Қаржы пирамидаларын құрушылар қысқа уақыт аралығында кепілдік берілген, аса жоғары табысқа қол жеткізетіндерін уәде етіп, азаматтарды өздеріне тартады. Алайда, белгілі бір мөлшерде қатысушылар мен тиісінше салымдар жинала салысымен ұйымдастырушылар барлық ақшамен бірге жоқ болып кетеді.
Fingramota.kz қаржы пирамидаларының негізгі түрлері, белгілері мен сатылары туралы еске салады.
Қаржы пирамидаларының классикалық схемалары
Қазіргі уақыттағы қаржы пирамидалары (инвестициялық пирамидалар) қатысушылардың табыс табуының жалғыз әдісін пайдаланып келеді, ол – пирамиданың жаңа мүшелерінің ақшалай қаражатын тарту. Табысқа қол жеткізудің мұндай қағидаты қаржы пирамидасы мен нақты қаржы жобасының арасындағы түбегейлі ерекшелікті көрсетеді. Пирамиданың алғашқы қатысушыларына дивидендтер кейінгі қатысушылардың салымдары есебінен төленеді. Әдетте барынша сендіру үшін пирамидалар жалған құжаттарды, күмәнді цифрлық есептер, диаграммалар мен схемаларды пайдаланады, сондай-ақ алдау немесе қомақты табыс табатыны туралы уәде беру арқылы жарнама ретінде қоғамда белгілі адамды тартады.
Қазіргі уақытта алаяқтар мен қаржы пирамидаларын ұйымдастырушылардың жетік білімі бар, олар ІТ-технологиялар бойынша білікті мамандар, адамдардың эмоцияларымен айла-шарғы жасай алатын жақсы психологтар мен сөзге шешен адамдар болып табылады. Бүгінгі күні қаржы пирамидаларын құруда әлеуметтік желілер мен мессенджерлер маңызды рөл атқарады.
Бірақ аталған компаниялардың қызметін желілік маркетингпен шатастырмау керек. Желілік маркетингте де тартылған адамдар үшін белгілі бір пайыздар төлейді, бірақ оның негізінде өнім болады, соны сатқаны үшін дистрибьютерлік желінің қатысушылары нақты табыс табады, ал қаржы пирамидасының негізін салымшылардың ақшасы құрайды.
Қазақстандағы қаржы пирамидаларының кеңінен тараған схемалары
Букмекерлік кеңселер арқылы қойылатын ставкалар: бұл белгілі бір оқиғалардың, көбінесе спорттық ойындардың нәтижелеріне, оның ішінде онлайн режимінде қойылатын ставкаларды қабылдайтын ұйымдар. Олар ойындардың аяқталу ықтималдығын бағалайды және әрбір ықтимал нәтижеге өз коэффициенттерін қояды. Бұл ұйымдардың қызметі «Ойын бизнесі туралы» ҚР Заңымен реттеледі.
Заманауи қаржы пирамидалары букмекерлік кеңселердің атын бүркемеленулері мүмкін, олар клиенттерді «міндетті түрде» жеңіске жеткізетін ставкалар қоюға шақырады. Егер ресми букмекерде өз қызметін жүзеге асыруға үнемі лицензиясы болып, ставкаларды жүзеге асыру кезінде ставкаларды растау туралы кассалық немесе электрондық чек және купон беретін болса, алаяқ ұйымдардың ресми лицензиясы болмайды және олар көп жағдайда мессенджерлер арқылы «жалған» чектер жібереді.
Қаржы пирамидасын ұйымдастырушылар сонымен қатар әртүрлі «серіктестік бағдарламаларды» пайдаланады, олар бағдарламаға қатысушыларға спорттық іс-шаралардың нәтижелерінен емес, нақты сіз ертіп әкеліп, ставка жасаған адамдардың санына байланысты жоғары кіріс көзін ұсынады. Мәселен, сіз белгілі бір соманы салуыңыз және олар үшін белгілі бір дивидендтер алатын кем дегенде екі белсенді клиентті қосымша тартуыңыз қажет. Нәтижесінде пирамида жаңа «инвесторлардың» ақшасы есебінен белсенді дами түседі.
Инвестициялар және күмәнді жобалар: бұл 2024 жылдағы пирамиданың өзекті түрі. Оның схемасы мынадай – Желіде олар сізге жоғары кірісті онлайн-жобаға инвестиция салуды ұсынады. Оның жай схемадан айырмашылығы – сізге жаңа қатысушыларды тарту міндет емес. Сізге тек белгілі бір соманы салуды сұрайды және жоба іске қосылғаннан кейін аса жоғары кіріске кенелуге уәде береді. Алайда, мұндай пирамиданы ұйымдастырушылар қомақты сома жинағаннан кейін жобаларын жабады да жоғалып кетеді. Біраз уақыт өткеннен кейін көпшілікке жаңа жобаны жарнамалауды бастайды және аталған схема қайталана береді.
Қаржы пирамидалары жұмыс істеуінің бес сатысы
I-кезең – пайда болу (құру) сатысы. Мынадай белгілерін атап өтеміз:
II-кезең – өркендеу сатысы. Пирамида үшін мыналар тән:
III кезең – маңызды кезең. Мұнда:
IV кезең – қаржы пирамидасын бұзу.
V кезең – қаржы пирамидасының жандануы (ребрендингі).
Аталған белгілердің кәсіпкерлік қызмет үшін де тән болуы мүмкін екенін атап өткен жөн. Осыған байланысты қаржы пирамидасының барлық белгілері негізгі және қосымша болып жіктеледі. Негізгі белгілері ретінде қаржы пирамидасын айқындайтын маңызды сипаттарды түсінеміз, оларсыз схеманы осы ұйым түріне жатқызу күмән тудырады. Қосымша белгілері ретінде қаржы пирамидасына және кәсіпкерлік қызметке, оның ішінде қаржы нарығында тән болатын сипаттарды түсінеміз. Бұл сипаттары қаржы пирамидасының белгілерінің бар екендігі туралы белгі беруі мүмкін, бірақ бір жақты қаржы пирамидасы ретінде түсіндіріле алмайды.
Қаржы пирамидасын құрғаны үшін ҚР ҚК 217-бабы бойынша мүлікті тәркілеумен 12 жылға дейін бас бостандығынан айыруға, сондай-ақ белгілі бір лауазымдар бойынша қызмет ету немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыруға дейінгі қылмыстық жауаптылық көзделгенін еске саламыз.
Сізді қаржы пирамидасына тартқан жағдайда, абай болыңыз. Оны мына белгілері арқылы танып-білуге болады:
Өзіңізді, өз ақшаңызды сақтаңыз және Fingramota.kz-пен бірге қаржылық сауаттылығыңызды арттырыңыз!
Балаларға арналған қаржылық сауаттылық жөніндегі арнайы жобаны іске қосу туралы
Бағалы қағаздарға инвестициялардың артықшылықтары және тәуекелдер
Сақтандыру не үшін қажет және сақтандыруда қандай тәуекелдер болуы мүмкін?
Жеке сот орындаушылары "қол сұғылмайтын" банк шотын бұғаттауға құқылы ма?
«Қол сұғылмайтын» шот туралы алты факт
Жинақ күні: ақша жинауды және қаржылық мақсаттарға жетуді қалай үйренуге болады