Қаржы пирамидалары мессенджерлерге қол сұқты

time 16.06.2021
aye 5547
Қаржы пирамидалары мессенджерлерге қол сұқты

Соңғы жылдары Қазақстанда қаржылық алаяқтықтың және қаржы пирамидаларының жаңа түрлері қарқынды түрде күшейіп, жетілдірілуде. Өздерінің қылмыстық ойларын жүзеге асыру үшін алаяқтар көп жағдайда ең заманауи технологияларды пайдалануда. Қаржы пирамидаларының ұйымдастырушылары «жеңіл ақшаны» және жылдам табысты уәде етіп, өз құрбандарын интернетте, әлеуметтік желілерде, сондай-ақ мессенджерлерде құрықтарына түсіруде.

Қаржы пирамидасының ерекшелігі жылдам әрі жеңіл ақшаға ие болуды уәде ету болып табылады.

Пирамиданың үш сатысы

Бірінші – құру кезеңі. Әдетте, бірінші қатысушылардың табысын қаржы пирамидасының ұйымдастырушысы өз қаражаты есебінен төлейді, бұл ретте бірінші қатысушылар кішігірім жарна төлейді. Осылайша пирамиданың ұйымдастырушысы қатысушылар саны мен абыройын арттырады.

Екінші – даму кезеңі. Пирамида өздерінің үлкен табыстарына шабыттанған бірінші қатысушылар есебінен өте жылдам өсе бастайды. Бірақ жаңа қатысушылардың ендігі сыйақылары ұйымдастырушылардың, тиімді инвестициялардың немесе шынайы бизнес-жобалардың емес, жаңадан келген қатысушылар есебінен төленеді.

Үшінші – пирамиданың күйреуі. Бұл сөзсіз. Қатысушылардың белгілі бір саны және қомақты сома жиналғаннан кейін, ұйымдастырушы ақшаны алып тайып тұрады. Соңғы келген қатысушылар сыйақыдан да, өз қаражатынан да айырылып қалады.

Естеріңізге сала кетейік, қаржы пирамидалары қаржы ұйымдарына жатпайды және ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдауға, банк шоттарын ашуға және жүргізуге арналған лицензиялары жоқ, тиісінше олар қаржы реттеушісінің бақылауында емес.

Өз ақшаңызды күмәнді ұйымдарға сеніп тапсырмаңыз! Реттелмейтін ұйымдарға ақша салу оларды толық жоғалту қаупінің жоғары деңгейімен қатар жүреді. Әдетте, пирамида қатысушыларының арасындағы өзара қарым-қатынас өзара сенімге құрылады, және ақшаны беру және шоғырландыру жөніндегі іс-әрекеттерді қатысушылардың өздері жүзеге асырады. 

Егер Сізде кез келген ұйымның қызметіне қатысты сұрақтар немесе күмән туындаса, егер Сіз компанияда қаржы пирамидасының белгілері бар деп есептесеңіз, Сіз «Fingramota Online» мобильді қосымшасы («Қаржы пирамидалары және қаржылық алаяқтық» бөлімі) арқылы Агенттікке хабарласа аласыз. Қосымшаны App Store және Play Market дүкендерінен жүктеп алуға болады. Мобильді қосымшаның мына веб-нұсқасы да қолжетімді: http://online.fingramota.kz/ru

 

Сақ болыңыз, алаяқтардың арандатуына бой алдырмаңыз және www.fingramota.kz-дан пайдалы ақпаратты көбірек біліңіз!

 

white-arrow Тізімге