2022 жылғы 9 қарашада «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-тың IPO-на қатысу үшін өтінімдерді қабылдау басталады. Институционалдық инвесторлар 2022 жылғы 30 қарашаға дейін, ал бөлшек инвесторлар 2022 жылғы 2 желтоқсанға дейін өтінім бере алады.
«ҚазМұнайГаздың» шығарылған және орналастырылған акцияларының 90,42%-ы тиесілі «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ сатуға қағаздардың жалпы көлемінің 5%-на дейін немесе шамамен 30 505 974 жай акцияны ұсынуға ниетті. Қордың ақпараты бойынша, IPO өткізу кезінде мұнай және газ өндіру операторының жай акциясының бағасы 8 406 теңгені құрайды.
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ компаниясының тең иесі бола алатын және одан ақша таба алатын жеке тұлғалар – бөлшек инвесторларға басымдық берілетін болады. Дивидендтік кіріс алу үшін инвестор акцияларды сатып алып, оларды өз портфелінде ұстауға тиіс.
Бағалы қағаздарды қалай сатып алуға болады?
Азаматтар акцияларды шығарған компаниядан оларды тікелей сатып ала алмайды. Ол үшін ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің лицензиясы бар инвестициялық делдалдарға, мысалы, брокерлер мен дилерлерге жүгіну қажет.
Брокерлердің тізімімен қаржы реттеушісінің www.gov.kz сайтында танысуға болады. Агенттіктің интернет-ресурсында көрсетілген инвестициялық делдалдың деректемелері брокердің лицензиясындағы деректемелермен сәйкес келуге тиіс екеніне назар аударыңыз.
Егер сіз бағалы қағаздарды тұрақты түрде сатып алу/сату бойынша одан әрі операцияларды жүзеге асырғыңыз келсе, қор нарығы бойынша талдамалық материалдарды да алғыңыз келсе, онда брокерлерге хабарласыңыз. Көптеген брокерлер қызметтерін өз клиенттеріне веб-сайттар және/немесе мобильді қосымшалар арқылы ұсынады. Бірақ брокермен шартқа қол қоймас бұрын, кейбір жағдайларды зерттеп алыңыз – ол туралы мына жерден оқыңыз. Брокер туралы басқа клиенттердің пікірлерін, БАҚ пен интернеттегі өзге де жарияланымдарды да зерделеу қажет.
Азаматтарға ыңғайлы болу үшін кейбір қаржы ұйымдары биржадағы компаниялардың акцияларын өздерінің мобильді қосымшалары арқылы, шот ашып, оны толтыру, қағаздарды сатып алу-сату, соманы өз шоттарының арасында конвертациялау және басқа да мүмкіндіктермен сатып алуды ұсынады.
Акцияларды сатып алудың тағы бір тәсілі «Астана» халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) Tabys мобильді қосымшасының «Тікелей жазылу» бөлімі болып табылады, ол акцияларды бірден сатуды жоспарламағандарға немесе брокерлік шотты кейін ашқысы келетіндерге арналған. Акцияларды кейіннен сату үшін брокерде шот ашу қажет болады. Тікелей жазылу шеңберінде клиенттің шоты АХҚО-ның Орталық депозитарийінде (AIX CSD) ашылады.
Интернеті үнемі бола бермейтін, еліміздің шалғай өңірлерде тұратын инвесторлар «Қазпошта» АҚ-қа жүгіне алады. Пошта операторы қаржы реттеушісінің тиісті лицензиясы негізінде мынадай:
«Стоп-кредит»: ол қалай жұмыс істейді және алаяқтардан қорғай алады ма
Жинақтауға арналған сақтандыру – оны қалай пайдалануға болады
Zakon.kz порталы Интернет және қаржылық алаяқтыққа қарсы іс-қимыл бойынша конференцияны ұйымдастырды...
Қаржылық сауаттылықты арттыру жөніндегі сараптамалық кеңес құрылды
Жеке сот орындаушылары "қол сұғылмайтын" банк шотын бұғаттауға құқылы ма?
«Қол сұғылмайтын» шот туралы алты факт