Қазақстанда күзгі әскерге шақыру жалғасып жатыр. Бұл — еске салуға жақсы себеп: егер әскерге шақырылушының кредитсі немесе микрокредиті болса, мерзімді әскери қызмет кезінде оған арнайы кейінге қалдыру қолданылады.
Төлемдер тоқтатыла тұрады, бұл кезеңде сыйақы есептелмейді, ал банкке жеке өтінішпен жүгінудің қажеті жоқ. Fingramota.kz бұл тетіктің қалай жұмыс істейтінін және қызметтен қайтқаннан кейін нені ескеру қажет екенін түсіндіреді.
Әскери қызметке барасыз — кредит ерекше режимге көшеді
Әскерге шақырылған кезде қолданыстағы банк қарызы немесе микрокредиті болса, қызмет кезінде әдеттегі кесте бойынша төлемдерді жалғастырудың қажеті жоқ.
Кейінге қалдыру мерзімді әскери қызметтің бүкіл кезеңіне және ол аяқталғаннан кейін тағы 60 күнтізбелік күнге беріледі. Ол негізгі борыш пен сыйақы бойынша төлемдерге қолданылады. Бұл кезде кейінге қалдыру кезеңі үшін сыйақы есептелмейді.
Бірақ маңызды бір жайт бар: кейінге қалдыру — борышты есептен шығару емес. Кредит сақталады, оның өтелуі уақытша кейінге ауысады.
Өтініш, әскери комиссариаттан анықтама, банкке бару енді қажет емес
Бүгінгі таңда бұл тетік автоматты түрде жұмыс істейді. Әскерге шақыру және кейін мерзімді әскери қызметтен босау туралы мәліметтер Қорғаныс министрлігінің, кредиттік бюролардың және кредитгерлердің ақпараттық жүйелерінің өзара әрекеттесуі шеңберінде беріледі.
Сондықтан әскери қызметшіге жеке өтініш берудің немесе кредит шартына қосымша келісім жасасудың қажеті жоқ.
Егер кредит бірнеше болса, қағида өзгермейді: қарыз алушының статусы туралы мәліметтерді тиісті кредитгерлер алады.
Дегенмен қызметке барар алдында өзіңіздің кредиттік есебіңізді тексеріп алу пайдалы. Сол арқылы сіздің атыңызға рәсімделген барлық міндеттемені көріп, олар туралы ақпараттың өзекті екеніне көз жеткізе аласыз.
Тетік қазірге дейін 23,5 млрд теңге кредитні қамтыды
Мерзімді қызметшілер үшін кейінге қалдыру 2024 жылғы тамыздан бастап қолданылады, бүгінде оның қолданылу ауқымын бағалауға болады.
«Мемлекеттік кредиттік бюро» АҚ деректері бойынша, 2024 жылғы тамыздан 2026 жылғы 1 маусымға дейін кейінге қалдыру 82,1 мың мерзімді әскери қызметшіге жалпы сомасы 23,5 млрд теңге қарыздар бойынша берілген. 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында 30 мың әскери қызметшіге жалпы сомасы 7,5 млрд теңге кредит бойынша кейінге қалдыру берілді.
Яғни тетік жекелеген шара ретінде ғана қолданылып отырған жоқ, ол мерзімді қызметшілердің қолданыстағы кредит міндеттемелерінің айтарлықтай санын қамтиды.
Ал қызметке барар алдында берешек пайда болса?
Мерзімді әскери қызметті өтеу кезеңіне өндіріп алу басталған борыштарға қатысты да шаралар көзделген. Заңнамада белгіленген жағдайларда тиісті рәсімдер қызмет мерзіміне тоқтатыла тұрады. Ол аяқталғаннан кейін берешек сақталады, сондықтан қарыз алушыға оны өтеу немесе реттеу мәселесіне қайта оралуға тура келеді.
Сондықтан әскерге шақырылғанға дейін кредитнің бар-жоғын ғана емес, олардың қазіргі жағдайын да білу пайдалы.
Қызмет кезінде жаңа кредит берілмейді
Тағы бір қағида 2025 жылғы 31 тамыздан бастап қолданылады: мерзімді әскери қызметшілерге жаңа банк қарыздары мен микрокредиттер беруге тыйым салынған.
Кредит өтінімін қарау кезінде банк немесе МҚҰ қарыз алушының статусын кредиттік бюро арқылы тексереді. Егер кредиттік есепте мерзімді әскери қызметті өтеу туралы мәлімет болса, кредитгер қарыз беруден бас тартуға міндетті.
Нәтижесінде айқын жүйе қалыптасады: қолданыстағы кредитлер бойынша төлем кейінге қалдырылады, ал жаңа кредитлерге қызмет мерзімінде тыйым салынады.

Толығырақ "Кредиттер" бөлімінде оқыңыз
Қаржылық кесте: баланы үйретуге тұрарлық 7 әдет
Әскери қызмет кезіндегі кредит: мерзімді әскери қызметшілер үшін төлемді кейінге қалдыру қалай жұмыс...
Депозит: салымды қалай таңдау, жинақтарды қалай қорғау керек және кірісті жоғалтып алмау үшін не іст...
Автосақтандыру: 2026 жылдан бастап жүргізушілер үшін не өзгереді
Ұзақ демалыс немесе шағын демалысты қалай жоспарлаған жөн
ҚДКБҚ теңгелік депозиттер бойынша мөлшерлемені көтерді
Қарызды өтеудің ыңғайлы тәсілі: төлем кестесін есептеу, өтініштер беру және құжаттарға қол қою
Finkelisim жаңа платформасы несие берешегін реттеу ережелерін қалай өзгертеді