Ұлттық Банктің Антифрод орталығы,н Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі, ҚР ІІМ Киберқылмыспен күрес департаменті және банктер қаржылық алаяқтыққа қарсы іс-қимыл бойынша студенттерге арналған оқыту циклін бастайды. Семинарлардың негізгі мақсаты – жас ұрпақтың бойында қаржылық алаяқтықтың ең көп таралған түрлері туралы білімді қалыптастыру, қауіпті жағдайларды тануға үйрету және нақты және цифрлық ортада қауіпсіз іс-қимыл дағдыларын дамыту, сол арқылы ақшаны, жеке деректерді жоғалту тәуекелдерінің және ауыр құқық бұзушылықтардың алдын алу.
Семинарлар 11 қыркүйекте Астанада Қазақ ұлттық хореография академиясында және Esil University-де өтеді. Антифрод орталық, ҚНРДА, киберполиция мамандары алаяқтық схемалары туралы нақты мысалдар келтіре отырып, вишинг (телефон алаяқтығы), дропперлік, жалған инвестициялау, жалған дүкендер, әлеуметтік желілердегі алаяқтық, фишингтік сілтемелер/сайттар туралы айтып береді.
Бас прокуратураның мәліметінше, 2024 жылы 128 дроппер жауапқа тартылып, 59 алаяқтық топ әшкереленді. Өткен жылы 800 талап-арыз бойынша сот арқылы 1 млрд теңгеден астам қаражат өндірілді.
Сондай-ақ, Қаржылық мониторинг агенттігінің ақпараты бойынша, 2024 жылы ақшаны жылыстату үшін пайдаланылған 6200 дроп-карта анықталды, олар бойынша жиынтық айналым – 24 млрд теңгені құрады. Интернет-банкингке қол жеткізу үшін бөгде тұлғаларға ресімделген SIM-карталар қолданылды.
Ағымдағы жылғы 16 қыркүйеқтен бастап Қазақстанда дропперлік схемаларға қатысқаны үшін қылмыстық жауаптылық көзделген.
Семинарлар барысында Fingramota.kz жобасы қатысушыларға қаржылық қауіпсіздік қағидалары туралы ғана емес, қаржы өнімдерін сауатты пайдалану, жеке бюджетті жинақтау және бақылау дағдыларын қалыптастыру туралы да түсінік береді.
Семинарлар Елордада басталып, ағымдағы жылдың соңына дейін еліміздің барлық университеттерінде тегін негізде өтеді.
Адамның цифрлық ізі: желіге әрбір кірген сайын не қалады
Отбасы және ақша: ортақ қаржылық жоспарды қалай құруға болады
Зейнетақы жинақтары: басқарушы компанияны қалай таңдау керек
Инвесторға салық декларациясын қалай тапсыруға болады: қадамдық нұсқаулық
Автосақтандыру: 2026 жылдан бастап жүргізушілер үшін не өзгереді
Депозит: салымды қалай таңдау, жинақтарды қалай қорғау керек және кірісті жоғалтып алмау үшін не іст...
Қарызды өтеудің ыңғайлы тәсілі: төлем кестесін есептеу, өтініштер беру және құжаттарға қол қою
Finkelisim жаңа платформасы несие берешегін реттеу ережелерін қалай өзгертеді