезегінде омбудсман егер МҚҰ қарыз алушының проблемасын шешуден бас тартса, микроқаржы ұйымы мен қарыз алушы арасындағы микрокредит беру туралы шарттан туындайтын дауларды реттеуге көмектеседі.
Омбудсманға жүгінер алдында не істеген дұрыс ?
Микроқаржы омбудсманына жүгінбес бұрын, алдымен кредитормен даулы мәселені өз бетінше реттеу жөнінде шаралар қабылдау қажет. Ол үшін жазбаша немесе электронды түрде жазылған өтінішпен микроқаржы ұйымына хабарласуды ұмытпаңыз. МҚҰ күнтізбелік 15 күн ішінде өтінішіңізді қарап, оған жауап беруге міндетті.
Егер ортақ мәмілеге келу мүмкін емес болса, онда сіз Орталықтың көмегіне жүгіне аласыз. Алайда, егер Орталыққа жүгінгеннен кейін МҚҰ қабылдаған шешім сізді қанағаттандырмаса, онда омбудсманға жүгінуге құқығыңыз бар.
Омбудсманға өтінішті қалай беруге болады?
1-қадам. Мынадай құжаттар тізбесін жинаңыз:
Омбудсманға жүгінгенге дейін МҚҰ-мен даулы мәселелерді реттеу әрекеттерін растайтын құжаттар (өтініштер/жолданымдар/МҚҰ жауаптары (бар болса).
2- қадам. Өтінішті толтырыңыз, оның нысанын омбудсманның https://mfohelp.kz/ сайтынан жүктеуге болады және өтінішті жоғарыда аталған барлық құжаттарды қоса бере отырып, manager@mfohelp.kz электрондық пошта мекенжайына жіберіңіз.
3- қадам. Екі нысанды толтыра отырып, дербес деректерді жариялауға келісім беру қажет:
Орталыққа қалай жүгінуге болады?
Микроқаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау, оның ішінде микрокредит бойынша төлемді кейінге қалдыруды ұсынудың барлық мәселелері бойынша Сіз Орталыққа мынадай: +7 771 933 34 44 нөмірі арқылы хабарласа аласыз.
Толығырақ "Кредиттер" бөлімінен оқыңыздар
Фишингтік сайттарды қалайша тануға болады: негізгі проблемалары және пайдалы ұсынымдар
Жылдам, ыңғайлы және пайдалы: неліктен автокөлік иелері Еурохаттамаға назар аударуы керек
Жаңадан бастағандарға арналған инвестициялық қосымша қалай жұмыс істейді?
Жеке сот орындаушылары "қол сұғылмайтын" банк шотын бұғаттауға құқылы ма?
«Қол сұғылмайтын» шот туралы алты факт
«Стоп-кредит»: ол қалай жұмыс істейді және алаяқтардан қорғай алады ма