ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің қаржылық сауаттылық жөніндегі арнайы қосымшасы шеңберінде «Асан мен Үсеннің басынан кешкендері немесе ақша туралы хикая» атты балаларға арналған қаржылық қосымшаның екінші шығарылымы шықты .
Бұл шығарылымда біздің басты кейіпкерлеріміз Асан мен Үсен бюджетті жоспарлау негіздерін үйренеді, «кірістер» мен «шығындар» дегеннің не екенін біледі, қалтадағы ақшаны дұрыс бөлуді және қаржыға дұрыс көзқарасты қалыптастыруды үйренеді.
Шығарылымда «Отбасылық бюджетті қалай үнемдеуге болады?» оқыту комиксі, «Ақша сөмкесі» ойыны, қаржылық сөздік және «Сұрақ-жауап» тесті бар, бұл жас оқырмандарға өткен материалды бекітуге мүмкіндік береді.
Басты кейіпкерлер – қарапайым қалада тұратын сегіз жасар егіздер Асан мен Үсен екендігін еске саламыз. Бет-әлпеті ұқсас болғанмен, мінездері әр түрлі. Үсен – әрбір іс-әрекеті салмақты мұқият бала, ал Асан – алдымен жасап, одан кейін ойланатын бала, соның салдарынан ол әр түрлі қиын жағдайларға тап болады. Олардың үлкен әпкесі Анель мен ата-анасы да қиын жағдайға ұшырайтыны содан.
Балаларға арналған қаржылық қосымшалар ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің «Дружные ребята» және «Ұлан» республикалық газеттерінде қаржылық сауаттылық жөніндегі арнайы қосымшасы шеңберінде шығатынын еске саламыз. Ол бастауыш және орта мектеп жасындағы балаларға арналған.
Толығырақ «Балаларға арналған қосымшалар» бөлімінде оқыңыздар
Балалардың цифрлық қауіпсіздігі: киберқылмыскерлерден оларды қалай қорғауға болады
Несие тарихына не әсер етеді және оны қалай жақсартуға болады
Қаржылық инклюзияны дамыту – реттеушінің негізгі басымдықтарының бірі
«Ақшамды жоғалтып аламын ба деп қорқамын »: байланыссыз төлемдер қауіпсіз бе?
Жеке сот орындаушылары "қол сұғылмайтын" банк шотын бұғаттауға құқылы ма?
Зейнеткерлерге ескерту: алаяқтардың телефон арқылы ойлап тапқан жаңа схемалары