« Касперский зертханасы ның» таяуда өткізген зерттеу іне сәйкес, балалар ересектердің цифрлық әдеттерін жиі қайталайды , ал ата-аналардың көпшілігі үшін өз балаларына н талап ететін қағидаларды өздері сақтау лары қиынға соғады .
Fingramota . kz ол арды іс жүзінде қолдана отырып, бүкіл отбасы үшін пайдалы цифрлық әдеттерді қалыптастыруға мүмкіндік беретін киберқауіпсіздік шараларын еске салады.
Дүние жүзі бойынша 11 мыңнан астам респондент қатысқан зерттеу көрсеткендей, балалар өмірдің барлық салаларында, соның ішінде цифрлық саланы қоса алғанда, ересектердің мінез-құлқын көшіруге бейім болады екен. Сол себепті оларға дұрыс үлгі көрсете білу қажет.
Цифрлық әлемде ұдайы орындап отыруды талап ететін өзіндік гигиена қағидалары бар. Тек оларды бұлжытпай орындаған жағдайда ғана олар сіздің киберкеңістігіңізді қорғауға көмектеседі, ал егер сіз оларға немқұрайлықпен қарасаңыз, қаржылық алаяқтардың тұзағына түсіңіз әбден ықтимал.
Киберқауіпсіздік талаптарына жататын қарапайым заттар
№1 Қағида. Ешқашан және ешкімге, әсіресе, бейтаныс адамдарға, өзіңіздің жеке басыңызды куәландыратын құжаттың көшірмесін жібермеңіз, картаның толық деректемелерін, әсіресе, артқы жағындағы үш таңбалы кодты, SMS-пен келетін кодты және өзге де жеке ақпаратты айтпаңыз. Күмәнді сілтемелер бойынша өтпеңіз, белгісіз дереккөздерден лицензияланбаған қосымшаларды жүктемеңіз.
№2 Қағида. Өзініңіздің цифрлық кеңістігіңізде кезеңмен «толық тазалау» жүргізіп отыруды әдетке айналдырыңыз, антивирусты пайдаланыңыз
№3 Қағида. Күрделі және әртүрлі парольдерді қолданыңыз
№4 Қағида. Авторизациялаудан өтпеген дүкендердің қосымшаларын телефоныңызға жүктемеңіз және құпиялылық талаптарын мұқият бақылап отырыңыз
№5 Қағида. Файлдардың сақтық көшірмесін жасауды ұмытпаңыз
Сыртқы USB-тасымалдағышқа маңызды файлдардың сақтық көшірмесін үнемі жасап отырыңыз. Бұл опция теңшеулер конфигурациясын, барлық қосымшалар мен жеке ақпаратты сақтау үшін жасалған. Мұндай функция жоғалған құрылғыдан деректерді қалпына келтіруге және гаджет жоғалған немесе бұзылған жағдайда оны жаңасына көшіруге көмектеседі.
Толығырақ « Абайлаңыз, алаяқтар» бөлімінен оқыңыздар
Фишингтік сайттарды қалайша тануға болады: негізгі проблемалары және пайдалы ұсынымдар
Жылдам, ыңғайлы және пайдалы: неліктен автокөлік иелері Еурохаттамаға назар аударуы керек
Жаңадан бастағандарға арналған инвестициялық қосымша қалай жұмыс істейді?
Жеке сот орындаушылары "қол сұғылмайтын" банк шотын бұғаттауға құқылы ма?
Криптовалюта дегеніміз не және ол қайда пайдаланылады?
Бейтаныс нөмірлерден спам-қоңыраулар: оларды қалай болдырмауға болады