Соңғы уақытта Қазақстандағы ауа-райынан күнде бір тосынсый күтуге болады. Күні кеше ғана Алматы қаласын құмды дауыл басып, кейбір өңірлерде қатты нөсер жауып өтті. Қатты желдің екпіні ағаштарды құлатып, ғимараттардың шатырларын жұлып әкетіп, ал жолдарда нөсердің салдарынан жол-көлік оқиғалары жиілеп кетті.
Табиғи апаттың салдарынан темір тұлпарларына зақым келген автокөлік иелеріне не істеу қажет екендігі жөнінде Fingramota.kz-пен қарастырып көрелік.
Қазақстан аумағы әртүрлі табиғи апаттарға бейім, олардың салдары әртүрлі болуы мүмкін. Шаңды дауыл мен екпінді жел кезінде, мысалы, Алматыда ағымдағы жылдың 28 наурызында болғандай, азаматтардың мүлкіне зиян келуі мүмкін.
Автокөліктің үстіне бұтақтар мен ағаш діңдері құлаған болса, құлау фактісін тіркеп, оқиғаның сызбасын жасау үшін жол полициясының патрульдік қызметін шақыру қажет. Көлік иесінің сақтандыруы болса, сақтандыру компаниясына оқиға туралы міндетті түрде хабарлау қажет.
Айта кету керек, автокөлікті міндетті сақтандыру (көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру) мұндай жағдайларды қамтымайды. Көлікті міндетті сақтандыру көлік иесінің көлікті басқару кезінде үшінші тұлғаларға келтірген зиянын өтеуге арналған.
Ең тиімді жағдайда ерікті сақтандыру шартына қол қойған азаматтар – КАСКО, табиғи апаттардың тәуекелдерін өтейді. Егер сізде КАСКО бойынша ерікті сақтандыру болса, көлігіңіз бұтақтармен немесе ағаш діңімен зақымдалған болса, оқиға туралы сақтандыру компаниясына хабарлауыңыз керек. Өтінішті жазбаша түрде дайындаған жөн, егер бұл сақтандыру шартында қарастырылған болса, электрондық пошта арқылы да жіберуге болады. Сақтандыру өтемақысын алу үшін сақтандыру ұйымы көлік құралына келтірілген зиянның мөлшерін бағалайды.
Ағаш құлаған көліктің иесі тек міндетті сақтандыруға ие болса, бұл оның шығынын ешкім өтемейді дегенді білдірмейді. Сіз сотқа шағым бере аласыз немесе егер құлаған ағаш қауіпті деп танылса, ағашты күтіп ұстауға жауапты адамнан өтемақы өндіріп алуға тырысыңыз.
Fingramota.kz көлікті міндетті сақтандыру мен КАСКО арасындағы айырмашылық неде екенін еске салып, сондай-ақ сақтандыру төлемдері қалай жүзеге асырылатынын түсіндіреді.
Толығырақ "Сактандыру" бөлімінен оқыңыздар
Балалардың цифрлық қауіпсіздігі: киберқылмыскерлерден оларды қалай қорғауға болады
Несие тарихына не әсер етеді және оны қалай жақсартуға болады
Қаржылық инклюзияны дамыту – реттеушінің негізгі басымдықтарының бірі
«Ақшамды жоғалтып аламын ба деп қорқамын »: байланыссыз төлемдер қауіпсіз бе?
Жеке сот орындаушылары "қол сұғылмайтын" банк шотын бұғаттауға құқылы ма?
Зейнеткерлерге ескерту: алаяқтардың телефон арқылы ойлап тапқан жаңа схемалары