Қаржымызды басқара білу өміріміздің ажырамас бөлігі болып табылады. Балаларымызға ақшаға деген дұрыс қатынасты неғұрлым ерте үйретсек, соғұрлым оларды бюджетін және шығындарын дұрыс өз бетінше жоспарлай білуге тезірек тәрбиелейміз.
Ата-аналардың балаларын қаржылық сауаттылықтың негіздеріне үйретуінің негізгі сегіз ережесі:
№ 1 ереже. Үлгі болыңыз. Басты кеңес – сіз қаржылық тұрғыдан сауатты болыңыз. Егер өзіңізде бюджетті жоспарлаудың қарапайым дағдылары болмаса, балаларыңыздың ұзақ мерзімді жоспарлаудың не екенін түсінуі қиындау болады.
№ 2 ереже. Ақша жайында ойын түрінде айтып беріңіз. Ойын – бұл уақыт өткізу әрі оқыту.
№3 ереже. Балаңызды ақша жинап жүргені үшін көтермелеп қойыңыз. Бала таңдау жасай білуі қажет – қажет емес, нақ сол кезде қалаған нәрсесін алған дұрыс па не маңызды әрі бағалы зат алғаны дұрыс па?
№4 ереже. Қалтапұл беріп тұрыңыз . Үйренудің ең жақсы тәсілі – тәжірибе. Қалтапұл – қаржылық сауаттылықты үйретудің үздік тәсілі. Мынадай ережелерді белгілеп алған маңызды: тек қана айтылған соманы және белгілі кезеңде беру (аптаның кез келген күнін таңдайсыз).
№ 5 ереже. Балалардың өз бетімен сауда жасауына сеніңіз. Бала белгілі бір сома жинаған кезде, мысалы ойыншыққа делік, оған өз бетімен ойыншықты таңдап, оның ақысын төлеуге мүмкіндік беріңіз.
№ 6 ереже. Өз бюджетіңізді басқаруды үйретіңіз. Балаға сіз берген ақша немесе туыстары туған күніне сыйға берген ақша – толығымен өзінікі екенін түсіндіріп айтыңыз. Демек, кез келген шешім үшін бала өзі жауапты болады.
№ 7 ереже. Баланың қателесу құқығын сыйлаңыз. Балаңыздың заттарға, соның ішінде ақша мәселесіне келгенде көзқарасы сіздің көзқарасыңыздан ерекше болуы мүмкін.
№ 8 ереже. Қосымша табыс нұсқаларын ұсыныңыз. Жұмысты бірден белгілеп, соманы анықтаған дұрыс.
Толығырақ мына бөлімнен оқыңыздар
Цифрлық гигиена дегеніміз не?
Спеарфишинг: алаяқтардың аңдығаны кімдер?
Еурохаттама – бір жылдағы жұмыс нәтижелері
Кредит берушімен байланыста болу – проблемалық берешекті қалай реттеуге болады
Салықтық шегерімдер дегеніміз не және оның көмегімен қалай үнемдеуге болады?
Жеке сот орындаушылары "қол сұғылмайтын" банк шотын бұғаттауға құқылы ма?